Сатиралық ертегі: Сәлім байбатша мен Рахым байбатшалардың қалай шүрегей етінен құр қалғаны

Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты.
Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды.
Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты:
– Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Момынбай менен Жеті қарақшылардың хикаясы

Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен.
Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды.
– Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі.
Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады.
Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Ертегілер
Толық

Жануарлар саны неге азаяды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар саны неге азаяды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: жануарлар санының азаюына әсер ететін адам әрекеттері туралы мәлімет алады;
Жануарларды қорғау шараларымен танысады. ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жануарлар саны неге азаяды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар саны неге азаяды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ерекшеліктермен танысады;
кейбір жануарлардың тіршілік ету жағдайына қалай бейімделетінін түсінеді. ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың топтарын біледі, тіршілік ету жағдайына бейімделуін түсінеді.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өсімдік тіршілігіне судың әсері 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне судың әсері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
Сабақтың мақсаты: судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы мағлұмат алады;
ылғалсүйгіш өсімдіктердің қоршаған ортаға қалай бейімделетінін меңгереді.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық