География | Дүниежүзінің шаруашылық географиясы

Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.
Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді».
Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада, Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады.
Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталған: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек. ....
Рефераттар
Толық

География | Дүниежүзілік өнеркәсіп

Өнеркәсіп – бұл өндірістік сала. өйткені кез келген дайын бұйым міндетті түрде азды-көпті өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. өнеркәсіптің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Оған негіз болған қолөнер орта ғасырларда мануфактуралық өндіріске, ал ол өз кезегінде сан салалы өнеркәсіпке ұласты. Бұл өзгерістерге алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп өндірісін жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі қаржының жинақталуы және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуы түрткі болды.
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістерді жиынтығы болып табылады. өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (тас көмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салалары (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
өнеркісіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді.
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен метеллургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуына ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына «астаналық» фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.....
Рефераттар
Толық

География | Дүниежүзілік нәсілдер құрамы

Адамдар ең негізгі өзіндік белгілері бойынша: яғни терісінің түсіне, бет бейнесіне, дене құрылысына, шашына және көздерінің бітіміне қарай үш улкен нәсілге: еуропоеидтерге, манголойдтерге және негроидтерге бөлінеді. Бұл нәсілдер өте ертеде пайда болған және олардың атаулары да олардың шыққан жерлеріне сәйкестендіріліп берілген. әрбір нәсілдерден олардың кейбір белгілері жөнінен бір-бірінен айырмашылықтар жасайтын жеке тармақтар пайда болды. Мысалы : еуропеоидтерге екі тармаққа- солтүстік және оңтүстік, манғолоидтер екі тармаққа- азиялық және америкалық, негроидтер екі тармаққа-африкалық және австралиялық болып бөлінеді, ал кейбір әдебиеттерде австралоид атауымен жеке нәсіл ретінде беріледі.
Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты.
Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты.
Дүние жүзінің белгілі бір халықтарының құрамында әр нәсілдік топтың өкілдері болуы немесе бірнеше ұлттардың бір-бірінен ерекшеленген антропологиялык айырмашылығы болмауы да мүмкін. Мысалы, Қытай, Тибет тіл жанұясында сөйлейтіе халықтардың барлығы да монғолоидтер,
( қытай, тибет, дұнған, чжуан, бирма т.б. халықтар).
Ислам филасофиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш, Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзінше ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлігі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі болады. Бірінші жағдайға байланысты оның тотемизм, анемизм, натуризм, шаманизм, фетешизм, политеизм (бір тәңірлі ), монетим,(бір тәңірлі ), деизм (әлемді жаратқан соң оның одан дамуына араласпайтын,белгілі бір тұрпа күйінде емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім ) т.б. түрлері пайда болды. Діннің тайпалық – халықтық (мыс, иудаизм ) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. ....
Рефераттар
Толық

География | Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай қоры және мұнай дауы

Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.

ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЛАР ДАУЫ

Жердi бөлiсе алмай таусылған кейбiр елдер ендi мұхит пен теңiз түбiне таласуда. Өйткенi, сарқылуға айналған табиғи ресурстардың игерiлмеген бөлiгi судың астында сақтаулы.
Жер бетiндегi түгелiсiп бара жатқан табиғи ресурстар үшiн күрес қыза түскен. Мұнай мен газ, бағалы және түрлi түстi металл, тасымал жолдары шектеулi көмiрсутегiлер әлемдiк саяси сахнаның күн тәртiбiне шықты. Кремль дайындаған “Ұлттық қауiпсiздiк стратегиялары” атты құжатта әлемдiк қорлар жолындағы тайталас Арктика, Таяу Шығыс, Баренцево мен Каспий теңiздерi, Орталық Азиядағы көмiрсутегiлерге бай мемлекеттерде орын алуы мүмкiн екендiгi айтылған. Халықаралық агенттiктер тарапынан ұсынылған деректерге сүйенсек, алдағы 10-15 жылда Жер шарында табиғи ресурстарды иемденудi көздейтiн күрес жиiлейдi. Өйткенi, жұмыр Жерге бұйырған мұнай мен газдың игерiлмеген бөлiгi (100 миллиард баррель) Солтүстiк Мұзды мұхиттың түбiнде жатыр. Қазiргi кезде миллиардтаған “қара алтынға” қожалық ету құқығына АҚШ, Дания, Норвегия, Канада мен Ресей таласуда. Тiптi, АҚШ, Канада мен Ресейдiң мұхит жағалауына тұрғызған әскери қалашықтары бар, ал қарулы қақтығыстарға дайын тұрған әскери қару-жарақтар кез келген сәтте берiлуi мүмкiн бұйрықты күтiп, қаңтарылған. Орыстар әскери-теңiз күшiнiң үштен екiсiн солтүстiк бөлiкке шоғырландырса, оларға қарсы Құрама Штаттардың әлемдi айбынымен ықтырған Екiншi флоты тұр. Мамандардың көпшiлiгi алдағы онжылдықта Жер шарында болмаған ең сұрапыл соғыс осы энергоқорлардың соңғы сарқыны сақталған Солтүстiк Мұзды мұхиттың төңiрегiнде болатынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, Арктиканың жағалауына жататын 5 мемлекет – АҚШ, Канада, Дания, Норвегия мен Ресей тек өздерiне тиесiлi жағалауда 200 мильге ғана иелiк етсе, мұхиттың қалған бөлiгi ешкiмнiң қожалығында емес. Мұхиттың бөлiгiн барынша молынан қарпып қалуға тырысқандарға БҰҰ тарапынан талап қойылды: егер мүдделi мемлекеттер мұхиттың өзге бөлiгiндегi елмен шектесетiн шекараларды анықтаса, мұхиттағы қосымша бөлiкке ие болады. ....
Рефераттар
Толық

География | ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ

Адамзат баласы өзінің тарихында жер шарының территориясына бірте-бірте қоныстанды. Дүниежүзінде халықтардың қоныстануы бірқалыпты емес. Кейбір аудандарда халық сирек орналасса, кей аудандарда халық тығыздығы 1 км2-ге 1000 адамнан келеді. Адамдар қоныстанбаған аймақтарға оңтүстіктің поляр белдеуіне жақын орналасқан, яғни күннің ыстықтығы 78°-қа жететін, солтүстікте күннің суықтыш 54°-қа жетегін аймақтар жатады. Теңізден 5000 м. биіктікте орналасқан Тибет және Перу таулы аудандарының кей жерлерінде де адам мүлдем тұрмайды. Сондай-ақ, Орталық және Оңтүстік Батыс Азия және Солтүстік Африканың шөлдерінде адам тұрмайды деуге болады.
Ал Еуропа, Австралия және Мұхит аралдары мемлекеттерінің 10/9 бөлігінде халық орналасқан. Африка мен Оңтүстік Американың хадықтарының көпшілігі теңізден 500-1500 м. биіктікте орналасқан өңірлерде тұрады. 500-1500 м. биікте Африканың 34,6%, Оңтүстік Американың 27,5% жері орналасқан. Халықтың 3/2 бөлігі теңізден 1000 метр биіктікте орналасқан жерге қоныстанған мемлекеттер бар. Олар Боливия (88%), Перу, Мексика, Ауғанстан, Эфиопия елдері. Нидерланды, Польша, франция, Жапония, АҚШ т.б. мемлекеттер тұрғындары теңізден 500 м. биіктікте тұрады. Тіпті Нидерландияның 5/2 бөлігі дамбалармен судан сақтану үшін қоршалған аймақта тұрады. Жер жүзінде құрғақ аймақтарға қарағаңда теңіз жағалауларына орналасқан қалаларда халық тығыздығы басым болады.
Дүниежүзі бойынша 1920 жылы 1 км2 жерге халықтың аздығы орташа есеппен 13 адамды құраған. Ал 1950 жылы 1 км2 жерге 18 адамнан, 1983 ж. 34 адамнан келген. Өнеркәсібі дамыған елдерде елді мекендерде халық сирек орналасады да қала халқы тығыздығы басым болады. Халық өте тығыз орналасқан Үндістан мен Бангладеш мемлекетінде де урбанизация өте төмен қарқынмен жүреді.
Халықтың тығыздау орналасқан мемлекеттер қатарына егіншілік дамыған Ніл өзені бойындағы Африка мемлекеті, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Азия мемлекеттері жатады. Дүниежүзі бойынша халық ең тығыз қоныстанған жер Сижаггурда - 6742; ең сирек қоныстанған жер Батыс Сахарада - 0,9, Моңғолияда - 1,7 адамнан келеді.
Рссейде 1 км2-ге 8,5 адамнан келсе, Орта Азия мемлекеттерінде қоныстану тығыздығы әркелкі. Өзбекстанда 1 км:-ге - 57,1 адам. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2.727 9 км2 Қазақстанда халық тығыздығы 1 км2-ге 5 – 5.5 адам болып саналады.
Еуропада халық тығыздығы санаулы ғана мемлекеттерден көрінеді. Нидерландияда 1 км2-ге - 352, Бельгияда - 336,9 Ұлыбританияда - 244,3 адамнан келеді- Жерортатеңізі жағалауы мемлекеттерінде де халық тығыз орналасқан. Халықтың сирек орналасуы Еуропаның таулы аудандарына және Финляндия, Исландия, Скандинавия т.б. елдерге тән. ....
Рефераттар
Толық

Философия | Дүниеге көзқарас оның құрылымы және негізгі үлгілері

Дүниеге көзқарас - бұл, адамның Әлемге деген тұтас көзқарасы және оның осы Әлемге қатынасы және сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, жүріс-тұрыстардың қағидалары және құндылықтары.
Көзқарастар дегеніміз түсініктер мен ұғымдарда көрсетілген белгілі бір білімдер жиынтығының жүйесі, олар дүниетанымның негізін құрайды. Бұл, адам бойындағы толық білім емес, солардың ішіндегі ең жалпықтары мен принциптері ғана, Олар нағыз сенімділікке айналғанда ғана дүниеге көзқарастың құрамдас бөліктері болып саналады. Ал, адамдардың дүниеге көзқарастарының түрлері - сол адам өмірінің ойы мен қылықтарына органикалық түрде қосылатын белгілі бір нормалардың, өлшемдердің жүйесі.
Дүниеге көзқарас өзінің барлық құрамдас бөліктерінің бүтіндігімен, бірлігімен сипатталатын күрделі рухани құбылыс. Оның құрылысындағы мына бөліктер маңызды роль атқарады.
Жинақталған білім. Олар дүниеге көзқарастың ең басты ақпараттық негізі болып келеді. Белгілі бір халықтағы немесе белгілі бір адамдағы жинақталған білімдер неғұрлым көбірек болса, дүниеге лайықталған көзқарас соншалықты өзінің дәлелдерін негіздей алады. Әрине дүниеге деген көзқарасқа білімнің барлығы бірдей жатпайды олардың ішінде тек қана әрбір тарихи заманға сай туындайтын адам мен әлемнің өзара қатынастарының практикалық және теориялық мәнін ашатын адам тіршілігіне ең қажетті білімдер жатады.
Сенімділік. Бұл руханилықтың ілікі әлеуметтік - психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік - тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағыталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті бөліктерінің бірі болып табылады.
Құндыдықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттідіктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән - олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы. ....

Рефераттар
Толық

Философия | Дүниеге философиялық көзқарас

Білікті маман. Зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шауашылығының тұтқасын ұстап, ол тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойынына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәні оқып – үйрену қажет.
Онсыз мынау күрделі сан – саналы, қатар – қабаттар, дүниенің , бүкіл әлемінің ішкі сырын табиғатын дамуының мән мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқу - іске шығармашылықпен қараудың, ойланып- толғана білеудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің , ой – өрісті кеңейтудің , жан – жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихы жолы куә.
Философия бүкіл ғылыми жүйелерінің көнесі. Ол қауымдық , құрылыс ыдырап, қоғам қоғам бұл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде , мифиологиялық – діни түсініктермен күрс білімінің басын құрады. Тек тілінен аударғанда «философия» «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді.Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегенеміз айнала қоршаған орта. Бүкіл әлем, тұтас дүние туралы , ондағы адамның орны, терминшіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамының пайда болуымен қатар болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі- өмірдің өзі – адамның тіршілік болмысы. Расында дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән – жайы, адамзат өніп – өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей ізденіске салды.....
Рефераттар
Толық

География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Дүние жүзіндегі көліктің даму сипаты

Көлік қандай да болмасын елдің экономикасындағы ең манызды саласы. Ол географиялық еңбек бөлінісінің негізі болып саналады. Көлік саласына 100 млн-ға жуық адам тартылған.
Жеке елдердегі көлік дамуының деңгейі мен сипаты көптеген факторларға тәуелді. Ол әкономиканың даму деңгейіне, дүниежүзілік шаруашылыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне, т.б. жағдайларға қатысты. Елдің аумағы үлкен болған сайын көліктің маңызы күшейе түседі.
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі. Дүние жүзі елдері мен аймақтарында көлік жүйесінің арақатынасы әр түрлі. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің көлік жүйесі құрылымы өте күрделі және онда көліктің барлық түрлері кездеседі. Көлік жүйесінің жоғары деңгейде дамуы, әсіресе АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінде байқалады. Дүниежүзілік жүк айналымының 85%-ы осы елдердің үлесіне тиеді. Батыс Еуропа елдеріне теміржолдағы жүк тасымалының 25%-ы, теңіз көлігімен құбыр көлігі тасымалының 35%-ы тиесілі.
Дамушы елдердің көлік жүйесі шаруашылықтың аумақтық кұрылымын көрсетеді. Мұндай жолдар көбіне елдің минералды шикізат ендіретін аймақтарымен байланыстырады. Сонымен бірге плантациялық шаруашылықтар және портты қалалармен байланыстыру рөлін де атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда мұнда көлік жүйесінің техникалық деңгейі төмен.
Дүниежүзілік көлік түрлері дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік көлік жүйесінің қалыптасуын айтуға болады. Қазірдің өзінде маңызды жүктердің 40%-дан астамы контейнерлік әдіспен тасымалданады. Дүниежүзілік "контейнерлік көпірлерді" теңіз көлігі, теміржол тізбегі мен автомобиль, теміржол комбинациялары қалыптастырады. (Қосымшаны және дүние жүзі бойынша жалпы жүк тасымалындағы басты көрсеткіштер сұлба картасын қараңдар.)
Теңіз және өзен көлігі. Дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны болып, теңіз көлігі саналады. Дүниежүзілік жүк тасымалының 62%-ы осы су көлігіне тиеді және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Дулатов Міржақып

Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.

2. Шығармалары
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы.
Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.....
Рефераттар
Толық