Әлеуметтану | Макс Вебердің әлеуметтік құрылым концепциясы

2.1 Әлеуметтік құрылым жайлы түсінік
Әлеуметтік құрылым дегеніміз - әлеуметтік құрылымды, оны құрайтын элементтерді, оның заңдылықтары мен әдістемесін зерттейтін орта деңгейдегі социологиялық теориялардың бірі және дербес оқу пәні. Бұл жерде біз қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделі екенін, бірнеше шағын құрылымдарға жіктелетінін ескеруіміз керек. Қоғамның құрылымын бірнеше негізде қарастырсақ болады:
1. Қоғамның ұлттық құрамы.Қазақстанда қазақтар 58% құрайды. Ұлттық құрам қоғамдағы маңызды процестерді белгілейді. Соның ішінде мәдениет дамуы, мемлекеттік тіл т.б.
2. Қоғамның демографмялық құрылымы. Жастар көп болса, көбейеді. Қарттар көп болса, азаяды.
3. Қоғамның территориялық немесе аймақтық құрылымы.
4. Қоғамның кәсіби құрылымы.
5. Қоғамның діни наным-сенім негізіндегі құрылым. Қазақстандықтықтардың басым бөлігі – мұсылмандар. Екінші орында православие христиандары т.б.
Әдетінше, қоғамның әлеуметтік құрылымын қарастырғанда оның таптық немесе стратификациялық құрылымын айтады. Біз негізінен осыны зерттейміз. ....
Рефераттар
Толық