Ветеринария | Алель Агро ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы
Бүгінгі тaңда біздің еліміздің хaлқының әлауқaты мен әлеуметтік жағдай-лaрын жақсарту үшін ауылшаруaшылық сапалы өнімдерімен жеткілікті және тұрақты қaмтамасыз етіп отыру өмір талaбы. Ол үшін жеңіл әрі тез өндірілетін өнімдер салaлaрын тез арада және қуатты түрде жандандыру керектігі белгілі жағдай. Мұндaй өндірістік өнім салалaрының бірі құс шаруaшылығы.
Ғалымдaр мен мамандардың пікіріне қарағaнда, өте тез дaмитын сала - құс шаруaшылығын бірінші кезекте көтеру қажет, себебі жaқын арaда халықты са-палы дa, дәмді тағaмдармен тек құс шаруaшылығы, ғана қамтамасыз ете алaды.
Құс өндірісінің ерекшелігі сол, бұл құрамында өндіріс, қайта өңдеу, сау-да, қызмет көрсетуі бар, яғни барлық жүйе «бір жерге» топтастырылғaн. На-рықтық жағдайдың негізгі принциптерін тез арада бағдарлай алмау, елімізге импорттық тауарлaрдың көптеп әкелінуіне, оның ішінде құс шаруашылығы өнімдері, себеп болды, сөйтіп бұл осы саланың қaрқынды дамуынa кері әсерін ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Шұбатқа ветеринариялық санитариялық баға беру

Түйе шаруашылығы мал шаруашылығының өте ертеден келе жатқан салаларының бірі. Түйе сүтінің және одан жасалатын өнім – шұбаттың қоректік және емдік қасиеттері Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азия республикаларында аса жоғары бағаланады. Шұбатты адамдар ертеден ақ ем және жалпы денсаулыққа пайдалы құрал ретінде пайдаланып келеді.
«Денсаулығы зор, өздері өте қайратты болып келетін көшпелі арабтар жаңадан ашыған түйе сүтін ішеді» деп жазған болатын И.И.Мечников. Түйе сүтін Африка тайпалары да ішеді екен, түйе сүтін ішпейтін тайпаларға қарағанда олардың арасында атеросклероз ауруы сирек кездеседі екен.
Қазақтың халық медицинасында шұбатты өкпе, асқазан ауырғанда, сондай-ақ уланғанда, мешел болғанда пайдаланады. Атап айтқанда, өкпе туберкулезіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде емдеу нәтижесі жоғары болады. Сонымен басқа созылмалы гастритті, созылмалы колитті емдегенде бұл тағамның маңызы зор. Қарын сөлінің қалдығы төмен кісілер 15-20 күн шұбат ішкеннен кейін қүлан таза айығады.
Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, алкогольге, көмірқышқылгазына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге байланысты.
Сонымен қатар түйе сүті әртүрлі заттарға бай болғандықтан бактериялар өсуіне де жарамды орта болады.
Сонымен қатар түйе сүті көптеген инфекциялық ауруларды адамдар мен малдарға тарататын көзі болып табылады.
Сондықтан құнарлы және қаупсіз өнімді алу және оны тұтынушыларға жеткізу барысында шұбатқа ветеринариялық-санитарлық баға беру керекті звено болып табылады. Осыған байланысты біздің зерттеу жүргізу мақсатымыз «Дулат» жекеменшік шаруашылық қожалығынан алынған шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері

Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді [3]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Кейбір сәндік балықтарды жасанды көбейту ерекшеліктері

Адамзат о заманнан табиғат аясында өмір сүріп, оның мол байлығын мейлінше қажетіне жаратумен келді. Адамның жатса – төсегі, жантайса – жастығы, тоңып-жаураса – баспанасы, үстіне киер киімі, қарны ашса – тамағы, басқа да толып жатқан мұқтаждығы табиғаттан табылды.
Табиғат перзенті – адам, өз анасы – табиғатқа жақсылығымен қоса қиянат жасағанында кешірек сезінді. Адамзат өз ағаттығын кешірек болса да енді аңғарды. Қазір айналадағы ортаны аялап қана қоймай, оны қорғау – бүкіл халықтық мүддеге айналды.
Табиғаттағы ғажайып байлықтың бірі – суасты әлемі. Бірақ ондағы тіршілікті кез-келген адам тікелей көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Алайда, адам құдіретінде шек бар ма?! Оның да жолы табылды. Мінез-құлығы өте күрделі, пішіні әртүрлі тірі организмдер тіршілік еттетін суасты әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын кішкене көшірме – суасты әлемінің терезесі, бейнелеп айтсақ, айнасы, яғни моделі ретінде аквариум дүниеге келді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи тоғандар мен көлдер де өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік бақылауға болады. Аквариум – экологиялық жүйе моделі, ол – адамзаттың табиғатпен қашан да етене жақын екендігінің дәлелі. Адам балық және өсімдіктер тіршілігін бақылаумен бірге аквариуммен айналыса жүріп....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Санамақ

Бір дегенің - Білім,

Екі дегенің - Ілім.

Үш дегенің - Ғылым.

Төрт дегенің - Таным,....
Тақпақтар
Толық

Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады

Босанған келіншектер кешегі қыз күніндегі әдемі мүсінін жоғалтқандарына қатты уайымдап жатады. Тезірек арықтап, қалпына келуі үшін артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастайды. Бірақ түрлі диеталар, дәріханаларда сатылатын арықтататын дәрілер мен шайлардан көп жағдайда оң нәтиже болмай, тіпті кері әсерлері де тиіп жататыны өтірік емес немесе ойдағы межеге жету үшін олардың кейбіреуін айлап ішу де қажет.
Сондықтан да арықтағысы келетін жандар, әсіресе, босанғандарына көп бола қоймаған келіншектер мұндай диетелар мен дәрі-дәрмектен аулақ болғандары жөн. Өйткені босанғаннан кейін әлі толықтай орнына келе қоймаған олардың организмдеріне бұл дәрілер мен диеталардан төнер қауіп көп. Ендеше, қауіпсіз арықтаудың бірнеше жолымен танысыңыздар.......
Кеңестер
Толық

Майсана майының сұлулыққа пайдасы

Оқырмандарымыз майсана майының көмегі туралы толығырақ ақпарат беруімізді сұраған еді. Сондай-ақ «әжімнен құтылуға көмегі бар ма?» деген сауал қойған болатын. Бұл материалымызда осы сұрақтарға жауап береміз.

✅ 1. Алақаныңызға кішігірім май құйып, шашыңызға жағыңыз. Аптасына бір рет қайталап тұрсаңыз, бір айдан кейін шашыңыздың қалыңдап, жылтырайтынына көз жеткізесіз.

✅ 2. Кесеге айран құйып, ыстық су құйылған тәрелкеге қойыңыз. Айран жылығанда 5 тамшы майсана майын тамызып, қоспа дайындаңыз. Оны басыңызға жағып, полиэтиленді бас киім не пакетпен, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 30 минуттан кейін шашты жуу керек. Нәтижесіне шашыңыз қалыңдап, түсуі азаяды.......
Кеңестер
Толық

Әйелдер қауымы ерлерге жиі айтатын өтірік түрлерін білесіз бе?

Ғалымдар әлемде шындықты ғана айтатын адамдар өте аз екенін айтады. Оған әркімнің өзіндік себептері де бар. Ерлермен әңгімелесу барысында әйелдер де біраз өтірік айтатыны да жаңалық емес деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Кеңестер
Толық