Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық  машықтану үрдісін қалыптастыру казакша Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық  машықтану үрдісін қалыптастыру на казахском языке

Мазмұны


КІРІСПЕ..................................................................................................... 5

1 ЖОО СТУДЕНТТЕРІНЕ СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ҮРДІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.................................................................
9

1.1 ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісі............................... 9

1.2 Күрес спорт түрінен машықтану сабақтарында дене қасиеттерінің маңызы.........................................................................................................
15


1.3 Оқу жаттығу сабақтарында күрес спорт түрінен машықтану үрдісін қалыптастыру.............................................................................
20

1.4 Спорттық үйірмеде машықтанушылардың жас ерекшеліктеріне
сай оқыту әдіснамасы............................................................................
25

2 СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРДЕ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ....................................
34

2.1 Дайындық жұмыстары және спорттық үйірмені ұйымдастыру............................................................................................... 34

2.2 Жаттығушылар белсенділерін даярлау және тәрбиелеу................. 41

2.3 Күрес спорт түрінің ағза өсуі мен дамуына физиологиялық әсері.... 45

2.4 Спортшыны психологиялық тұрғыдан дайындау жолдары............... 55

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................... 66


Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының азаматтарында жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы, Этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы және Елбасы Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөлініп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. Ол - өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін азаматты дайындау. «Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгі алатын, ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы, міне, осындай болуы керек.
Егеменді, зайырлы, демократиялы, құқықты мемлекетіміздің қазіргі таңдағы мақсаты - әлемдік өркениетке жету. Өркениетті республикамыздың болашағы жастар білімімен ұштасады. Қазіргі таңда білім алушыға қажетті жағдайлар жасауға, жеке адамды дамытуға бағытталған білім беру әдіс-тәсілдері жетілдірілуде. Студент және оның қоршаған ортасы- ұстаз, ата-ана, достары, тәлім-тәрбие ұйымдастырушысы, жетекшілері т.б. барлығының мақсаты - тұлға дамуына жағдай туғызу. Осы аталған ортаның әдіс-тәсілі, амал-құралы, дәріс түрлері студентті жан-жақты дамытуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері бүгінгідей ақпараттық технологиялардың дамыған кезінде алған білімін жан-жақты байыта отырып, өзін-өзі тәрбиелеуде түрлі әдістемелік жағдайларды біліктілікпен қолдана отырып, кәсіби шеберлігін шыңдау үшін үлкен мүмкіндіктері бар.
Жоғары оқу орны студенттердің іс-әрекетіне, жеке басының қасиеттеріне, кәсіби шеберлігіне жоғары талаптар қояды. Өзін-өзі тәрбиелеу - соңғы жылдары психология, әлеуметтану және педагогикалық озат практика даярлаған тұлғаны жетілдірудің тиімді жолдарының бірі. Студенттері жоғары оқу орнында алған білімін байыта отырып, оны өзін-өзі тәрбиелеуде біліктілікпен қолдана білуі тиіс.
Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде: «Тәрбиенің түпкі мақсаты-қоғамның нарықтық қарым-қатынысқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасаған. Осы орайда, халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, сондай-ақ, спорттық іс-әрекеттер арқылы өзін-өзі тәрбиелей білген нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналуда.
Мемлекет үшiн адамның денесінің сау болуы нақты материалдық мәнi бар кұбылыс. Қазiргi нарық заманында- денi сау адам үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс қызметiне тiкелей керi әсер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орын студенттерінің денсаулықтары өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының 4-5 есе төмен екенiн байқаған.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі тәрбиелеуі әлеуметтік-педагогикалық мәселе болып табылады. Бұл дене тәрбиесі мамандарының кәсіби шеберлігін қайта шыңдаумен, мемлекеттің салауатты өмір салтын ұдайы дамытумен, сондай-ақ студенттер мәселелерінің демократиялық қоғамдағы өзгерістер жағдайында шешілуінің күрделенуімен байланысты.
Бұл міндет жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болашақ дене тәрбиесі мамандарының да кәсіби даярлығының сапасына жоғары талаптар қойып отыр. Ал студенттердің кәсіби қалыптасуында оның өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды рөл атқарады.
Дене тәрбиесі мен спорттық үйірмелер жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Ой еңбегінің үлесі артып отырған қоғам дамуының қазіргі жағдайында ерік-жігердің көмегімен ойлау тәртібін қалыптастыру өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды міндетіне айналуда. Дене бітімін жетілдіру жөнінде де осыны айтуға болады. Күш, әсемдік, денсаулық, төзімділік, қабілеттілік және ағзаның төтенше жағдайларға тез бейімделуі - мұның бәрі дене жаттығуын талап етеді. Дене дамуы мен рухани дамуды қатар жетілдірмеу тұлғаның үйлесімсіздігіне алып келеді.
Еліміздің Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар- ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi [1].
Ғалымдардың зерттеулерiне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, ауру өсіп, өлiм-жiтiм деңгейi артқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.

Сондықтан адам тұлғасын сауықтыру – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі [2]. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «белсенді іс-әрекет» деп түсіндіріледі.
Сонымен, студенттердің дене тәрбиесі мен машықтану үрдісі қазіргі уақыттағы талап етіп отырған деңгейлерінің арасындағы қарама-қайшылық студенттердің дене дайындығын жетілдіруге педагогикалық мүмкіндіктер туғызатын спорттық үйірмелер оның ішінде күрес спорт түрін кең көлемде қолдану мәселесі ұсынылады.
1) ЖОО-ғы оқу-тәрбие үдерісінде дене тәрбиесі мамандығы студенттерінің тиімді өзін-өзі тәрбиелей білуіне деген тұлғалық қажеттілігі мен оқу материалын игеру және жаңғыртуға бағдарланған білім беру үдерісінің нақты практикасы арасында;
2) Дене тәрбиесі мамандығы студенттерінің болашақ маман ретінде тұлғалық-кәсіби қалыптасуына деген қажеттілік пен ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісіне спорттық іс-әрекеттер арқылы студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру факторы ретіндегі кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесінің жеткілікті түрде жасалмағандығы арасында қайшылықтар бар.
Жоғарыда айтылған қайшылықтарды, мәселелерді шешу қажеттілігі біздің зерттеу тақырыбымызды Аталған мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның әдістемелік тұрғыдан зерттеліп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, дипломдық жұмысымның тақырыбы: «ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру» деп аталады.
Зерттеу пән – ЖОО студенттері мен спорттық үйірмелердегі жаттықтыру сабақтары.
Зерттеу нысаны – ЖОО студенттері мен машықтанушы спортшылардың оқыту процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оқу-жаттығу сабағын басқару әдістемесін белгілеу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыру сабағының маңыздылығын анықтау;
2. ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыруда дене сапаларын жан-жақты дамыту;
3. Күрес спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайын анықтау;
4. Жеке тұлғаға спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгертіп,
салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі-жеке бастың спортты меңгеру маңыздылығы туралы, оның дамуындағы өзара байланыс теориясы мен тәжірибесі туралы қызметінің ролі, адамның қоғамдық қарым-қатынастың объектісі мен субъектісі екендігі туралы, қоғамдағы дене тәрбиесі процесінде болатын қауіпті және басқарылатын ара қатынастар туралы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыру сабағының маңыздылығы анықталды;
2. ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастырып дене сапаларын жан-жақты дамытуда;
3. Күрес спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайы анықталды;
4. Жеке тұлға болып күрес түрінің техникасы мен тактикасын меңгеріп,
салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландырылды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы-жұмыстың негізгі жағдайлары мен нәтижелері жалпы білім беретін мектептер мен гимназияларға, интернаттарға, спорт мектептеріне, ЖОО студенттеріне таратылып, практикаға ендірілді.
Жұмыстың ұсыныстары жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі оқытушыларының жаттықтыру сабақтарын басқаруда баланың жас ерекшеліктері мен физиологиялық, психологиялық жағдайын ескеруді есепке алады.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқу-жаттығу үдерісінде пайдалануға болады.
Жүргізілген зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағиданың жүзеге асуы, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру, студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін оқу-жаттығу үдерісінде пайдалану, оқытушының педагогикалық шеберлігін, оның шығармашылық мүмкіндігін жетілдіру сияқты көкейкесті проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

1. ЖОО СТУДЕНТТЕРІНЕ СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ҮРДІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

1.1 ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісі

ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыру, күресте дене сапаларының дамыту жолдары мен күрес спорт сабақтарында жүзеге асырылады. Яғни ол мектептерде сыныптан тыс күрес секцияларында, ал жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі сабақтарында кең дамытылады.
Балуанның спорттық шеберлігінің артуының күрес әдіс-айласын меңгерту жолдары: түрегеліп тұрып күресу, партерде күресу, жатып күресу, ұстап жату, қылқындыру, қол-аяғын созу т.б. әдіс айлалар жатқызылады.
Күрес әдіс-айласын орындау кезіндегі негізгі, шешуші қимылдар: аяқпен шалу, ілу, арқадан асыра лақтыру, «жамбас», кеудеден асыра лақтыру, т.б. әдістерде шешуші қимыл түрлері және осы әдістерді орындаудың әртүрлі варианттары бар. Ұстап жату, қол аяқты созу, қылқындыру әдістерін орындау ерекшеліктері. Күрделі және қарапайым әдістер. Әдістердің бір-бірімен биомеханикалық орындалу ерекшеліктері. Тіреу нүктесі, тіреу алаңы. Балуанның жалпы салмақ орталығы, оның әдіс орындау кезінде кеңістекте өзгеруі. Тепе-теңдікті сақтау. Сыртқы және ішкі күштер. Салмақтың түсу нүктелері. Аудару, аунау, сүйреу. Бұлшық ет күші оның бағыты мен мөлшерінің әдіс орындау кезіндегі өзгеруі кең байқалады [3].
Күрес спорт түрінде жаттығуға оқыту әдістемесі қажетті мақсаттардың жүйелілігін анықтап, оқытудың әдістемелері: айту-хабарлау-көрсету, проблемалық оқыту, жоспарлау негіздерін құрады.
Оқыту құралдары: қалыптасқан қарапайым техниканы қолдану арқылы.
Үйретудің әдістемесі – толығымен, бөлімдерге бөліп. Қателіктерді анықтау және түзету жолдары арқылы жүзеге асырылады. Күрес жаттығуларын оқыту кезінде тренажерлерды қолдану, әдістер таңдаудың жолдары, ерекшеліктері, биомеханика тұрғысынан талдау (тіреу нүктесі, тіреу алаңы, олардың әдіс орындау кезіндегі өзгеруі және т.б.), тепе-теңдіктен шығару жолдары (шалу, қағу, ілу, өңгеру т.б. әдістер арқылы), партерде және жатып күресу кезіндегі тепе- теңдік қимылдары және созу жаншу және ұстап жату жағдайларынан шығу жолдары кең қолданылады.
Күрес тәсілдеріне үйрету жолдары:
- қарсыласы кілемнен көтеру арқылы орындалатын әдістер түрі, оны орындаудың ерекшеліктері.
- түрегеліп және партерде тұрған балуанның тепе-теңдігін бұзу арқылы, әдіс орындау. Денеден, киімнен ұстау арқылы иін заңдылығын іске асыру жолдары.
- тіреу алаңы, және салмақтың түсу нүктелерін анықтау, шалу, ілу, қағу, жамбас, иықтан асыра лақтыру партерде және ұстап жату әдістерін орындау кезінде анықтау.
- түрегеліп тұрғанда партерде немесе жатып күрескенде денеден немесе киімнен ұстаған жерден құтылу әдістері.
Балуан дайындығын анықтау жолдары:
- балуан туралы хабар жинау, сұрау, бақылау, баспа материалдарын зарттеу, бейне таспа түсіру. Жарыстарды қадағалау т.б.
- балуанның жеке басы – оның жасы, спорттық разряды, спорттық көрсеткіштері, дене бітімі ерекшелігі, тегі, ұлты, дене дайындығы ерекшелігі, күресу ерекшелігі, әдіс-айланы меңгеру деңгейі, сүйікті әдіс- айлалар түрі, қорғаныс ерекшелігі, күресті жүргізу тәсілі ерекшедігі.
- мінезінің ерекшелігі, жүйке жүйесінің ерекшелігі.
- балуанның психологиялық дайындығы. Күш-жігер, мінез-құлықтың ерекшеліктері. Батылдық, жігерлік т.б. қасиеттерді арттыру жолдары. Жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Эмоция, оның күрес әсері [4].
Ұжымдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік т.б. қасиеттердің күреске әсері.
Батылдық, жігерлік қасиетті арттыру үшін қолданылатын жаттығулар түрлері.
Тәртіптілік пен жауапкершілікке әсер ететін жаттығулар.
Ұжымдық тәртіпке қажетті жаттығулар. Белгілі бір уақытта орындап үлгеруге қажетті жаттығулар.
Дене сапаларын күрес спорт түрі бойынша арттыру негізі.
Күрес спорт түрлерінде күштілікті арттыру.
Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:
1. Жеңу тәртібінде бұлшық ет жиырылады.
2. Көну тәртібінде бұлшық ет созылады.
3. Қозғалмайтын (статастикалық) тәртіпте бұлшық еттің ұзындығы өзгермейді.
Күштілікке тәрбиелеу жаттығулары. Күшті дамытудың амалдары мен әдістері. Күшті дамыту үшін жоғары қарсылықты жаттығулары колданылады. Олар екі топқа бөлінеді:
1.Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт құралдарының салмағы, серігінің қарсы әрекеті сыртқы ортаның қарсылығы жатады.
2. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (серіппеде тартылу, отырып-тұру, секіру т.б.).
Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш (жүктеме) өте көп болмауы керек. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет-қабілеттерін дамытудың негізі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отырған қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдылық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайларда төзімділікті ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру, дипломдык Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін