Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес. Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет. Жұмыстың мақсаты: Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау. Жұмыстың міндеттері: – етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу; – эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру; – көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу. ....
Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория. Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде. Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт. Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады. Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады. Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды: ....
Кіріспе Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз — қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды. Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері — әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу — тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта — мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.....
Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен, ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар. Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар аудару қажет сияқты. “Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” /28/. М. Горький ....
К І Р І С П Е Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс. Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді. Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады. Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған. Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
Кіріспе Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді. Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған. Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық. Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы. Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады. Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету. Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер жүктелді: – түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды - семантикалы сабақтастықты анықтау; – сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету; – сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау; – синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау; – түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау; – аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету. Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан, тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ, қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің « Қытай тілінің лексикасы» атты еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С « Сөзжасам» еңбегінен сөзжасам процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ, ал, Семенас Л,А «Қытай тілінің лексиколгиясы», Хаматова А:А «Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы» еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай үлес қосты.....
Қазақ тілі – бай тіл. Жеріміз қандай бай болса, тіліміз де соғұрлым бай болмақ, әрине. Бабалар тарихына зер сала отырып, ата-бабаларымыздың басынан кешкен сұрапыл кезеңдер ой елегінен өтеді. Найзаның ұшы айқасқа түскен әрбір шайқас артында өшпес із қалдырғандай. Оны біз күнделікті қайталап, есімізге алып отырған сияқтымыз, дегенмен өзіміз онымызды байқамаймыз да. Өйткені тіліміз жаттығып, жанымыз үйреніп кеткен. .....
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. .....
Еркелету тек ер мен әйелдің арасында ғана емес, ата-ана мен баланың, жалпы үлкен -кіші арасында болатынын да ескеріп өткім келді. Сонымен, қазақтар балаларын қалай еркелетеді? Қазақтар сый-құрметті үлкендерге алғашқы буынға -еке, -аға, -ке, -а, сияқты жалғаулар қосу арқылы: Мәке, Сәке, Тәке, Бәке, Нұраға, Мұқа, Бауке – деп білдіретінін белгілі. Бірақ, кішілерге сүйіспеншілікті, жылылық пен мейірімді қалай жеткізген? Осыған жауапты, аталарымыздың малшылық пен аңшылық кәсібінен іздеп, қазағымның қазіргі еркелету сөздеріне қатты әсер екетенін байқауға болады. Ботам, ботақаным.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Тұңғыш қазақстандық «NOMADS» браузерлік рөлдік ойыны тарихи деректерге сүйеніп жасалды. Ойында халқымыздың бірнеше тарихи тұлғаларының бейнесі қамтылған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифигінде.....