1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)

Менің Отаным – Қазақстан. Мен осы елдің азаматымын деп мақтаныш сезіммен айта аламын. Өйткені, менің желбіреген көк Туым бар, бойыма қуат күшін беретін Әнұраным бар, аты жаһанға танымал Елбасым бар! Жетпіс жылдан астам Кеңестер Одағының құрамында болып, өз бұйдамыз өзгенің қолында болса, бүгінде Тәуелсіз елдің тумасымын, егемен елдің ұланымын. Біздің еліміз – жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы жарасып отырған .......
Шығармалар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)

Абзал Еркежан
8 сынып, №3 орта мектебі Іле ауданы,
Жетіген ауылы Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.


Президент... Бұл тіпті мыңнан бір адамға берілмейтін лауазым. Президент болу-мыңнан бір адамның қолынан келмейтін міндет. Мен қазақ жерінде, қазақ даласында өмір сүріп жатырмын. Қазақ патриотымын! Қазақстан мемлекетін көркейтуге үлес қосатын 17 млн-ның бірімін. Елімнің жері-менің жерім, елімнің Отаны-менің Отаным, елімнің Президенті-менің Президентім!

Қазақстан мемлекетінің Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы ғана емес, дүниежүзі таниды. Алты жасар баладан алпыс жасар қартқа дейін қадір тұтып, құрметтеп, әрқашан да тек қана жақсылығын айтады. "Барлығына бірдей жағу мүмкін емес" болса, Нұрсұлтан Назарбаев........
Шығармалар
Толық

Елбасының жанындағы ұрылар туралы ашып айтқан Айсұлтан Назарбаев туралы не білеміз?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Айсұлтан немересі елдегі маңызды оқиғалар, елбасының жұмысы мен жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктерге қатысты өз пікірін білдіріп, ел назарына ілікті. Айсұлтан халыққа несімен танымал және 26 жастағы жігіттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін қандай? NUR.KZ порталы осы туралы толығырақ ақпарат ұсынады.
Жаңалықтар
Толық

Бақыт Сұлтанов Тұрлыханұлы (1971 жылы 29 қараша)

Өмірбаяны
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада Алматыда дүниеге келген.
Білімі
1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.
Отбасы
Үйленген, әйелі – Регина Фандесовна Сұлтанова. Анель есімді қызы мен Данияр және Әмірлан есімді ұлдары бар.
Еңбек өтілі
Еңбек жолын 1994 жылы қаржы министрлігінде қаржы нарығының құнды қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады;
1995 жылы бөлім басшысы, 1996 жылы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды;
1997 жылы – бюджет департаменті директорының орынбасары;....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Фархат Әбдірайымов Нұрсұлтанұлы (1966 жылы 21 қаңтар)

Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов - Қазақстандық актер.
Өмірбаяны
1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ.
Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог.
1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры.
1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері.
Жеке өмірі
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан).
Діни көзқарасы - мұсылман.
Хоббиі - бильярд, суда жүзу. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Құдайберген Сұлтанбаев Тәуекелұлы (1947 - 2010)

Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев (1947 жылы Қызылорда облысының Арал ауданы - 2010 жыл) - актер, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі.
Өнердегі жолын 1970 жылы Гүлдер (ансамбль)нде жарық берушіліктен бастаған ол сан қырлы талантымен халықтың сүйікті актеріне айналды. Жас кезінде ауыр атлетикамен, акробатикамен айналысқан.
1974-1992 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының актерлік мамандығын, Абай атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет етті. Қара шаңырақ сахнада: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жарас, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Майсалбек, «Ғасырдан ұзақ күнінде» Сәбитжан, Оралхан Бөкеевтің «Құлыным меніңінде» Гитарашы жігіт, Асқар Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамазында» Собес, Әбжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен терінде» Тілмаш, Дулат Исабековтің «Әпкесінде» Тимур, Уильям Шекспирдің «Гамлетінде» актер, «Ричард Ш»-де Епископ, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» режиссер көмекшісі, Николай Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам, тағы да басқа көптеген толымды бейне сомдады. Актердің соңғы сәтті жаңа жұмысы премьерасы жуырда ғана өткен Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлік» спектакліндегі Әкім бейнесі еді. Оның бұл бейнелері қазақ театр тарихынан өзіне лайықты орнын алары анық. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Данагүл Темірсұлтанова Қайырсапқызы (1964 жылы 9 мамыр)

Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова (1964 жылы 9 мамырда БҚО Казталов ауданында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Республика жұртшылығына "Тамаша" әзіл-сқақ театрынан кеңінен танылған дарынды артист.
Данагүл Қайырсапқызы 1964 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген.
1983 - 1987 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының "театр" бөлімін КСРО Халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі Тілектес Мейрамовтың сыныбын бітірген.
1987 жылы жолдамамен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамыа алынады. Сол жылдан бастап оыс қара шаңырақта еңбек етіп келеді.
1989 жылы "Тамаша" әзіл-сқақ театрына Лұқпан Есеновтың шақыртумен келеді. Осы кезден бастап республика жұртшылығына кеңінен таныла бастайды. ...
Өмірбаяндар (биография)
Толық