Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.
Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы.
Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз......
Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні. Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.
Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......
Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – дейді қазақтың ұлы ағартушы, педагог, үлкен-кішімізге, қай-қайсымыз болмасын білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған ұстаз Ыбырай Алтынсарин.
Ендеше ұлы педагог туралы өз ойтолғауымды жазайын. Тұңғыш ағартушы, ұлы ұстаз! Тұңғыш білім ордасын ашқан ұстаз! Тұңғыш қолына күміс қоңырау алып, қазақ балаларын білімге шақырған ұстаз! Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ зиялыларының көшбасшысы, халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен ағартушы Ыбырай атамыз бен оның баға жетпес асыл мұралары өшпес тарихта мәңгі сақталары анық.
Ұстаздықты сөз етсек, Ыбырай есіміне тоқталмай кету, тәрбие мен оқуды сөз етсек, «Қазақ хрестоматиясы» жайында бірер сөз айтпапау мүмкін емес. Қазақ даласындағы аумалы-төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас тағдырына терең үңілген Ыбырай Алтынсарин атамыз «Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» екенін ескерген. Ол өз халқын жан тәнімен сүйіп, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсауы нағыз патриоттықтың белгісі.......
Пән: Дүние жүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін Сабақтың тақырыбы: Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану; 5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды • ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы Сабақтың тақырыбы: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет Оқу мақсаты: Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы Сабақтың мақсаты: 10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау; 10.4.3.4 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде «Туған жер» ұғымын қолдану......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:10.4 А.Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюы (1997 жылдан бүгінге күнге дейін) Сабақ тақырыбы: Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы көшіру стратегиялық шешімі неліктен қабылданды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Астананы Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде бағалау; Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың ролін түсіну Сабақ мақсаттары: Әр түрлі дерек көдерінен тарихи фактілерге сүйене отырып, оқиға желісін құрастыра алады, түсінеді; Астананы көшіру секілді тарихи оқиғаға өзіндік пікір (интерпретация) айту арқылы өзіндік көзқарастары дамиды;......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет Сабақ тақырыбы: Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.1 Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды сипаттау 10.4.3.2 халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру 10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау Сабақ мақсаты: Қазіргі таңдағы мемкелеттің мәдени дамуында жаһанданудың әсерін талдау, Ұлттық кодты сақтау жолында зерттеу жұмысын жүргізіп, өз идеясын ұсыну.......