Экономика | Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 36 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.
Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвсетициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирлиленген тұлғалармен жасалатын мәсмілелер банктерді тәуекелге барғызбауу шарт. Қаржылық қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет деп қарастырды өзінің Жолдауында Елбасы. / 1. 108-б /
Республикамызда банкілік қызметті реттейтін заңдар 1995 жылғы 30 наурыздағы ұлттық Банк туралы заң және 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер және банкілік қызмет туралы заңы бүгінгі таңдағы банк қызметтінің құқықтық негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық, айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. ұлттық Банкі өз құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал ұлттық Банк қызметін ҚР-нң Президенті қадағалайды, ұлттық Банк президент алдында есеп береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық