Мағжан Талапұлы

Мағжан Талапұлы - велосипедпен Қазақстанның туын көтеріп, 22 елді аралаған алғашқы Қазақстандық азамат.

Мағжан алғашқы ғылыми экспедицияны Антрактидада басқарған. Ол Алматы Қаласында дүниеге келіп, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ мектебіне барып, 7-11 сыныптарды ерекше дарынды балаларға арналған мектепте оқыды. Аты аңызға айналған саяхатшы революционер Әліби Тонжанұлы Жангелдиннің ұрпағы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ләззат Айтқожина

Дәрігерлік Алланың тарапынан берілген үлкен сый. Дәрігер болуды армандайтындар өте көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық.

Мамандықты меңгеру аздық етеді. Дәрігер болатын жанға ең әуелі үлкен жүрек керек, адамгершілік керек. Одан кейінгі биік ұстайтын ту – мамандығыңа деген адалдық, жаупкершілік. Дәрігер – тәулігіне 24 сағат дәрігер. Бүгін біз бір перзентке зар болып жүрген көптеген қазақстандық отбасыларға есімі жақсы таныс, жүзінен мейірім төгілген, алтын жүректі дәрігер, Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының гинеколог-репродуктологы Айтқожина Ләззат Кенжебайқызы туралы әңгімелегіміз келеді.

Ләззат Кенжейбайқызы Шығыс Қазақстан өңірінде 1980 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Семейдің медициналық университетіне (бұрын академия болған) 1997 жылы түсіп, 2004 жылы тәмамдаған. Мамандығы – емдеу ісі. 2004 жылы интернатураны аяқтады. Ләззат Кенжебайқызы тәжірибе жинау мақсатында Абай аудандық ауруханасына аттанып, алғашқы еңбек жолын кішігірім ортада бастауды жөн санады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Құралбай Орынбасар

Құралбай Орынбасар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы
Ол Азияны үш рет бағындырған, Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған, қазақ күресінен Еуропа және Азия чемпионы атанған, дзюдо спортынан Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға қатысып қайтқан ардагер балуан. Самбодан «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1976 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Отырар ауданының «құрметті азаматының» бапкерлігімен талай сындарда топ жарып жүрген спортшылар жектілікті. Олар: Әбілдаұлы Сабыржан самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Самбодан 2009 жылы өткен Азия чемпионатының және осы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қуат Есенов

Қуат Есенов – халықаралық олимпиадалардағы алты алтынның иегері

Қуат Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің түлегі. Бірнеше жыл бұрын әлемді таңдай қақтырып, рекордтар кітабына енген. Қазақтың «алтын баласы» казір Америка тұрады. Білімді жігіт небір күрделі математикалық теңдеулердің шешімін оңай тауып, АҚШ оқымыстыларын аузына қаратқан. Қуат Есенов оқушы кезінде екі рет математика пәнінен дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль алған. 2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, оқуын PhD академиялық дәрежесімен тәмамдаған. Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қуаныш Сүлейменов

Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы - «Шалабай» ЖШС бас директоры.

Қиын өтпелі жылдары жергілікті мектептің директоры Қуаныш Сүлейменов және ауылдық округінің әкімі Светлана Давлетова «Шалабай» сөзін бүкіл Қазақстанға таныстырғысы келді. Олар ауылдағы өмірді жақсарту жолында елеулі еңбек етті.
Олар көпжылдар бойы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысып, республикаға қазақтың ақбас тұқымын беріп келеді.

ЖШС құру жолында олар тіпті мемлекеттік жұмыстан шығып кетті. Осылайша кешегі мұғалім Сүлейменов мал шаруашылығының теориясы мен тәжірибесіне көп көңіл бөлетін болды. «Шалабай» ЖШС-нің қазіргі бас директоры Қуаныш Сүлейменов бұл күрделі бизнесті қазақстандық және әлемдік үздік тәжірибе негізінде жүргізудің заманауи моделін құрды. Светлана Давлетова көпжылдық еңбек өтілі бар экономист және осы серіктестіктің бір бөлігін жүйелі басқарып келеді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қуаныш Жұмабек

Қуаныш Жұмабек - ғалым, аудармашы, полиглот, докторант.

Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы 1988 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. 2000-2005 жылдар аралығында Е.Рахмадиев атындағы 5 жылдық Үржар балалар музыка мектебін «домбыра-тенор» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылында М. Горький атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2006 жылы ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында 100 үміткер ішінен М.Әуезовтың 20 томын жатқа айтқаны үшін Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп алған.

Аталмыш жылы ҰБТ арқылы да мемлекеттік оқу грантын жеңіп алып Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. Білімін толықтыру мақсатында 2010-2011жылдар аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған. Осылайша, 2010-2012 жылдар аралығында Қайнар университетін «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012-2014 жылдар аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Үмбетов Жарылқасынұлы

Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы – полковник, ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.

2016 жылдың 7-ші сәуірінде Қарағанды облысының Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу орталығында жедел қызметтің жеке құрамымен бірге граната лақтыру барысында 6505 әскери бөлімінің бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, жас жауынгерді өз денесімен қалқалап жапты және оны өлімнен құтқарды.

Жарылыс салдарынан офицер жарқыншақ тиіп жарақатты, қатардағы жауынгер А.Сұлтанқұлов бірнеше болмашы жарақат алды. Полковниктің өзі болса, бұл әрекетін ерлікке бағаламайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Молдасеитов Құсейінұлы

Молдасеитов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген. Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда.

Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам.
Еңбек жолын 1992 жылы «Күнгей» ЖШС-тың директор қызметінен бастады. Одан кейін 1995-2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының «Трансмарс» ЖШС-та және 2002-2004 жылдары Шымкент қаласының «КИТ Со» ЖШС-та директордың орынбасары болса, ал
2004-2009 жылдар аралығында «КИТ Со» ЖШС мен «Отау құрылыс» ЖШС-та басшылық етті.

2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты. Содан 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2012-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда «Отау Групп» компаниясының Президенті және Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласындағы Мажарстанның құрметті консулы лауазымына тағайындалды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Майтеков Амангелдіұлы

Майтеков Қайрат Амангелдіұлы - кәсіпкер

Қайрат Майтеков «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жеріндегі әлеуметтік нысандарды жөндеп, матриалдық базасын нығайта түсуге көмектесіп жатқан түлектердің бірі, ірі көлемде қаржылай қолдау көрсетіп, мектептің жоғын түгендеп берген кәсіпкер. Одан өзге сыныптасы Әлімбек Сейдуллаевпен білесіп өздері білім алған Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша 33 тілді оқытатын тіл зертханасын ашып берген.

Қайрат Майтеков 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1991 Қазақ Мемлекеттік аграротехникалық университетіне "экономист-менеджер" мамандығы бойынша оқуға түсіп, сәтті аяқтап шығады. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласында «Казпроммаркет» ЖШС бастап, іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында қызметтік жолында үлкен жетістіктерге жетеді. Қазір «МАКСИМУС» ЖШС директоры.
Үлкен қызметте жүрсе де ешқашан туған ауылын ұмытпаған азаматтардың бірі осы Қайрат Амангелдіұлы. Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектептің 1991 жылғы түлегі жақында 150 миллион теңгеге өз мектебіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Майышев

Қайрат Майышев – «Жас Қанат 2006» құс фабрикасының директоры
Қайрат Майышев 1998 -2001 жылдар аралығында «Дәулет M» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2001- 2006 жылдар аралығында – «Алтын Дән Күз» ЖШС директоры болды. 2006 жылдан бүгінге дейін - «Жас Қанат 2006» ЖШС директоры.

2006 жылы «Жас Қанат 2006» кәсіпорнын сатып алып, Рудный қаласында құс фабрикасын құру туралы шешім қабылдады.

2007 -2016 жылдар аралығында «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасы жаңарудың үш кезеңін өткерді. 2007 жылдан 2016 жылға дейін кәсіпорынның өнімділігі 2857%-ға артты. Ал құстар саны – 2857 %-ға артты. Осы уақыт аралығында кәсіпорын жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталды, жаңа ғимараттар, қоймалар, дүкендер салынды, бұл сапалы, экологиялық таза өнім - тауық жұмыртқасын өндіруге және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық