Балғабек Қыдырбекұлы | Дос қадірі


Қандай жолдас еді, ол, қандай жолдас еді,— деген сөз оның ділінде де, тілінде де тұрды. Сол бір сөзді қайта-қайта қайталап қойып. ұзақ-ұзақ даққа кетеді. Еріндері күбірлей береді. Оның еріні күбірлеген сайын жанында отырған жұбайы оның өзінше сөйлеп отырғанын байқамай «м-м» деп қала береді. Ол жасаураған бота көздерін Гүлбаршынға бір тастап қайта ойымен болады. Сәлден кейін күбірлейді. Бұл күбірлеген сайын Гүлбаршынның іші қорқа түседі. Бірақ үндемейді. Қазақ ойға кеткенде ойын бұзбай, үндемеуге Гүлбаршын үйреніп кеткен. Сол әдебін-әдетін бүгін де сақтап отыр. Әншейіндегісі бір жөн екен, бүгінгісі әлейім болды. Үндемейді, алайып жасаураған қос шырағы жасқа толып, қанталап кеткен. Шамасы ол сыртта, үйге келгенше де жылаған болса керек.

«Волга» Күнгей Алатауды бөктерлеп Ыстықкөлдің солтүстік жағалауымен жүйткіп келеді. Тасты, кедір-бұдырлы жолды жолаушылар елең қылып отырған жоқ. Тек анда-санда баранка ұстап отырған бала — Қарақ машинасын тоқтатып, артқы қақпағын ашып, ү'ш аяғын буып салған көрсен құйрықты көрқызыл қазақы қойды байлап келеді де, қайта жүріп кетеді.

Машинаның артында екі адам Қазақ пен Гүлбаршын қасқыр ішікке оранып қатар отыр. Күнгей Алатаудың күнгей жағы болса да, қар қалың. Жолдан кішкентай ауытқуға болмайды. Оның үстіне Қарақтың, машина жүргізгені жаңа болмаса да заводтан жаңа шыққан және ілкі келе бастаған ГАЗ—24 сырын алып болмаған машина. Кеш алдында келген суық хабардан кейін-ақ бұлар көз ілген жоқ. Содан соң Қазақ анда-санда жол жабдығын, сөздің мәнін, жауабын айтқаны болмаса артық үн шығаруды қойды. «Қандай жолдас еді, ол?»— деп күбірлей береді, кейде ойы сыртқа шығып кетіп те отыр......
Әңгімелер
Толық