Білектесу. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі .....
Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек?
НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!..
Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін. ......
Қазiргi жағдайда Қазақстан Республикасындағы жүрiп жатқан экономикалық өзгерiстер, нарықтық қатынастың дамуы, жаңа туындаған құқықтық қатынастарды реттейтiн заңдардың қалыптасуы азаматтық сот iсiн жүргiзуде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуына прокурорлық қадағалау жұмысын күшейтудi талап етедi. Осыған байланысты прокуратураның ролi елеулi түрде өсуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетiлгендей, прокуратура мемлекет атынан республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады. Осы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдарының құқықтар мен мiндеттер жүктелген. Сол құқығының бiрi сотта қаралып жатқан азаматтық iстерге қатысуы. Бұл прокуратура органдарының қызметiнiң бiр бағыты ғана. Прокуратура органдары азаматтық iс жүргiзiудiң барлық сатыларына қатыса алады. Оның соттағы азаматтық iс жүргiзуде қатысуына басты себептердiң бiрi болып азаматтың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, сондай-ақ сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу бiрнеше сатыдан тұратынын бiлемiз. Бұл сатылардың барлығы азаматтық iс жүргiзуде алатын орындары ерекше және әрқайсысы өзiнше маңыздылығымен ерекшеленедi. Осы жалпы азаматтық iс жүргiзуге прокурордың қатысуы менiң бiтiру жұмысының зерттеу объектiсi. Азаматтық iс жүргiзуге қатысатын прокурордың процессуалдық жағдайы қандай? Бұл сұрақ бұрыннан берi процесуаллист ғалымдардың арасында пiкiр талас тудырып келе жатқан мәселелердiң бiрi. Прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы ретiнде оның процессуалдық жағдайы қандай екендiгi, басқа қатысушылардан айырмашылығы қандай, оның азаматтық iс жүргiзудегi қатысу ерекшелiктерi, iске қатысу нысаны менiң осы жұмысымда зерттелiп қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі. Прокуратура органдарының қызметі кез келген саладағы заңдылықтың сақталуын қадаалау болып табылады. Сол себепті прокуратура органдарының қызметін жетілдіру жалпы заңдылықтың сақталуын дамытуға, құқық қолдану процесін барынша тиімді етіп ұйымдастыруға көмектеседі. Жұмыс барысында прокурордың заңдылықты қадағалау мақсатында азаматтық іс жүргізуге өз бастамасымен немесе тараптардың иалап етуі бойынша қатысуыныңы өзара айырмашылықтары, ерекшеліктер және ұқсастықтары қарастырылған. Сондай-ақ, прокрордың ІІ сатыда, апелляциялық негізде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс қарауға қатысудың құқықтық қажеттілігі, негіздері, іс бойынша шешім шығаруға тигізетін әсері баяндалған. ....
✅ Аяқтан өткен сызды дер кезінде емдеу керек Қыс мезгілі былай тұрсын, жаз мезгілінде далада қапырық, қырық градус ыстық кезде аяғы мұздап, терлеп жүретіндер сіздердің де араларыңызда бар шығар. Жанына батып ауыртпаған соң тексерілуді құнттамайды. Жә, жарайды. Ол кезде аяғыңыз мұздаса да бойыңыз жылы жүреді емес пе?!
✅Ал қыс мезгілінде аяғыңыздан суық өткізіп алудан сақтаныңыз. Өйткені аяқтан өткен сыз басыңыздан бір-ақ шығады. Мұрныңыз пысылдап, көзіңіз жасаурап, жөтеліп, түшкіріп шыға келесіз. Әсіресе, қысы ылғалды болатын Шымкент жұртшылығына өте таныс жағдай болса керек. Қар жауып тұрғанымен, аяғыңызбен су кешіп жүресіз. Бұл енді табиғаттың құбылысы. Ал біз өз жағдайымызды ойлайық.......
Қолды жуу, макияждарды кетіру, жемістерді сүрту, жарақатты тазалау, әйнектер мен айналарды жылтыратып қою, үйді шаңнан тазарту... Аталғандарды бір-бірімен байланыстыратын не болуы мүмкін? Әрине, барлығын да сулықтардың көмегімен жасауға болады. Сулықтардың адамзат тұрмысында пайда болғандығына көп уақыттың жүзі болмаса да, бүгінде кең таралып, көпшіліктің қажетіне жарап жатыр. Тек қана аруларымызды емес, ержүрек бекзадаларымыздың өзін сулықтарсыз елестету қиын.
Испания ханшайымы Изабела Кастильская өмірінде екі-ақ рет: алғашқысы – туылғанда, екіншісі - үйлену тойы күні шомылғандығын мойындаған. Егер де сулықтар сонау ХV ғасырларда пайда болса, ханшайымның бұл әрекетіне таң қалмаған болар едік. ......
Кока-Коланың қандай құпиясы бар? Естімеген елде көп демекші, бұл сусын туралы әлі де білеріміз көп екен. Бұған дейін оның адам денсаулығына зиян екендігі туралы ғана айтылған болатын. Сондықтан біз оны күнделікті тұрмыста қалай пайдалануға болатындығы туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік.
✅ 1. Егер кәстрөлді күйдіріп алған болсаңыз, ішіне Кока-Кола құйып қайнатыңыз. Кәстрөліңіз көз алдыңызда жаңарады.
✅ 2. Кез келген суретті ескі етіп көрсетуге болады. Ол үшін суретті Кока-Колаға аз ғана батырып, кептіру қажет. Бірақ суретті толықтай суландырмаған жөн, әйтпесе құртылады. ......
Жапониялықтар жейтін тағамдардың денсаулыққа пайдасы мол. Мемлекетте картоп пен бидай егетін жер аз болғандықтан, көкөністерді аз тұтынады. Мұнымен қатар, мемлекет халқының көп бөлігі будда дінін ұстанады. Дін ережелеріне сәйкес жануарлар мен төрт түлік малдың етін жемеуге тырысады. Олардың орнына балық, теңіз өнімдерін, күрішті көбірек жейді. Осының арқасында ұзақ өмір сүріп, дене бітімдері мінсіз болады.
Сушиді теңіз өнімдерінен, күріштен және балықтан әзірлейді. Оның қанша түрі бар екенін нақты айту қиын. Солардың бірі — макидзуси. Біз оны «ролл» деп атаймыз. Дәстүрлі суши бір түйір күріштен, шикі балық пен соя тұздығынан әзірленеді. ......
1.1 Сыртқы экономикалық қызметті кедендік-тарифтік реттеу құралдары Мемлекет көздейтін мақсатқа байланысты сыртқы сауданың белгілі бір құралдарын пайдаланады. Халықаралық сауданы реттейтін мемлекеттік құралдар өзіне тән сипатына қарай екіге бөлінеді: тарифтік, бұл кедендік тарифті қолдануға негізделеді және тарифтік емес әдістер. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері, өз кезегінде, мөлшерлік, қаржылық, үкіметаралық келісім әдістері мен жасырын протекционизм әдістері болып бөлінеді [1,б.200]. Сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттің алдына қоятын басты мақсаты елдің салыстырмалы артықшылығы болып табылатын тауарларды экспорттауға көмек көрсету немесе ұлттық өндірушілерге зиян келтіретін импортты шектеу. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әдістерінің көбі ішкі рынокты шетел бәсекеден қорғауға бағытталған. Кедендік тарифтің мәнін, рөлін, оның ұлттық экономикаға тигізетін пайдасы мен мезханизмін, сонымен бірге елдің сыртқы саудасына әсерін тигізетін тарифтік емес құралдарды түсіну үшін бұл сұрақтарды тереңінен қарастырған жөн.....
Кіріспе Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан материалдың бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Колма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны болып табылады. Банктегі ағымдың шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді. Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады. ....
Кіріспе. Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және жойылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі, бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі - ақша пайда болды. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар. ....