Экономика | ЕЛДІК ӨРКЕНДЕУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды – білім эко¬номикасына ұмтылған қадам деу¬ге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы – инновациялық жол. Ол – Қазақстан¬ның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолы деген сөз.
Бұл дегеніміз – Қазақстан эконо¬ми¬касының ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегендік. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды жаңаша иге¬руге, оларды мүмкіндігінше респуб¬ли¬када өңдеуге, мүмкіндігінше қосымша құн жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми ауқымды технологияларды барын¬ша аз енгізуге негізделген, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен бел¬сен-ділігін қажет етпейтін шикізаттық эко¬но¬ми¬кадан “өңдеуші және өндіруші” эконо¬ми¬каға өту деген сөз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсет¬кендей, “технологиялар индексі” деп аталатын бәсекеге қабілеттілік индексінің бір бөлшегі, әрине, қоғамның иннова¬циялық даму деңгейін, технологиялар трансфертін, ақпараттық және коммуни¬ка¬циялық технологиялардың дамуын, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге са¬лынатын инвестициялар көлемін және де осы саладағы университеттер мен биз¬нес¬тің ынтымақтастығын бағалаудан құралады деуге болады. “Шикізаттық” экономи¬каның халық тұрмысының “жоқтан бар” ғана болуының факторы екеніне, соны¬мен қатар ұлттың санаткерлік және адам¬гершілік әлеуетінің дамуына да кедергі келтіретініне қарсылық білдіру қиын. Демек, мұндай экономика тұтас қоғамдық менталитетке де кері әсерін тигізеді. ....
Рефераттар
Толық