Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының азаматтарында жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы, Этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы және Елбасы Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөлініп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. Ол - өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін азаматты дайындау. «Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгі алатын, ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы, міне, осындай болуы керек.....
Зерттеудің өзектілігі. Дене тәрбиесі сабағының мәнін, мағынасын білу, оны дұрыс өткізу дене жаттығуларын тиімді қолдану мәселелерін терең түсінудің өте үлкен рөлі бар. Дене тәрбиесі сабағы ол – мәдениеттілік, ол баланың сыртқы келбетін, мінез-құлқын, өзін қоғадық орындарда дұрыс ұстауын бір-бірлерімен адамдармен қарым-қатынастарын реттейді, тәрбиелейді. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсат – өз халқының денаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қаралған. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғам зор үміт күтеді. Зерттеудің мақсаты. Дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жолдарын анықтау. Зерттеудің міндеттері: -Дене жаттығуларын дамыту жолдарын меңгерту; -Табиғаттың сыртқы күштері арқылы бала денесін шынықтыру; -Мектепке дейінгі балаларға гигиеналық факторлар туралы түсінік қалыптастыру; Зерттеудің пәні. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің үрдісі. Зерттеудің обьектісі. Дене тәрбиесі сабағында дене тәрбиесі құралдарын дамыту жолдары анықтау әдістемесі. ....
КІРІСПЕ Ақшабұлақ аумағында пайдалану ұңғымасын орналастыру белгіленген. Оның жобалық тереңдігі – 2100 м., жобалық горизонт – төменгі визей ярусы Ұнғыманы бұрғылау ОАО «Кен-Ай-Ойл» экспедициясы жүргізді. Ақшабұлақ аймағы әкімшілік жағынан Қызылорда облысында сырдария ауданына қарайды. Жұмыс істеу аймағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймағы болғандықтан соған сәйкес өзінің өсімдік және жануарлар әлемі бар. Ауданның рельефі жазық дала, тек орталық және солтүстік жағында құмды үйінділері бар. Географиялық жағдайда кен орын алаң Торғай оипатының оңтүстігінде орналасқан алаңнан область орталығы Қызылорда қаласынна дейін 120км, Қазіргі уақытта кен орнына қатынасу жүк машинасымен жеткізіледі. 1 Геологиялық бөлім 1.1 Кен орынның географиялық және экономикалық жағдайы Географиялық орны бойынша Амангелді газ кешені Шу мен Талас өзендерінің арасындағы Мойынқұм кұмының оңтүстік-батыс бөлігі. Оған оңтүстік-батыс жағынан Кіші Қаратау жазығы ұласып Үлкен Қаратаудың бір бұтағына жалғасады. Кен орнының географиялық координаттары: -44019/ о.е. 71004/ ж.ұ. Орогенді сипаттамасы бойынша Мойынқұм ауданы солтүстік-батыс бағытына қарай 20 м дейін көтеріліп созылған құмды белестермен белгілі. Құм шекарасы оңтүстік және оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалғасқан, оны Талас өзені басып өтеді, өзен анғарларына мал айдалып бағылады. Мұндағы жер бедерінің абсолюттік межесі кен орнында +350 - +360 м ұлғайып, Тараз қаласының маңында +600м жетеді. Жазықтықтың оңтүстік жағы көтеріліп Тянь-Шаньға ұласады.....
КІРІСПЕ Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы ¬– ақпараттандыру, яғни адам қыз¬мет¬і¬нің түрлі аймағына қазіргі компьютерлік технологияларды пайдаланып, ақпараттандыру. Қазіргі заманда технологиялық үрдістер өте жылдам қар¬қын¬мен дамуда. Қоғамдағы осы жаңалықтарды тез арада және әр уақытта адамдар¬ды хабардар етіп тұру үшін түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Сол ақпарат көз¬дерінің таралу жолдары алуан түрлі болып келеді. Ақпараттар теледидар, газет-жур¬налдар арқылы, әр жерлердегі түрлі жарнамалар арқылы таралады. Осы ақпарат көздерінің таралуының ең жас, ең тиімді түрінің бірі интернет желі¬сі болып табылады. Интернет желісі өте жақсы дамып келеді. Оның дәлелі желі ар¬қ¬¬ылы ақпарат қана алып қоймай, сауда жасап, үйден шықпай, керек зат¬қа қол жет¬кізуге болады. Бұл жаһандану заманында адам баласының қол жеткізген ең¬ үлкен табыстарының бірі[1]. Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам баласының уақытын үнемдейді және дұрыс таңдау жасап, қаржысын үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа пайда болған заттың да тез арада таралып, шығарған ком¬пବни¬ясына немесе фирмасына тез көтерілуіне көмектеседі. Бұл жұмыс ақпараттандыруды интернет желісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған болып табылады. Соның ішінде медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру. Үлкен қалаларда өте көп дәрі-ха¬на¬лар бар, бірақ дәрінің құрамы, қан¬дай жағдайларда ішетіні туралы, қандай баға¬да сатылатыны туралы алдын-ала ақпарат ала бермейміз. Науқас адамдарға жылдам қызмет көрсетіп, жедел ақ¬пар¬ат¬пен қамтамасыз ету үшін web технология негізінде жасалған жүйе керек. Бұл жүйе фармация бизнесі үшін де таптырмас пайданың көзі болатыны айдан анық. Сонымен, бұл дипломдық жұмыс Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақ¬пар¬ат¬тық жүйесін жасауға арналған болып табылады.....
Кіріспе Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор. Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.....
Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру болып табылады. АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы. Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырды. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар жасала басталды. Өтпелі экономика елдері үшін ірі акционерлік компанияларын басқару аса өзекті мәселенің бірі болып табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс қызметінің орталықтандырылған жоспарлаудан, ірі ауқымды бизнесті ұйымдастырудың нарық нышандарын пайдалануға көшу, ірі ұйымдастыру құрылымдардың ұзақ мерзімді тұрақты даму проблемаларына көп көңіл бөлуді талап етеді. Олардың көбі акционерлік нышанға лайық келеді. Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы керек. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынған мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді. Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті зерттелмеуі курстық жұмыс тақырыбын «Акционерлік қоғамдар қызметінің экономикалық тиімділігін талдау» деп таңдауға себеп болды. Курстық жұмыстың мақсаты – республикамыздағы акционерлік қоғамдардың қазіргі жағдайларын талдай отырып, олардың қызметінің негізгі мәселелерін зерттеп талқылау, сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады ....
Мектеп геометриясының негізгі материалдарының бірі-геометриялық салулар.Бастауыш сыныптан бастап ,кеңістіктің әр түрлі қасиетін сипаттайтын геометрияның абстрактілі тарауларына дейін фигураларды салу кездеседі.Мұндай конструктивті геометрияны б.э.д.III-IV ғасырларда өмір сүрген грек математиктері Евклид, Архимед ,Аполлоний және ежелгі Отырар шахарында туған қазақ математигі Әл-Фараби (870-950) дамытқан. Жоғары математиканың негізін салған ағылшын математигі әрі физигі И.Ньютон (1643-1727), неміс математиктері Г.В.Лейбниц(1646-1650) пен К.Ф.Гаусс (1744-1808), француз математигі Р.Декарт(1596-1650),швейцария математигі А.Эйлер (1707-1783)т.б. Конструктивтік есептерге ерекше көңіл бөлген. Геометриялық салулар теориясы И.И.Александровтың Н.Ф.Четверхиннің ,Б.И.Аргуновтың ,Ж.Адамардың т.б. еңбектерінде эерттелген,ал оны оқыту әдістемесі жөнінде Д.И Перепелкиннің,Г.Л.Сенниковтың, Г.Г. Маслованың т.б. еңбектері бар. Геометрия тарихынан математиканың аса маңызды тараулары геометриялық салуларға тәуелді болғанын білеміз. Геометриялық салулар теориясы геометрияның негізгі салалары: аналитикалық геометрия, проективтік геометрия , сызба геометрияның пайда болуына байланысты жоғары дәрежеде дами бастады ....
Негізінде мемлекет саясатының негізі (ішкі болсын, сыртқы болсын) экономикамен қауіпсіздікте жатыр. Экономика елдің өмір сүру деңгейі, әлеуметтік жағдайы. Ал қауіпсіздік ол – сыртқы немесе ішкі қауіп-қатерден қорғану ахуалы болып табылады. Бұл екі мәселе бөлек қарастырсаң да көкейкестілігі, ел үшін маңызы мен қажеттілігі өте жоғары. Ал екеуін қосып қарастыратын болса, онда мемлекеттің негізгі принциптерін, міндетін қарастыру керек. Бірақ, олар ғана емес, себебі бұл мәселеге тиянақтылықпен, жан-жақты қарап араласу қажет. Экономикалық қауіпсіздік мәселесінің туындауына осы ортадағы қылмыс пен коррупцияның өсуі, халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы әсер етті. Өткен жылы болған қаржыны заңдастыру мәселесі де сол экономикалық қауіпсіздіктің бір факторы болып табылады. Шет елге аққан 500 млн. Доллардың (1) экономикаға жұмсалғаны болса – бұл халық жағдайын көтеруге немесе өнеркәсіп дамытуға қосылған үлес болар еді ғой. Ал ғаламдану мәселесіне келер болсақ, ол дүниежүзінің экономикалық технологиялық, ақпараттық т.б. салаларда интеграциялануы болып табылады. Бұл заңдылық, өмір заңдылығы. Аристотель айтпақшы: «Адам – саяси және әлеуметтік хайуан. Ол жалғыз өмір сүре алмайды. Әрдайым бірлесіп, қоғам болып өмір сүруге тырысады. Сондықтан да бұл процестер (ғаламдану) шет қалу мүмкін емес, ал оған қосылу – белгілі дәрежеде экономикалық қауіпсіздікке кері әсерін тигізеді. ....
Жер шарының қатты құрғап кеткен аймақтары өсімдік пен суға тапшы ЮНЕСКО мәліметтері бойынша барлық континенттің 23% шөл аймақтары құрайды. Ал Кеңес географтары қураған жердің 22% шөл және шөлейт жерге яғни 31,4млн. км2 жерді жатқызады. Яғни осының 1\3 африка материгіне тиесілі. Африка материгі- көлемі жағыған Еуразиядан кейінгі жер шарындағы екінші материк. Африка, оған кіретін аралдарды қоса есептегенде, 30млн.км2-ден астам жерді алып жатыр. Еуразиямен өкпе-тұс келген Африка материгін тек Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы мен Суец каналы бөліп тұр. «Африка» деген сөз- латынның «африка» деген сөзінен шықты делініп жүр, ол «аясыз» деген ұғым береді. Олай болса, материктің аты оның табиғат жағдайына әбден сай келеді. Африка- Жер шарындағы ең ыстық материк, олай болу себебі- материктің Солтүстік және Оңтүстік тропиктер аралығындағы географиялық жағдайының ерекшеліктеріне, яғни ыстық жылулық белдеуіне орналасуына байланысты. Экватор материкті тең ортасынан дерлік қиып өтеді. Африка жағалауларында жақын маңды аралдар онша көп емес. Аралдардың ең үлкені- Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы. Атлант мұхитында ең ірілері- Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары. Африка жағаларына ұласып жатқан мұхиттар суы барлық тұста дерлік материкті ішкерілей енбеген, сондықтан да жағалау жиектері аз тілімделінген. Африканың жағалау жиектерінің ұзындығы 30500 км астам. Шапшаң жүретін теңіз теплоходымен Африка материгін шамамен 20 күнде айналып шығуға болады. Африканың бүкіл солтүстік аймағы шөл жерге жатады. Ол -12-140 слотүстік ендік жнрорта теңізіне дейінгі аймақты қамтиды. Оңтүстік Африканың ең үлкен шөлді аймағы Намиб Атлант мұхитынан Сары теңіздің оңтүстік шығысына дейін созылып жатыр. ....
Жер шарының қатты құрғап кеткен аймақтары өсімдік пен суға тапшы ЮНЕСКО мәліметтері бойынша барлық континенттің 23% шөл аймақтары құрайды. Ал Кеңес географтары қураған жердің 22% шөл және шөлейт жерге яғни 31,4млн. км2 жерді жатқызады. Яғни осының 1\3 африка материгіне тиесілі. Африка материгі- көлемі жағыған Еуразиядан кейінгі жер шарындағы екінші материк. Африка, оған кіретін аралдарды қоса есептегенде, 30млн.км2-ден астам жерді алып жатыр. Еуразиямен өкпе-тұс келген Африка материгін тек Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы мен Суец каналы бөліп тұр. «Африка» деген сөз- латынның «африка» деген сөзінен шықты делініп жүр, ол «аясыз» деген ұғым береді. Олай болса, материктің аты оның табиғат жағдайына әбден сай келеді. Африка- Жер шарындағы ең ыстық материк, олай болу себебі- материктің Солтүстік және Оңтүстік тропиктер аралығындағы географиялық жағдайының ерекшеліктеріне, яғни ыстық жылулық белдеуіне орналасуына байланысты. Экватор материкті тең ортасынан дерлік қиып өтеді. Африка жағалауларында жақын маңды аралдар онша көп емес. Аралдардың ең үлкені- Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы. Атлант мұхитында ең ірілері- Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары. Африка жағаларына ұласып жатқан мұхиттар суы барлық тұста дерлік материкті ішкерілей енбеген, сондықтан да жағалау жиектері аз тілімделінген. Африканың жағалау жиектерінің ұзындығы 30500 км астам. Шапшаң жүретін теңіз теплоходымен Африка материгін шамамен 20 күнде айналып шығуға болады ....