Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда айналамен танысу сабағын оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын тәжірибе үлескісінде еңбекті ұйымдастыру арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық