Шымкент мұражайлары

Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылған. 1977 жылы музей арнайы салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударды.
Облыстық мұражайдың 3 бөлiмшесi: Түркiстан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражай; Сайрам ауданында Сайрам тарихи-өлкетану мұражайы; Түлкiбас ауданында Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы және 1 секторы: Ескi Иқан ауылындағы Мiртемiр әдеби-мемориалдық мұражайы бар.
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес жасалған 2004-2006 жылдарға арналған ортамерзiмдiк "Мәдени мұра" Бағдарламасының негiзгi бағыты мен мақсаттарын iске асыру барысында Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейi өлкемiздiң мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музейлiк заттар арқылы мәлiметтердi жинақтап тарату, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнiнде тәлiм-тәрбие беру сондай-ақ халқымыздың материалдық ескерткiштерi мен рухани мәдениетiн зерттеп, көрнектерi мен көрмелерi арқылы жеткiзуде өзiнiң қоғамдағы әлеуметтiк мiндеттерiн яғни, ғылыми зерттеу, жинақтап iрiктеу, экспозициялық, әдiстемелiк, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет жұмыстарын уақыт талабына сай атқаруда.
Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы
Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы 2001 жылы 2-қарашада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай облыс әкімшілігінің тікелей бастамасымен ашылды.
2002 жылдың 13-тамызында облыс әкімінің №284 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы мемлекеттік коммуналдық - қазыналық кәсіпорыны» болып құрылды. ....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы