География | Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі

Еліміздің «Оңтүстік астанасы» болып саналатын Алматы қаласы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Ол еліміздің қаржы- экономикалық, әлеуметтік - мәдени, ғылыми және саяси орталығы болып табылады.
Алматы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь - Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік - шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700- 900 метр жоғары, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі - қалың ағаш өскен шұрайлы алқап.
Алматы қала маңының әсем табиғаты дүниежүзіндегі кез- келген аймақпен теңдесе алады. Ондағы Медеу спорттық кешені, Түрген шатқалы, Шымбұлақ тау - шаңғы курорты, Алма - Арасан шатқалы, Шарын, Алтын Емел, Көлсай, Алматы мемлекеттік қорығы, Іле Алатауы ұлттық саябақтары бұлар табиғаттың баға жетпес байлықтары.
Мұнда туризмнің көптеген түрлері - тау туризмі, экотуризм, сутуризмі, альпинизм және спорттық көптеген туризм түрлері, ат туризмі, сноуборд, сноутюбинг; шым – шытырық туризм түрлері дамыған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Каспий маңының геоэкологиялық жағдайы

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Каспий теңізі – тек Қазақстан аумағындағы ғана емес, дүние жүзі бойынша көлемі ең үлкен көл. Теңіздің жануарлар дүниесі мен минералды қорлары халық шаруашылығы үшін өте маңызды. Атап айтсақ, Каспийдің әлемге әйгілі бекіресі мен ең басты байлығы – мұнай Қазақстанмен қоса, жағалауында орналасқан басқа төрт мемлекетті қамтамасыз етіп отыр. Алайда мұнайды өнеркәсіпте ұқыпсыз пайдалану әсерінен Каспийдің био ресурстары мен суы, жағалауындағы табиғи кешендер ластанып, зардап шегуілде. Бұл бір проблема болса, Каспий балықтарын шектен тыс аулап отырған – балық шаруашылығының ысырапшыл әрекеті екінші бір проблеманы туғызып отыр. Бұл жағдай осы сарынмен жалғаса берсе, тиісті шаралар жүргізілмесе Каспийдің жағдайы мүшкіл болмақ. Көкейкесті мәселе ретінде осыны талдау талабы қойылып отыр
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Каспий теңізі мен оның биоресурстарын, минералды ресурстарын тиімді пайдалану және теңіздің қазіргі экологиялық ахуалын жақсарту бойынша экологиялық-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу барысында:
• Теңіздің физикалық-географиялық, экологиялық және қазіргі кездегі жағдайы анықталды;
• Теңіз суы мен биоресурстарының негізінен мұнай өнімдерімен ластанғаны және балықтарының, балық шаруашылығының пайдалануынан ысырап болуы анықталды;
• Каспий теңізіне халық шаруашылығының теріс әсерін жою немесе төмендету мақсатында жүргізілген іш шаралар айқындалды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Алматы облысының гипсометриялық және геоморфологиялық карталарын құрастыру

Алматы облысының масштабы 1:1000000 гипсометриялық және геоморфологиялық карталарын құрастыру. Топографиялық карталармен қатар гипсометриялық карталар және геоморфологиялық карталар құрастырылады, олар ең алдымен нақты анықталған геоморфологиялық және гипсометриялық мәні бар морфометриялық көрсеткіштері бойынша жер бедерін көрсетеді. Геоморфологиялық және гипсометриялық карталарды топограф және картограф мамандары геоморфологтармен бірлесе отырып құрастырады.
Гипсометриялық және геоморфологиялық карталар жер бедерін зерттеу мақсатында, практикалық, ғылыми-зерттеу мақсатында, сонымен қатар инженерлік және халық шарушылығындағы барлық салаларындағы қажеттіліктерді шешу үшін құрастырылады. Геоморфологиялық карталардың басты ерекшеліктерінің бірі-бедер элементтерінің морфологиясын, жасын және қалыптасу тарихын бейнелеу. Олар ең бірінші жер бедерінің сыртқы көрінісіне көңіл аударады, ал жер бедерінің қалыптасуы екінші орында тұрады. Геоморфологиялық картографиялау жүргізу кезінде зерттеушінің алдында бедер түзу процесінің қайтуы басымдау екен деген сұрақтар пайда болады. Бұны шешу үшін мына тәртіпті нұсқау етіп қолдану қажет: топографиялық картаның масштабына және жүргізіліп жатқан геоморфологиялық түсірім масштабына сәйкес картаға арнайы қосымша геоморфологиялық мәліметтерді енгізу қажет ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері

Тақырыптың көкейкестілігі: Жер бетіндегі биік таулардың айнала қоршаған орта үшін, ондағы болып жатқан әр түрлі ішкі және сыртқы әрекеттердің, жер шарындағы тірі ағза мен климаттық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әсіресе, оның жер бетіндегі климат пен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда ерекше қызмет атқаратыны белгілі. Бұл әрекеттер жер асты процестерінде түрлі тектоникалық және геологиялық қозғалыстар мен ауытқуларға негіз болады. Осы болатын географиялық құбылыстар жер беті тауларымен, әсіресе биік тауларымен тығыз байланысты [1].
Дүниежүзіндегі ең биік таулардың негізгі бөлігі Азия территориясында бой көтерген. Бұл таулар өзінің физикалық-географиялық жағдайымен дүниежүзілік таулардан өзінің ерекшіліктерімен оқшауланып тұрады. Ең алдымен оның географиялық орналасуы мен географиялық қалыптасуы, жер бедері, климаты табиғи ландшафтысы және өзендерінің гидрологиялық режимдерімен ерекшеленеді [2]. Сонымен қатар, жер шарындағы табиғат нысандарының ішінде ораграфиялық жағдайы бойынша да зерттеуге өзекті сипат береді. Осындай өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктері» – деп белгіледік. Себебі, бүгінгі күні болып жатқан табиғаттағы ырғақтылық құбылыстардың өзгеруі мен қалыптасуында Азияның биік таулы аймақтарының алатын орны ерекше. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен тәжірбиелік маңыздығы.Егеменді ел болғалы да біршама уақыт өткенімен мал басы, оның ішінде ірі қара мал саны өспей отыр. Бүгінде республикада мал саны небәрі 6 млн ғана. Мал басы көбінесе шаруа қожалықтары мен жеке кооперативтерде шоғырланған. Ірі қара мал басының бұлай өспеуінің себебі төлдер арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар себепкер болып отыр.Республикамызда ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады.Ірі қара малы өнімділігін арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу

1.1 Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы. Бүгінгі таңда көптеген шаруа қожалықтары мал өсірумен айналысады. Мемлекетіміздің елбасы осы салада жұмыс атқаратын кәсіпкерлерге мал өнімдерінің сапасын әлемдік сұраныстар мен стандарттарға сай және бәсекелестікке төзімді кластерлі түрде дамуды ұсынып отыр. Айта кету керек осы бағытта тез арада аяқтан нық тұрып, ауқымды пайда алу үшін салынатын салық мөлшерінің азайтылуы, несие алудың жеңіл және тиімді жолдары ұсынылуы сияқты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жасалып отырған жағдайлар Қазақстанның әлемдегі 50 дамыған елдер 5 қатарына енуіне өз септігін тигізері анық.
Қазақ халқы ата заманнан төрт түлік мал өсірумен айналысқан, алайда заман ағымына сәйкес басқа да жануарлар өсіруге бет бұрған шаруашылықтар өте көп. Қазіргі таңда ұсақ және ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде әр түрлі ауруларды, соның ішінде инва-зиялық ауруларын атауға болады. Инвазиялық аурулар Қазақстанның барлық аймақтарында кездесіп, ауылшаруашылық малдарының барлық түрін зақым-дайды. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді.
Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын өркендетуге кедергі болып отырған инвазиялық аурулар тудыратын гельминттердің ішіндегі маңыздысы эхинококк құрты болып табылады [1, 2, 3, 4, 5]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы

Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

1.1.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1].
Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ – шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Алтын Орда ішкі сауда объектісінде заманауи препаратымен кеміргіштерді жою

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы
Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор.
Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2].
Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады.
Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері

Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді [3]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық