Жүзден жүйрік

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Бал, балауса жайқалғандай гүлдерің
Бірің тұңғыш, кенжесісіңдер бірлерің,
Қарсы аламыз даярлық «б» тобының
Балжайнаған ұлдары мен жауқазындай гүлдерін.
дей отырып, сайысқа қатысушы
1 топ – «Сұңқар»
2 топ – «Барыс»
3 топ – «Тұлпар» топтарын ортаға шақырамыз.
Армысыздар бал - балауса балдырған
Қылықтарың жүрекке із қалдырған
Бірің әнмен, бірің бимен өрнектеп
Көрінетін сайыстарда сан қырдан.
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі даярлық «а» тобында өткелі отырған «Жүзден жүйрік» сайысына қош келдіңіздер!
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сайыс ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына ұпай беріледі. Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар. Әуелі белгі береміз, атыңыз аталғаннан кейін жауап бере аласыз. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа белгіні екінші болып көтерген топ жауап береді және бірінші топ келесі сұраққа жауап бере алмайды. Ол топтың да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын өзім айтамын.
Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық