Педагогика | Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі

Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. ....
Рефераттар
Толық