Құқық | Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы

Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Негізінде дүние жүзінде қалыптасқан құкықтық жүйелер жалпы ұғым ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз әр мемлекеттерде қалыптасқан қуұық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы.
Дүниежүзілік құқықтык жүйе негізінде бес түрге бөлінеді:
1. Мұсылмандық құқықтық жүйе (діни);
2. Роман-германдық құқықтық жүйе;
3. Англо-саксондық құқықтық жүйе;
4. Дәстүрлік құқықтық жүйе;
5. Көшпелі өркениетінің құқықтық жүйесі.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан республикасының ордендері

«Отан» ордені
«Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.

І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады.

І-ші дәрежелі «Барыс» ордені
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени-қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. І-ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады.

ІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордені
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. ІІ- ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары

Конституцияның 12-ші бабына бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Респулика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады.
Жеке құқықтар мен бостандықтар.
Өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы – ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі. 1948 жылғы «Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмір сүру құқығы жарияланған.
Өмір сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмір сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейін өз мәнін сақтайды. «Қазақстан Респуликасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмірді қолдаушы аппаратура тек өлім расталған жағдайда ғана қызметін тоқтатуға мүмкін екендігі айтылған.
Ешкімнің өз бетінше, адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін, ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.
Әркімнің өзінің жеке басының құқығы бар және адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы - өзінің болмасынан туындайтын оның бөлінбейтін және абсолютті құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.
Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегімен пайдалануға құқылы.
Адамның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды, өйткені ол өзін және өзінің жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегідей сезінетін кез-келген жеке адамға тән. Қадір-қасиет – саналы түрде сезінген, айналып келгенде, оның жеке ішкі және сыртқы қасиеттеріне айналған «қанына сіңген» жеке тұлға ретінде сипаттайтын, адамның дамушы ізгі мінез-әрекеттерінің сырттай бейнеленген көрінісі ретінде түсініледі. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы

Кеңестік Социалистік Республикалар одағы ыдырап, жойылуы нәтижесінде қазақ кеңестік Социалистік Республикасы (КазКСР-і ) дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.
Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы – жай процесс емес деп жазды Г.Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін силауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығаруы, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті.
Бұл 1970 жылы 28 қазанда қабылданған БҰҰ жарғысына сай мемлекеттер арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидалары декларацияда өрбиді.
А.К.Котовтың айтуынша Қазақстан әрқашан ел болды, алайда коммунистік партиялық- мемлекет ірі жүйе құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекет болып, халық өмірінің әлеуметтік экономикалық және қазақ жерінде өзінің барлық азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауға және қамтамассыз етуге қабілетті мемлекет ретінде дербес даму қажеттілігіне тап болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет пен оның барша азаматтарының өмірі қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қайта құру қажеттілігі туды. Бұл тұрғыда біраз шаруа атқарылды: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қорғаныс, сыртқы саясат, қоғамдық –саяси, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау салаларына қатысты көптеген заңдар мен жарлықтар әзірленді. Бұл заң актілерінің бәрі де тәуелсіз беделді халықаралық сараптамадан өтті.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алып, толық мемлекеттік егемендікке ие болғасын азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанды, Осылайша тоталитарлық құрылымдағы зорлық- зомбылық пен заңсыздықты жоюға мүдделігіне және гумманистік құқықтық құндылықтарды, адам құқығы мен бостандығын басымды деп санайтынын білдірді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).
Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында тұлғаның құқық мәртебесінің негіздері

Қазіргі кезде Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа заңнаманы ірі масштабта жаңартумен және жетілдірумен, демократиялық мемлекеттің қағидаларына, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына жауап беретін көптеген жаңа құқықтық институттардың қалыптасуымен қатар жүруде. Қазақстандық құқықтың дамуының жалпы тенденциясынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қалыс қалар емес. К.Мәсімов атап өткендей, әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын анықтау, мемлекеттік қызмет механизмін жақсарту кезінде мемлекеттік аппарат санының өсуі байқалады. Егер 2003 жылы елімізде шамамен алғанда 79 мың мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істесе, 2007 жылдың мамырына қарай олардың саны жүз мыңнан асты. Соған қарамастан мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі пропорционалды түрде өскен жоқ. Халық арасында жақында жүргізілген сұрауларға сәйкес халықтың 57 пайызынан астамы мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын қанағаттанарлықсыз деп санайды. Халықтың тек алты пайызының ғана толығымен көңілі толады. Ал қалғандары бұл сапаны «қолайлы» деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаға сәйкес мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының дамуы жаңа бағыттарға ие болуда, өзге мазмұнмен толықтырылуда. Қазіргі кезгі юриспруденцияда басымдылықтар ауысып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің мүдделері артқа шегерілуде, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық даму тәжірибесін қайта бағалауды ескере отырып мемлекеттік қызметтің дамуының жаңа жолдарын іздестіру қажет.
Лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының маңыздылығына қарамастан билік өкілдерін заңды жауапкершілікке тарту мәселесінің жағдайы жалпы алғанда жеткіліксіз деңгейде орын алған, елеулі кемшіліктерге ие, бұлардың барлығы республикада адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және кепілдеудің тиімділігін төмендетеді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси – құқықтық күшті бойына жинаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым мен басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекет құрды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениетінің тарихи жадын белгілейді. Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістерінің аясында туды. Сондықтан, ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап етеді.
Қазақ елінің саралап өткен даму жолдарын бірнеше кезеңдерге бөлуге болатындығы жөнінде пікірлер аз емес. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов Қазақстанның конституциялық эволюциялық дамуын мынадай 4 кезеңдерге бөледі:
- Кеңес дәуіріне дейінгі (1900-1917 ж.ж. ұлттық – демократиялық идеяларының Алаш конституциясының жобасына ұласуы);
- Кеңес дәуірі (20 жылдар мен 80 жылдардың аяғы);
- Кеңес дәуірінің аяқталуы (80 жылдардың аяғы мен 1990 жылдар аралығы);
- Кеңестік дәуірден кейінгі (1991 – 1993);
- Қазақстан дамуының алғашқы сатысы «де-фокто» (1993 жылдың қарашасынан бастап).
КСРО – ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп барлық бұрынғы социалистік республикалардың енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс.
Социализмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Социалистік одақтас республикалардың орнына демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік өмірге аяқ басқан тәуелсіз, егеменді мемлекеттер келді. Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу - өмір заңы. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы

«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы- цивильді (juscivile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (
Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum ,jus privatum) деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда «біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияна көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгер. Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс –тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік –аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәні анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық ұғымы

Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады.
«Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:
1. адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды.
2. адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез-келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады.
3. мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелер бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтыөты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән жайларына қарамастан заң алдында тең.
Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың 1 наурызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.....
Рефераттар
Толық