Қыз ұзатқан ата-анаға тілек

Осылай өмір сыйын ұсынғаны,
Парыз ғой қызды ұядан ұшырмағы.
Мінеки, ата-анамыз балапанын
Ниет қылды ұясынан ұшырғалы.

Сіңіп еді бізге ардақты сөздеріңіз,
Сіздерден тәлім жолын....

Өлеңдер
Толық

Ғабиден Қожахмет (Әкеге тілек 63 жас)

Ұл-қызының сезінумен арманын,
Ойлайтұғын әке асқар тау жан-жағын.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әкеміздің 63-ке толғанын.

Әрбір белес, әрбір асу, ол - бір із,
Қашанда да....
Өлеңдер
Толық

Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз

Мұсылманшылық әсте-әсте,
Кәпір болу бір пәсте.
Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.

Сайрамда бар сансыз баб.

Құдай ұрғанды Пайғамбар асасымен түртеді.

Құран сөзі - Құдай сөзі.

Құдай қылғанды былай қылма.

А, Құдай! А, Қүдай!
Сыйынғанның белгісі. Тек! Тәйт! Шәйт!
Бұйырғанның белгісі.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бақыт, Бақ

Қолыңда жарың болса,
Қараңғылық қашады;
Даналық көзіңді ашса,
Бақытсыздық қашады.

Ақыл қонбаған жігітке,
Бақыт та қонбайды.

Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.

Батыр - ортақ, бақ- жалқы.

Мақал-мәтелдер
Толық

Балық

Балықтың жаны суда.

Балық жоқта бақа да балық.

Балықтың тілін бақа біледі.

Балық аулай алмаған суды лайлар.

Балықтың да сегіз қанаты бар.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бизнес кеңес: Өз ісімізді ашамыз, негізгі және қосымша шығындарға не жатады?

Жаңа бизнесті ашпастан бұрын болашақ жобаға кететін барлық шығындарды есептеп алған жөн. Себебі жобаның пайда әкелуі мен өзін-өзі ақтау мерзімі сіздің есептеулеріңізге тікелей байланысты болады.
Бизнес және қаржы
Толық

Базар, сауда

Саудагер ажарын сатады,
Сұрамсақ назарын сатады.

Арзан болса,
Алушыдан ынсап кетеді.
Қымбат болса,
Сатушыдан ынсап кетеді.

Сауда сақал сипағанша.

Барымен базар,
Жоқты қайдан қазар.

Базарда мың кісі бар,
Әркім танығанына сәлем береді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Аңқаулық

Аңқаудың аузы ашық.

Аңқау астындағы атын алты ай іздейді.

Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.

Аузын ашса, сыры көрінеді,
Есігін ашса, төрі көрінеді.
Мақал-мәтелдер
Толық