Жер түбінде көп дұшпан дуылдады - Жатты қында жарқырап, суырмады. Жаудың оғы төбеде зуылдады - Жатты қында жарқырап, суырмады. Жау тақалды, жүрегі суылдады - Жатты қында жарқырап, суырмады. Жау қамады, қалды енді қалың сында .....
Мекен етіп көкшіл теңіз, көкшіл аспан ортасын, Тұрмын басып құзар таудың қына басқан жартасын. Төменде мың иретіліп бұрқыраса көк толқын, Төбемде шың шуақтайды күнге тосып арқасын .....