1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Мазмұны Қазақстан тарихы пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Қазақстан тарихы пәнінен қазақша реферат
1 Өмірбаяны
1.1 Отбасы және балалық шағы
1.2 Қызмет жолы
1.3 Кітаптары
1.4 Дәйексөздері
2 Нұрсұлтан Назарбаев атында
3 Реформалары
4 Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
5 Басқа лауазымдары мен мансаптары
6 Отбасылық жағдайы
7 Дереккөздер
Рефераттар
Толық

Ыбырай Алтынсарин туралы реферат қазақша

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

Рефераттар
Толық

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)

Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек.
(Сұлтанмахмұт)


Өмірбаяны

Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта.......
Рефераттар
Толық

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің....

Рефераттар
Толық

Абай Құнанбаев (1845-1904)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды......
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Төлеген Айбергенов (1937 - 1967)

Дүниеге өзінің аппақ, тап.таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітірген соң, 1965 жылға дейін мектеп
мұғалімі, мектеп директоры болды.
Төлеген Айбергенов алғашқы жазған өлеңдерінен.ақ қазақ поэзиясына тың серпіліс, жаңа бір екпін әкелді. Оның туған жерге деген сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы өлеңдері 1961 жылы шыққан жас ақын.жазушылардың "Жас дәурен" жинағына кірді.
Бұдан кейінгі "Арман сапары", "Өмірге саяхат" (екеуі де 1963 жыл), "Құмдағы мұнаралар" (1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Бір тойым бар" (1981, 1989) жинақтарында замандастарының бейнесі, ол аралаған қазақтың өлкесінің сыры мен кені, даладағы ұлы тіршілік ақынның бір жапырақ жүрегінің.....
Рефераттар
Толық

Эмир Байғазин

Эмир Байғазин - кинорежиссер, сценарист, продюсер, актер
Кино өнерінің даму жолы, болашағы, адамзат баласына тигізер пайдасы мен тарихи маңыздылығы жайында көптеген ғылыми жұмыстар жазылып, айтылған пікірлер мен ақпараттар аз емес. Бүгін біз осы киноны жасаушы Ақтөбе облысының тумасы Эмир Байғазин туралы айтсақ дейміз. Ол еліміздің атын шетелде танытып, нағыз авторлық киноны дамытуға үлес қосып жатқан тек азамат. 2013 жылдың ақпанында «Үндестік сабақтары» дебюттық толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып «Үндестік сабақтары» фильмі 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін "Күміс аю" жүлдесіне ие болды. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Эдуарда Вельк

Эдуарда жас болса да кішкентайынан каратэ-до шотокан спортымен шұғылданып, Сиднейде өткен каратэ-до шотоканнан әлем чемпионатында 2 дүркін чемпион атанған батыл қыз.

Эдуарда Денисовна 2002 жылы 17 сәуірде дүниеге келген. 2012 жылы Сиднейде өткен каратэ-до шотоканнан әлем чемпионатында 2 дүркін чемпион болды. Сондай-ақ Орталық Азия чемпионы. 2017 жылы Қырғызстан Республикасының ашық чемпионатының жеңімпазы. Каратэ-до шотоканнан Қазақстан чемпионы. Каратэ-до шотоканнан Қазақстан кубогінің иегері. 2-даннан қара белбеу иегері. Каратэ-до шотоканнан ұлттық құрама мүшесі. Спорт шеберіне үміткер.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шахан Жолдасбаев

Шахан Жолдасбаев – "Пандус.Ок" әлеуметтік жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер
Өз өмірімен, ерік-жігерімен кейінгі буынға үлгі, алдыңғы буынға мақтаныш болатын азаматтар бар.

Солардың бірі Шахан Жолдасбаев. Мүмкіндігі шектеулі жан деп ол туралы мүлдем айта алмайсыз. Ол мүмкіндігі шектеуді жандар арасында Германияда өткен жүзу чемпионатының қола жүлдегері. Оның «Пандус. Ок» әлеуметтік жобасы аймақтағы үздік деп табылған. Жеткен жетістіктерімен, еңбегімен, іс-әрекетімен көптеген азаматтарға үлгі болған Шахан Қазақстанның 100 есіміне енуге лайық тұлғалардың бірі деп санаймыз.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Хадичахан Рафикова Сабиржановна

Рафикова Хадичахан Сабиржановна – PhD, Қ.И. Сәтбаев атындағы (ҚазҰТУ) Қазақ ұлттық зерттеу ғылыми-зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) аға оқытушысы

Мұнай үшін бірегей родий-иридий катализаторын әзірледі. Бұл жұмыс жасыл технологиялар категориясына кіретін мұнай өңдеуге арналған бәсекеге қабілетті технологияларды құрудың негізі болып табылады.

2011 жылы Қазақ-Британ Техникалық Университетінде докторантураға түсуден маңызды ғылыми мансабын бастады. Оның мақсаты тек академиялық атаққа ие болуға ғана емес, ең алдымен Қазақстанда ғылымның дамуына үлес қосу. Сонымен қатар, ол ғылыми процестің әрбір кезеңінде (идеяны өзінен, эксперимент арқылы заттардың іріктелуінен бастап, соңғы өнімді алуға дейін) қоршаған ортаға зиян келмес үшін жұмысының «жасыл» химия талаптарына жауап беретінін бірден анықтады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық