Баубек Бұлқышев | Заман біздікі

Жаралы орыс жері, сенің топырағыңды басып жүріп келемін. Сен жаралысың. Бірақ қатардан шығып қалған жоқсың. Сен өз халқыңа еңбек сіңірудесің. Бұл қанды майданда сенің кермегенің бар ма? Саған атылмаған оқ, лақтырылмаған бомбы аз-ақ шығар. Жаратылыстың, бір мүшесі тал, қайыңдарды қараңдаршы, олар да қайғылы. Соғыстың қасіретін біраз шеккен. Көбінің аспанмен таласып тұратын бастары жоқ. Жаудың снаряды жұлып кеткен. Дегенмен бұтақтары кектеп өсіп, екі қолын сабалап ойнайтын жас балаша талпынып бас изейді. Қара жердің беті бұрынғы қалпынан өзгерген — бұжыр. Бұл неміс бомбысының ізі, жаудың қорасан ауруының соңынан болған әрекет. Бомбыдан пайда болған шұңқырлар (воронка) бітіп келе жатқан жараның аузындай кебе бастаған. Қоршаған бай табиғат қара жерге жаралы болып едім, жазыла бастадым дегенді айтқызып тұрған сияқты.

Жаз! Бір тамаша уақыт. Дүниенің ажары кіріп, әлемнің құлпыратын кезі. Ол өзінің көлеңкесін қара жерге түсіреді. Жер күлімсірейді, жер құлпырады, жер табиғаттың жібек желегін жамылып бой жасайды. Ол адамның махаббатын өзіне тартады. Оһ, бай Россия жері, сені бізден артық сүйе алатын кім бар?! Біз жауынгерлер сені сүйеміз, сен үшін біз жанымызды қиюға дайынбыз, біз әлемге қарсы аттанамыз, саған атылған оққа қарсы жүреміз. Мұның бәрі сен үшін, туған жер, біздің анамыз, табиғаттың түкті кілемі, береген Россия жері!

.....
Әңгімелер
Толық

Ернар Айдар хитқа айналған әнін түріктерден ұрлаған (видео)

Ернар Айдардың "Күнім сен сөнбеші" әні бірден хитке айналды. Бейнебаян кейіпкерлері көптің назарын аудартып, аз уақыт ішінде 8 миллион тыңдалымға ие ән біздікі болмай шықты деп хабарлайды Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Жетімі жоқ жаһанда өмір сүру - бір ләззат !

Біздің қоғамда әлі де болса жетімегі жоқ халықтардың бары анықталды. Соның бірі - эскимостар. Кәдімгі солтүстік аумақтарды мекен етуші этникалық қауымдастық. Олардың дәстүр-дағдысында "жетім" немесе "асыранды" деген сөздер мүлдем жат ұғым саналатын секілді . Қауым түсінігі бойынша барлық балалар - "біздікі", "өзіміздікі", "ортақ"делінеді екен.Ал, жас....
kz
Толық