Биология | Бидай мутанттарының сапалық белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу

Тұқым қуалаушылықты зерттеу мақсатында және селекция тұрғысынан қарағанда, өсімдіктердің жасанды, мутагенезімен айналысатын зерттеушілердің алдында маңызды міндет тұр, ол – бағытталған мутацияларды алу [1]. Бұндай мәселенің шешімін табуға болады, ол әртүрлі мутагендердің және қосымша факторлардың әсер ету ерекшелігі арқасында мутагендердің генетикалық модификациялануымен дәлелденеді.
Жасанды жолмен алынған мутанттар селекционерді қызықтыратын дақыл формаларының әртүрлілігін жоғарылатады және келешекте сұрыптау мен гибридизация үшін кең жол ашады [2].
Бір сортта белгілі өндірістік, технологиялық және тұтынушылық қасиеттердің бірге қабысуы жұмсақ бидай селекциясының негізгі және шешімі қиын міндеттерінің бірі. Сондықтан, шаруашылықта құнды белгілері бар формалар алу үшін бидайдың өсуі мен дамуына әртүрлі мутагендердің әсерін зерттеу белгілі бір қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, генетикалық әсерлерді зерттеу мәселесі, әсіресе химиялық қосылыстардың әсерінен туындайтын мутацияларды зерттеу маңызды. Ұзақ уақыт бойы жасанды мутагенезбен жұмыс жасаған зерттеушілердің күш жігері селекцияда негізінен нақты фенотиптік сипатқа ие әртүрлі мутациялар алуға бағытталған болатын. Бірақ, көптеген макромутанттардың тіршілік қабілеті төмен, ал керісінше, кіші мутациялар жиі кездеседі және олардың өміршеңдігі жоғары болады [3-4].
Кіші мутацияларға әлсіз фенотиптік көрінісімен сипатталатын полимерлі гендердің мутациялары жатады. Полимерлі гендер немесе полигендер әдетте, сапалық белгілердің: өсімдіктің биіктігі, жапырақтардың мөлшері және масақтардың, масақшалардың, дәндердің, бүйір сабақтарының санына, белок пен май мөлшеріне, өнімділігіне, ерте пісу мен дамуына және т.б. белгілердің көрінуіне әсер етеді [5-8]. Осының әсерінен туындайтын мутациялар спецификасы үлкен маңызға ие.
Әлемдік селекция тәжірибесінде химиялық қосылыстардың, атап айтқанда, алкильді қосылыстардың дәнді дақылдарға әсері, көбінесе, құндылығы төмен, тек морфологиялық өзгергіштікке және өсімдіктің хлорозға ұшырауына жиі әкелетіндігі белгілі. Сондықтан, өсімдіктің өсіп – дамуына улы әсерін тигізбейтін, жұмсақ бидай сорттарының ауыл шаруашылығына құнды белгілерінің (өнімділігі, сапасы, тат және қара күйе ауруларына төзімділігі т.б.) өзгергіштік шегін ұлғайтатын әлсіз мутаген іздеу қажет болды.
Әдеби мәліметтерде кадмийдің токсинділігі, мутагенділігі және өсімдіктің өсуін тежейтіндігі туралы кеңінен талқыланған еңбектер кездеседі [1], бірақ, хлорлы кадмийдің 0,01 пайыздық ертіндісінің бидай дәніне әсерінен туындаған тұқым қуалайтын құнды белгілерімен алғашқы материалды алу жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстары кездескен жоқ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Коммерциялық банк рейтінгін талдаудың ақпараттық жүйесі бізге сол банктің жүргізетін операцияларын, оның қызметтері жайлы білуге көмектеседі. Банктің рейтингі негізінен Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті қызметі арқылы жасалып отырады. Сол арқылы банктің капитал жағдайын, өтімділігін, тәуекелге бара алу-алмауын айқындауға болады.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтанда банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Классный час: 1 декабря - День Первого Президента Республики Казахстан

Классный час, посвященный Дню Первого Президента Республики Казахстан
Цель: дать представление о деятельности Президента РК – Назарбаева Н.А. Развивать понятие “Родина”, формировать целостное представление о Республике Казахстан, как о стране с богатыми природными ресурсами, с многообразием растительного и животного мира, прививать любовь к языкам, уважение к народам, проживающим в Казахстане, развивать познавательную активность, мышление и память, воспитывать чувство патриотизма.
Сборник классных часов
Толық

Классный час: 1 декабря — День Первого Президента Республики Казахстан

Цель: расширить знания о лидере казахского народа, первом президенте РК Н. А. Назарбаеве

Задачи:

формирование у учащихся казахстанского патриотизма, миролюбия, национального согласия, активной гражданской позиции; развивать познавательные способности; воспитывать чувство патриотизма, гордости за свою страну
Сборник классных часов
Толық

Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

«№ 6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ
Тоқанова Г.М. тарих пәнінің мұғалімі

Құрылымы:

Мұғалім туралы мәлімет __________________________________________1
І бөлім. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында
істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері__________________2-4
ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі_________4
ІІІ бөлім. Дарынды оқушылардың банкі_____________________________5
ІV бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары_______________________6-7
V бөлім. Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері______________________8-9
VІ бөлім. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары_________________10
VІІ бөлім. Дарындылық туралы ой-пікірлер_________________________11-18
VIII бөлім. Жетістіктер__________________________________________19-20

Мұғалім туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты Тоқанова Гүлсовет Масанқызы
Туған күні, жылы 25.021963 ж.
Қызметі Тарих пәнінің мұғалімі
Білімі Жоғары
Қандай оқу орының бітірген, жылы Алматы Қыздар педагогика институты, 1989 жыл
Мамандығы Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі
Санаты жоғары
Педагогикалық өтілі 31 жыл
Осы мектептегі өтілі 17 жыл
Осы мектепте нешінші жылдан бастап жұмыс істейді 1997 жылдан
Неше жыл ҰБТ-ға қатысқан 2004 – 2014 ж
Әдістемелік тақырыбы Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдердің мұғалімдер тәжірибесіне ықпалы
Қай жылдан бастап осы тақырыппен жұмыс істейді 2014 ж
Қолданатын инновациялық технологиялар түрлері Модулдік

І бөлім.
Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы.........
kz
Толық