Мамырсүйген

Сәуле шашқан, алаулаған шырайлы,

Мамырсүйген деп атайық бұл айды,

Себебі, бір жамандықтан аулақ боп,

Бір жақсылық болатұғын сыңайлы.

 

Сирень өскен бақшаларға бір барып,

Іңкәрдария сезімінде ырғалып,

Жүрейікші, кеудеге...

Өлеңдер
Толық

Сүйген жан!

Мен өмірімнің 7 жылын тек бір адамға ғана арнадым.Суйіспеншілігіміз студенттік өмірден басталды, басында адамгершілігі үшін ұнататынмын.Достық пейілі мен адамдық қасиетіне ғашық болдым десем болар.Уақыт өте келе сезімін білдіргесін достығымыз үлкен махаббатқа ұласты. Қасымдағы жаннын өзімді қаншалықты сүйетініне көзім жетті. Қолынан келгенше қолдап, мені биік шыңдардан көруге бар көмегін аямады. Бақытты сәттердің,пәк сезімнің айнасына сызат түсті. Алғашқыда артық мінезін көрмеп едім кейіннен қызғаныш деген қызыл иттің арбауына түстіме, бәлкім ойына не бір жаман нәрселер келдіме қатты қызғанатынды шығарды. Алғашқыда мән бермедім, тіпті ұнайтында мені солай қызғанғаны.

Кейіннен бұл дерттің тереңге кетіп бара жатқанын түсіндім. Тағы бір оқу оқыдым. Ондағы топтастарымнан қызғанып, кей кездері құрбыларыммен бір отырыс былай тұрсын кездесуден қалдым. Қыдыру жайына қалды аяғыма мүлдем тұсау түсті. Аяғымды аттап бастым бітті біз үшін сол күн не қатты айқай шумен бітеді, не менім жүрегімді жаралайтын ауыр сөздермен болмаса істермен бітетін......
Махаббат хикаялары
Толық

Халқын сүйген Абай

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!


Шынында да Абай ақын қазақ үшін жаратылған ерекше тұлға. Ол өз заманының талай надан, бәлеқор, пайдақор адамдарымен жалғыз өзі күресті, қарсы тұра білді.Оларға өмірдің қайнар көзі – білімде, өнерде екенін ұқтырды және де болашақ ұрпақтары біздерге өшпес мәңгі мол мұралар: өлеңдері, қара сөздері, поэмалары,түрлі тақырыптағы шығармаларын қалдырып кетті. Абай- мәңгі ғасырлық тарихи тұлға. Ұлы Абай өз қоғамындағы адамдармен күресіп жүріп, ішкі ой-толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп жүрді. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы болып қалды. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дарып, әр балаға рухани азық сыйлап келеді.......
Эсселер
Толық

Отанын сүйген отқа жанбайды

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста елім деп еміренген есіл ерлер, елдің ертеңі үшін жан аямай күресті. Басқа шауып төске өрлеген басқыншылардың меселін қайтарды. Бүгінде 130-дан астам ұлтпен ынтымағымыз жарасып, бейбітшілік бесігінде тербелуіміз біз үшін қанын да, жанын да салып соғысқан ержүрек аталарымыз бен қайсар аналарымыздың арқасы. Ендеше солардың ерліктерін ұмытпай, кейінгіге ұлықтау біздің басты борышымыз! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 19411945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды? Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды.......
Шығармалар
Толық

Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін бастаған Елбасы)

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент)

Тақырыбы: «Елін сүйген Президент»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Елін сүйген, елі сүйген Елбасы)

Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелеп отырмыз. Өткен 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен....
Шығармалар
Толық