Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы

Кіріспе
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жақтары мен субьективтік жақтарының жиынтығы болып табылады. Барлық құрамы түгел қылмыс тек қана заңын ерекше бөлімінде емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады.
Қылмыстық құқықта мемлекеттік құпияны жария ету құрамын төрт топқа бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Осыған байланысты мемлекеттік құпияны жария етудің объектісін, мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын, мемлекеттік құпияны жария етудің субъектісін және субъективтік жағын бір-бірінен ажырата білу қажет. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына кіретін төрт белгіні таппайынша оны мемлекеттік құпияны жария ету құрамы деуге болмайды.
Қылмыстың объектісіне жататын белгілер қылмыстық заңның диспозициясында үнемі көрсетіле бермейді. Қылмыстың субъектісіне жататын белгілер де диспозицияда аз кездеседі. Жалпы қылмыс үшін 16 жасқа, ал кейбір қылмыстар үшін 14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс азаматтар жауапты болып табылады. Осы жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам жасауға болмайтын қылмысты жасағанымен, заң шығарушы оларды жауапкершіліктен босатқысы келген жағдайда, заңның диспозициясында субъектінің жасын немесе басқа сапасын керек ететіндігін көрсетеді.
Қылмыс құрамының объективтік жағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу, жария ету бойынша сипатталады, яғни сипатталатын белгілер диспозицияда көбінесе әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетіледі. Себебі нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады.....
Курстық жұмыстар
Толық