Дипломдық жұмыс: География | Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі

Дипломдық жұмыс: География | Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі казакша Дипломдық жұмыс: География | Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі на казахском языке

Мазмұны

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ
1.1. Жер бедері мен орографиясы
1.2 Климат жағдайлары
1.3 Жер бетінің су қоры
1.4 Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚЫСҚЫ ОЛИМПИЯДА ӨТКІЗУ МҮМКІНДІГІ
2.1 Олимпиядалық ойындар туралы жалпы мәлімет
2.2 Алматы қаласының қысқы олимпиада өткізу мүмкіндігі
2.3 Алматы қаласындағы қысқы олимпияда өткізуге дайындығы

3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЗИЯЛЫҚ ОЛИМПИЯДА ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ,ТУРИСТТІК ОРТАЛЫҚ РЕТІНДЕ ИМИДЖІНЕ ӘСЕРІ
3.1 Алматы қаласының 2014 жылғы халықаралық Олимпияданы өткізуге үміткер
3.2 Азиялық қысқы олимпияда ойындарының Алматының туристік имиджіне әсері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Еліміздің «Оңтүстік астанасы» болып саналатын Алматы қаласы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Ол еліміздің қаржы- экономикалық, әлеуметтік - мәдени, ғылыми және саяси орталығы болып табылады.
Алматы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь - Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік - шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700- 900 метр жоғары, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі - қалың ағаш өскен шұрайлы алқап.
Алматы қала маңының әсем табиғаты дүниежүзіндегі кез- келген аймақпен теңдесе алады. Ондағы Медеу спорттық кешені, Түрген шатқалы, Шымбұлақ тау - шаңғы курорты, Алма - Арасан шатқалы, Шарын, Алтын Емел, Көлсай, Алматы мемлекеттік қорығы, Іле Алатауы ұлттық саябақтары бұлар табиғаттың баға жетпес байлықтары.
Мұнда туризмнің көптеген түрлері - тау туризмі, экотуризм, сутуризмі, альпинизм және спорттық көптеген туризм түрлері, ат туризмі, сноуборд, сноутюбинг; шым – шытырық туризм түрлері дамыған.
Ал танымдық мәдени туризмге Тамғалы тас тау шатқалында Аңырақай күмбезі, Бесшатыр мазары, Жібек жолы бойындағы көне қала Тальхиз, Сақ қорғаны ескерткіштері арқылы еліміздің этнографиялық, тарихи және мәдени мұраларымен таныса аламыз.
Алматы қаласы 2011 жылы олимпиядалық ойындар өткізудің экономикамыз және саяси жағынан тиімді әсері мен пайда, көмегі бар. Біз біріншіден, осы олимпиядалық ойындар өткізу арқылы елімізді дүниежүзіне таныта аламыз. Сонымен қатар осы олимпиядаға жұмсаған қаржынының 80% телеарналарға көрсету құқығы бергенінен және жанкүйерлерге сатылған биленттер арқылы кіріс түседі. Салынған объектілер халықаралық стандартқа сай болуына байланысты еліміздің спортын дамытып, болашақта елімізді танытарлық жас спортшыларды дайындауға мүмкіндік туады.
Сонымен, әсем қаламыз Алматы 2011 жылы қысқы Азия олимпиядалық ойындарын өткізуге мүмкіндік алды және 2014 жылы халықаралық Олимпияда өткізуге үміткер болды.
Олимпияда өтетін жерлер деп Талғар,Түрген шатқалы таулар жобаланып отыр.
Олимпиядаға келетін қонақтар мен жанкүйерлерге арналған, дүниежүзілік стандартқа сай халықаралық қонақ үй желісінің (Hyatt Regency Almaty, The Regent Almaty) 36 - қабатты американдық 5 жұлдызды «Mariot – Esentai» қонақ үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр және қала орталығындағы бұрынғы пионерлердің орнына бес этажды отель салынып жатыр.
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ

1.1. Жер бедері мен орографиясы

Жер бедері (рельефі). Алматы төңірегі негізінен таулы келеді. Оңтүстігіндегі Тянь- Шань тау жүйесінің бір сілемі - Іле Алатауы жатыр. Тау етегінде шайынды жыныс қабаттарынан түзілген ысырынды конус элементтері көп кездеседі. Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аралығы дөңбектасты- малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конуспен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан. Алматы территориясының оңтүстік бөлігі, оның орталық, әсіресе солтүстік бөлігіне қарағанда қатты тілімденген.
Альпілік тектоникалық қозғалыстар Іле Алатауына күрделі кейіп берді. Биік таулық ярус (3000- 5000 м) бедері альпілік сипатта, тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі, шыңырау сайлы болып келеді. Гляциалдық белдеуінің біраз бөлігін мұз басып жатады. Бұл аймақта тау жыныстарының үгілу және тік беткейлермен төмен қарай сусу қарқынды күшті болғаны байқалады. Бұған шектес төменгі ярустың (3000-1500 м) бедері терең сайлар мен жосықтарға толы, өзен аңғарының беткейі тік құлама болып келеді. Алматы төңірегінің ең биік жері- Іле Алатауының Талғар шыңы (4973 м) /1/.
Қала маңындағы Іле Алатауының солтүстік сілемі аласа төбе, адырлы келеді, мұнда бөктерлік биік шоқылар көп ( қазіргі Боралдай қыраты, Көктөбе, Қотырбұлақ, Шаналысай). Тау етегіне ұштасып жатқан жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты- дөңбектасты шөгінділерден түзілген, беті лесті, құмды- сазды қабаттан тұрады. Солтүстікке қарайғы атырап бедері едәуір еңіс келеді де, бірте- бірте тегістеле бастайды. Бұл өңірде Үлкен және Кіші Алматы, Есентай (Весновка), Ремизовка өзендері бар. Солтүстік батысқа қарай сай-жыралар мен құрғақ аңғарлар көп, жер беті сәл еңістеу, антропоген кезеңінің аллювий және эол шөгінділерінен түзілген жазық дала. Мұнда биіктіктері 60-80 метр шамалы қырқалар мен төбелер жиі ұшырайды. Құмды қырқалардың беткейлерінде қуаң далаға бейімделген ксерофитті өсімдік өседі. Табиғи жер бедері қала жағдайына сәйкес айтарлықтай өзгеріп келеді. Мысалы, Үлкен Алматы өзені аңғарындағы дөңбектасты- малтатасты аумақты төбе алғашында құм, қиыршықтас өндірілетін карьерге , кейін қала тұрғындары тынығатын Сайран бөгеніне айналдырылды.
Геологиялық құрылысы. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві – Іле Алатауы антиклинориінің солтүстік қанаты етегінде. Ендікке жуық бағытта созылған географиялық құрылымдар мен тектоникалық жануарлар зоналарының жалпы бағытына сәйкес келеді. Бұл жота граниттен, габбродан, эффузиялар мен олардың туфтарынан, эффузиялық шөгінді жыныстардан, аздап құмдастардан, мәрмәрдән түзілген. Іле Алатауының қазіргі сипаты палеогеннің ақырында басталған тектоник, процестердің нәтижесінде қалыптасқан /2/.
Бүкіл антропоген кезінде таулардың биіктеуіне байланысты Іле Алатауының солтүстік беткейлеріндегі өзен аңғарлары мен шатқалдарында дөбектас, қиыршықтас – малтатас, құм – саз құрамды кесек жыныстар мол жиылды. Бұл тау етектерінде ысырында конустарды түзіп, төменіректе ені 10 – 15 км қалыңдықта. 2000 – 3000 метрлік тұнба жыныстар қатарына ұласады.
Ысырынды конустардың жазыққа қарай ылдилау анық байқалады. Көлденең қимасы линза пішінді. Мұнда тау жақтан келген жер беті мен жер асты ағындарының сүзілуі нәтижесінде артезиан суының мол қоры жинақталады. Қала үшін бұл судың маңызы күшті.
Қала атырабының жоғарығы сейсмикалылығымен, көне және жас терең жарылыстары мен байланысты. Мұнда үлкен апат болған. Верный (23 май (9-июнь) 1987) және Кемин 22 желтоқсан 1910 (4 қаңтар) 1911) жер сілкініулері болды. Соңғысы СССР – ның континенттік бөлігіндегі ең күшті жер сілкіну болып табылады /3/.
Сейсмологиялық және геофизиологиялық комплексті зерттеулер жер сілкінуінің қалыпты 9* балдық зонасын және одан жоғарғы сейсмикалық аймақтарды анықтауға мүмкіні береді, ірі ғимараттар тұрғызуға қажетті антисесмикалық шараларды анықтады.
Алаты күшті лайлы тасқындардың бар аймақта орналасқан. Анатты тасқындар Кіші Алматы өзенінің арасында 1921 және 1973 жылдары болды. 1921 жылы қалаға 3 млн м3 – ден астам балшық пен тас қаптады. Мореналық Тұйықсу көлінен басталған 1973 жлы лайлы тасқынды Медеу плотинасы бөгеп тоқтатты. 1977 жылы тамызда Үлкен Алматы өзенінің аңғарында 6 млн3 - дй көлемдегі сел тасқыны болды Үлкен Алматы плотинасы). Қазіргі кезде елді – мекендер мен халық шаруашылық объектілерінен лайлы тасқындар мен қар көкіндерінен сақтандыру жобаларының жүйесі іске қосылды ( Селден қорғау басқармасы). Алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен жүргізілуде (Сел, Сел тасқыны станциясы).
Қаланы кеңейту үшін жер бедері қолайсыз, ылғалды мол босаң топырақты алаңдар кеңінен игерілуде. Мұндай жерлерді пайдалану үшін әуелі әр түрлі техникалық шаралар жүргізіледі (сай - жыралады тоыпыраққа толтырып текістеу, дренеждау, ағынды реттеу, т.б.). Қала шетіндегі антропогендік қабаттардың іргетасы осы тереңдікте орнатылады. Қала іші мен оның төңірегінен табылған, құм, қиыршықты тас, малтатас, құрылыстық және беттеме тас, ізбестас және тағы да басқакеңдері кеңінен қолданылады /6/.
Гидрогеологиялық жағдайы. Алматы өзінің гидрогеологиялық жағдайы жөнінен Іле артезиан алабына, Іле Алатауының солтүстік бөктерлік терең ойпаты аймағына жатады. Қалыңдығ 3200 метрден астам палеоген – неогендік, антропоген шөгінділер жаралу тегі мен құрамы әр түрлі жер асты суы жмылған.
Палеоген мен төменгі неогеннің құм қабаттарында тұзды (37 – 54г/л), хлоридті, натрийлі, ыстық (70 – 800 С), арыны күшті (250 – 300 атм) жер асты суы бар. Суының құрамы (г/кг): йдо – 0,007, бром – 0,060, бор – 0,006 – 0,018, кремний қышқылы – 0,017.
Жоғарғы неоген жыныстары қабатының 1750 м тереңдігінен ыссы (скважина забойында 810С), сәл тұздылау тұз шағыда. Құрамы (г/кг): йод – 0,001 – 0,002, бор – 0,020, бром – 0,012 – 0,017, кремний қышқылы – 0,036, фтор – 0,003; Газдары (%): азот пен сирек газдар – 85, оттегі – 13, метан – 2. Судың бальнеологиялық қасиеті анықталды. Мұнда қол – аяқ, жүйке, ішек – қарын ауруларын емдейтін санаторий салынуда (1982).
Анторпогеннің дөңбектасты – малтатасты, құмды – саздақты шөгінділерінде (қалыңдығы 500 метрлен астам) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су ағынсыз келеді, ал таудан 16 – 20 км қашықтықтағы сазды қабаттарды арынды судың бірнеше горизонттары қалаптасқан, суы тұщы (0,2–0,3 г/л), гидрокорбанатты, кальцилі және салқын. Бұл горизонттарда 50 – 60% өзен суы, 20 - 25% ирригациялық су, 10 % атмосфера ылғалы, 1 – 2% таулық жер асты суының үлесі бар. Анторпоген жынысының сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануда /8/.
Тауда жарықшақтық және өте тұщы (0,1 – 0,3 г/л), гидрокорбанатты – кальцилі магнилі су көздері көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің жапсарларындағы су сәл ащы (1 – 3 г/л), сульфатты, натрилы болады.
Тектоникалық жарылыстар мен минералды жылы су зоналары байланысты. Бұл сулардың шипалық қасеттрі бар. Алма Арасан санаторий» осындай судың негізінде жұмыс істейді.

1.2 Климат жағдайлары

Климаты. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы- желсіз тымық ауа райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көп жылдық орташа температурасы 90 С, ең жоғары температурасы 420 С, ең төменгісі- 380 С.

1- кесте. Ауаның көпжылдық орташа және экстремальдық температурасы

Айлар I I I III IV V VI VII VIII IX X XI XII Жылдық

Орт.темп (0С) -7 -6 2 10 16 21 23 22 17 10 0,1 -5 9
Абс.макс (0С) 17 18 26 33 37 39 42 40 36 31 25 18 42
Абс.мин (0С) -36 -38 -27 -10 -7 -2 -7 -6 -2 -15 -34 -32 -38

Алыну көзі «Алматы энциклопедиясы»

Бозқырау шамамен 14 қазан мен 18 сәуір аралығында байқалады, ерте түсетін кезі- 28 қыркүйек, кешіккенде 30 мамырға дейін созылады. Ауаның 00С- тан жылы кезі жылына орташа есеппен 176 тәулікке (жалпы 118-214 тәулікке) дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 252 тәулік, 1-шы наурыздан 18- ші қарашаға дейін созылады. Тұрақты аяз, яғни ауаның 00С- тан төмен мәні орташа есеппен 67 тәуліктей шамамен 19 желтоқсаннан 23 ақпанға дейінгі кезеңді қамтиды. Кейбір жылдары қыста 60-70 тәуліктей күннің тым жылынатын кездері болады (1940-1941, 1951-1952, 1962-1963 жылдары). Ауа температурасы 300С-тан жоғары ыссы күндердің саны орташа есеппен жылына 36 күндей, ал 1944 жылы- 58 күнге созылса, 1972 жылы - 8-ақ күн болғаны байқалады /5/.
Қуаңшылығы басым кез тамыз айы, бұл айда қалаға орта есеппен 24 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғалы мол ай -мамыр, 93 мм. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 550-600 мм (2-кесте). Жауын-шашынды кезең сәуір-мамыр айлары, бұл құбылыс кейде қазан-қараша айларында да байқалады. Жылдың салқын кезі негізінен тұманды келеді. Тұманды күндер саны қала және оның төңірегінде орта есеппен жылына 50-70 тей, жылдық орта мөлшерден ауытқуы кейбір жылдары 40 тәуліктей. Күн күркіреу, найзағай жарқылдау (жылына орташа есеппен 23-45 күндей) болады. Әсіресе мамыр-шілде айларында өте жиі байқалады. Алматы климатының ерекшеліктерінің бірі - кейде наурыздың 2-ші жартысында-ақ күн күркіреп, найзағай ойнайды. Соңғы рет бұл құбылыс 1982 жылы 17 наурызда, қала үстіндегі жылы ауа мен солтүстік-батыстан ағылған салқын ауаның шұғыл араласуы нәтижесііндегі күшті қар жауу кезінде болды.
Қардың тұрақты жатуы шамамен 30 қазаннан (кейде 5 қазаннан 21 қарашаға дейінгі аралықта) басталады. Толық еру мезгілі 2 сәуір (өте ерте кету мерзімі 26 ақпан, ең кеші -12 мамыр) шамасы, Қар шамамен 114 тәулік бойы жатады. Наурыздың соңғы он күндігіндегі қардың қалыңдығы 4 см мөлшерінде.Аспанды негізінен көбіне орта және жоғарғы ярусты жұқа шарбы бұлт басады. Бұл күн радиациясын онша тежемейді. Сондықтан бұлттылықты төмендегідей сипаттауға болады. Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%, жылдың қалған маусымдарында 20-30%, күн ашықтығының (0-2 балға дейін) қайталануы жыл бойына 70%-ке жуықтайды. Сібір антициклонының қалыптасуына байланысты қала үстіндегі атмосфералық қысым артады.(2-кесте) ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі, дипломдык Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумы, Дипломдық жұмыс: География | Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін