Менеджмент | Акционерлік қоғам Ертіс ГЭС инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері

Менiң курстық жұмысымның мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиiмдiлiгiн бағалау.
Өзiмiзге мәлiм болғандай әрбiр кәсiпорын өз қызметi барысында мiндеттi түрде пайдасын максималдағысы келедi. Осыған орай олар максималдаудың әртүрлi жолдарын iздейдi. Сондай жолдардың бiрi инветицияларды құю болып табылады.
Компания қандай да бiр инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезiнде, оны зен қойып талдауы керек. Өйткен қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарсa, онда соншалықты ол тиiмдiрек болады.
Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлi әдiстерiн қолданады. Жалпы олардың негiзгiлерi болып келесiлер табылады:таза келтiрiлген күн, таза терминалдық күн, инвестицияның қайту деңгейi, инвестицияның тиiмдiлiк коэффициентi, инвестицияның кайту мерзiмi. Бұл көрсеткштер одан әрi жалғасулары мүмкiн, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиiрек қолданады.
Компания үшiн инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар компанияның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкiн. Қаржы менеджерi өз қызметi барысында компанияның инвестициялық саясатын даярлайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу

Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты.
Ол акционерлік қоғамның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді. Оны күні бүгінге дейін басқа нормаларымен үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді. Бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорациялық сәл түзетілген ағылшын американдық моделін дәстүрлі континентік кодификациялау жүйесіне түсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз қарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бір қатар нормалардың молтығуына әкеп соқтырды. Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практикамен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы

Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау

Қаржылық көрсеткіштерді қолдана отырып кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау қаржылық менеджементтің негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.Кәсіпорын өз қызметін жүргізу барысында белгілі бір нәтижеге жетуді көздейді, өзінің қаржылық жағдайын талдайды, алдына қойған мақсаттары мен жоспарларын орындауға тырысады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізу барысында стратегиялар мен тактикалар қабылдайды, осы жоспарлардың орындалуын кәсіпорын тек қаржылық жағдайды анықтау коэффициенттерін есептеп қана көру мүмкіндігі бар.Сондықтан менің курстық жұмысымның актуалдығы сонда, шаруашылық процесінің барлық жағдайын және кәсіпорын жұмысының оңтайлығы мен тиімділігн анықтауға көмектеседі.
Курстық жұмысты жүргізу барысында мен өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
- қаржылық жағдайды анықтау үшін қажетті каржылық менеджмент коэффициенттерін талдау;
- белгілі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайын тәжірибе жүзінде анықталған мәліметтерді қолдана отырып, қаржылық жағдайды талдау коэффициенттерін есептеу;
- кәсіпорында қалыптасқан жағымсыз жағдайларды шешу жолдарын қарастыру ....
Курстық жұмыстар
Толық