Физиология | Нәрестенің жеке тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы нышаны

Жаңа туған бала. (туған сәттен бір екі айға дейін). Бала теген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т.б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес , қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің , мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кездегі мыдың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализатордың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе , оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының ерекшелігі сол, оның соматикалық қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады. ....
Рефераттар
Толық