Бауыржан Момышұлы | Олар менің есімде


Мен Ленинград финанс академиясының жанындағы мамандық жетілдіру курсын аяқтағаннан кейін, СССР өнеркәсіп банкінің Алматыдағы қазақ конторында экономист-консультант болып қызмет атқардым.

1935 жылдың ноябрінде Орта Азия Соғыс Округінің Ташкенттегі машықтандыру орталығына запастағы командирлер шақырылды. Соған келгендердің ішінде мен де болдым. Біздің топтың командирі орта бойлы, арықша келген, ойлы қоңыр көзді, сопақ бет полковник Павел Вахалов болды. Екі "Қызыл Ту" орденді, азамат соғысында эскадронның алғыр командирі болған кісі еді ол. Павел Вахалов сияқты қос орденді командирлер ол кездерде бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда үшеу-ақ еді. Қалған екеуі полковник И.В.Панфилов пен қазақ азаматы Жармұхамедов қана болатын.

Біздің жиынның екінші тобына сабырлы, қарапайым, сұңғақ бойлы сары кісі — майор Степан Чистяков басшылық етті. Ол бұрын атқыштар батальонының командирі болған екен.

Азамат соғысынан алған ауыр жарақаттың салдарынан Павел Вахалов сылти басып жүретін. Ол — қызу қанды, жылдам кісі. Әдетте аяғының кемістігін ұмытып кетіп, бізге сап түзеудің жолдарын, қару ұстаудың тәсілдерін, гимнастикалық жабдықтарда жаттығудың әдістерін, кедергіні алу амалдарын өзі қызбалықпен құмарлана көрсетуші еді. Мүгедектің аты — мүгедек қой. Атты әскердің әдеттегі дәстүр сабаздығын сақтап, ол жаттығуларды қаншама ынтасымен көрсетсе де, кемістіктің аты — кемшілік екенін көрсетіп тұратын. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих | Есім хан

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. .....
Рефераттар
Толық

Әбілқайыр Баймолдин есімі ел есінде!

Біз қазыр қандай керемет елде тұрып жатырмыз! Бірақ бұның арқасы бізге ұрпақтан-ұрпаққа әкелген, елімізді жаудан қорғап қалған, ол үшін өз жанын берген ата-бабаларымыздың арқасы. Олар бар қиыншылыққа төзіп, еш қорықпай, біздің болашағымызды ойлаған жандар. Осының ішіндегі бірі Әбілқайыр Баймолдин.......
Шығармалар
Толық

Ұстаз - ұлы есім

Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым барсенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең,- демекші, ұстаз дегенде менің көз алдыма аяулы ұстазым Эльмира апай елестейді. Өйткені Эльмира апайымның мәдениеттілігі, айтқан ақылы, берген білімі бізді жігерлендіреді. Қиялымызға қанат бітіріп, арманға жетелейді. Әрдайым да ұстазды сыйлай білу керек.......
Шығармалар
Толық