Сайын Мұратбеков | Жусан иісі

1

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.

...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» -деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: .....
Әңгімелер
Толық

Александр Пушкин | Капитан қызы

Арыңды жастан сақта
Мақал

ГВАРДИЯ СЕРЖАНТЫ

Болар еді күні ертең гвардия капитаны.
«Ол қажетсіз; армияда істесін.
Жөн айтылған сөз осы.
Қиналып көрсін түскесін».
Әкесі кім еді өзінің?
Княжнин


Менің әкем, Андрей Петрович Гринев, жасында граф Минихтың қарауында әскери қызмет істеп, 17... жылы премьер-майор боп отставкаға шыққан. Содан соң Симбирдегі өзінің туған деревнясына қайтып, сондағы бір кедейленген дворянның Авдотья Васильевна Ю. деген қызына үйленіпті. Біз тоғыз ағайынды екенбіз. Менен басқалары түгел жастай өліпті. Жақын туысымыз гвардия майоры, князь Б-ның жәрдемімен мен Семенов полкының сержанты болып жазылдым. Бірақ, оқуым біткенше мен демалыста жүрген боп саналдым. Момын мінезді, үй қызметкері Савельичтің күтуіне тапсырылдым, ол менің тәрбиешім болды. Соның қарауында жүріп, он екі жасымда орысша хат таныдым. Аңшыл иттердің қасиеттерін шешен сөйлейтін, әңгімешіл де боп алдым. Осы кезде әкем маған арнап, Москвадан Мосье Бопре деген французды тәрбиешілікке алдырып жалдады; оның өзіне бір жылға жетерлік шарап пен прован майын да қоса алдырды. Француздың келуін Савельич қатты ұнатпады.

— Аллаға шүкір, баланың бет-аузы таза, шашы мезгілімен таралып, таматын да мезгілімен ішуші еді; ақшасын қояр жер таппағандай мусьені жалдағаны несі, өз адамдары жетпеді ме екен.. - деп қоңқылдайды Савельич.

Бопре өз жұртында шаштараз екен, кейін Пруссияда солдат бопты; pous cfrc out.

.....
Әңгімелер
Толық

Александр Пушкин | Дубровский

Мұнан бірнеше жылдар бұрын өзінің ата-қоныс мекендерінің бірінде Кирила Петрович Троекуров дейтін орыстың ежелгі шонжары тұрып жатты. Байлығы, білікті ата-тегі және күшті байланыстары оны губерниядағы құдіреті зор адам етті. Көрші-қолаңдары қабағын шыттырмай, бабын тапқанына мәз болса, губерния чиновниктері атын естігенде-ақ қалтырап тұрды. Кирила Петровичтің өзі болса, бұл бас июшілікті жұрттың парызды міндеті есебінде қабыл алды. Үйі әменде қонақтарға лық толы болатын, бұлар оның көңілін аулап, у-шуы мол кейде тіпті шектен шыққан дарқан думандарын да бірге атқарысып жүрді. Оның шақырғанынан бас тартар, болмаса мерзімді күндерде Покровское селосына тағзыммен келіп, бас имейтін ешкім болмады. Ал үй тұрмысында Кирила Петрович білімсіз адамда болатын ожарлықтың бәрін де көрсете жүретін. Қоршаған қауымы өзін жаман үйретіп, еш нәрседен қағажу көрмей өскен бұл жампоз ұшқалақ мінезі мен шолақ ақылына не келсе, соны істей берді. Ересен күшті адам бола тұрса да, ол жұмасына екі рет күпті болып мешкейліктің сазайын тартатын, бірақ сонда да күн сайын ішіп көңілді жүретін. Үйінің флигельдерінің бірінде әйел жынысына тән ою ойып, кесте тігіп отыратын он алты даяшы қызы бар-ды. Қыздар тұрған флигельдің терезелерін ағаш тормен қоршап, есіктеріне құлып салып қояды, ал құлыптың кілттері Кирила Петровичтің өзінде болады. Қапастағы жас қыздарды мерзімді сағатында баққа шығарып, бой жаздырып екі кемпір бақылап жүреді. Кирила Петрович ара-тұра қыздардың кейбіреуін күйеуге береді, олардың орнына жаңадан басқа қыздар әкеп қояды. Шаруалар мен үй қызметшілерін ол, ақырып-жекіріп өте қатал ұстайтын. Солай болса да олар баринге жан-тәнімен берілген жандар еді; мырзаларының байлығы мен атағына мардамсып, күштілігіне арқа сүйеп, олар да былайғы көршілеріне озбырлық жасай жүретін......
Әңгімелер
Толық

Асан батыр

Ертеде Естеміс деген шал өмір сүріпті. Оның үш баласы бар екен. Ең кішісінің аты Асан болыпты. Асан жас кезінен көзге түсе бастайды. Ол басқа балаларға қарағанда ерекше болып өседі. Оның жаны басқа адамдардай кеудесінде емес, басқа жерде еді. Ешкімге кегін жібермейтін, айтқанынан қайтпайтын, қадалған жерінен қан алатын. Бірақ ашуы тез қайтатын мейірімді еді.
Бірде Естеміс сырқаттанып жатып қалады. Науқасынан айықпайтынын сезген ол ұлдарын шақырып өсиетін айтады. Кезек кенже ұлы Асанға жеткенде ол......
Ертегілер
Толық

Биология | Жасанды қоректендіру

Жасанды қоректендіру (Искусственное питание) — адам организміне (жұта алмаған кезде, асқазан ауруларында, ессіз жатқан науқасқа және т.б. жағдайларда) қоректік заттарды енгізу. Асқазанға зонд арқылы сұйық тамақты, бұлшық етке немесе тері астына тамыр арқылы белогы заттарды, қанды, плазманы, витаминдерді, глюкоза ерітінділерін, кейбір минералдық заттарды және т.б. енгізеді.[1]

Пайдаланылған әдебиет



↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том .....
Рефераттар
Толық

Сандық самолет

Ертеде бір көпес болыпты, оның байлығы сондай, ұзыннан-ұзақ бір көшені, оған қоса тағы бір шолақ көшені күміс ақшамен тұтас төсеп, көмкеріп тастауға дәулеті әбден жетеді екен. Бірақ ол мұны істеген жоқ, өз ақшасын басқадай жолмен жұмсады, егер ол бір скиллинг шығара қалса, одан тұтас бір дале пайда түсіріп отырды. Міне, ол осындай көпес еді. Сөйтіп жүргенде ол кенет қайтыс болып, әкесінің бар байлығы баласына қалды.

Баласы, шіркін, дүниенің қызығын көрді ғой: түн баласын......
Ертегілер
Толық

Биология | Жасанды дем алдыру

Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.



Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады. .....
Рефераттар
Толық