Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді....
Шығармалар
Толық

География | Қазақстан қызыл кітабы беттерінен

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының (ТҚХО) түрлерді сақтап келу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Red Data Book» - «Фактілердің қызыл кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды ( кейіннен оған сирек өсімдіктер де тіркелген ). Сонымен қатар ТҚХО жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің Қара тізімін де қоса жүргізеді.
70 – жылдары дамыған елдерде ұлттық Қызыл кітаптар шыға бастады. Оларға халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген түрлермен қатар, сол елдің территориясында жойылып кету қаупінде тұрған түлер де кіргізілді.
Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика – Үкіметінің 1978 жылдың 16 – қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітілді ( Қазақ ССР Министрлер Советінің №90 - қаулысы ). Оның омыртқалы жануаларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылдың қаңтар айында жарық көрді ( 1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді). Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер - 37, құстар - 43, бауырмен жорғалаушылар -8, қосмекенділер –1 және балықтардың түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді. Оған өсімдіктердің – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер (288), жалаңаш тұқымдылар (2), қырыққұлақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.
Қазақстан Ғылым Академиясы Зоология институтының бастамасымен Қызыл кітаптың екінші басылымы 1991 жылы дүниеге келіп, оған алғашқы рет омыртқасыз жәндіктер – насекомдар, молюскалар, құрттар енгізілді. Сирек кездесетін жануарлардың түрлері туралы жылдан – жылға жаңа мәліметтер жинау Қызыл кітаптың үшінші басылымының (1996) жарық көруіне алып келді. Осы басылыммен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 13.09.1996 жылдың №1258 қаулысымен жаңадан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы «Ереже» бекітілді. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Қазіргі ақпараттық техналогиялар негізінде веб беттерін құру әдістері HTML

Кіріспе
Ақпараттық қоғам заманында Интернет ақпараттарды жеткізудің негізгі құралына айналып отыр. Интернет- барлық жүйелері хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін ауқымды (глобальды) компьютерлік желі.
Интернеттегі мәліметтерді бейнелеу HTML тілінде жазылады. Бірақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тілі емес, гипермәтінді белгілеу тілі. Сонымен қатар, ол мәтіндерді WEB-беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Сондықтан курстық жұмыста HTML тілдің құрылымы мен онда құжаттарды форматтау ережелері, құжаттарды орналастыру принциптері, гиперсілтемелер жасау мүмкіндіктері мен WEB бетін құру негіздері қарастырылады.
Барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен жас өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электрондық оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ. Жалпы, электрондық оқулықтар мен Web-парақтарды (Web-страничка) пайдалану үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіg ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Қазіргі ақпараттық техналогиялар негізінде веб беттерін құру әдістері

Барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен жас өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электрондық оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ. Жалпы, электрондық оқулықтар мен Web-парақтарды (Web-страничка) пайдалану үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator сияқты программалық жабдықтар пайдаланылса, оларды дайындау үшін HTML (Hypertext Markup Language), FrontPage Express программалары қолданылады. Бұл программалар электрондық оқулықтар мен Web- парақтағы мәліметке мәтін, графика, аудио-видео ақпарат түрлерін орналастыруға мүмкіндік береді. Көрнекті де жоғары деңгейде электрондық оқулықтар мен Web-парақтар жасау үшін бұл программалармен қатар Java, JavaScrіpt, VBScrіpt, ActіveX қосымшаларын пайдалануға болады. Бұл қосымшалар HTML-дің мүмкіндігі жете бермейтін функцияларды, операцияларды орындауға қол жеткізеді. World Wіde Web (WWW), қысқаша айтқанда, Web қызметі – Интернеттегі барлық ақпараттар мен мультимедиялық ресурстарды сипаттайтын термин.
Web авторлары – Женевадағы элементар бөлшектер физикасының лаборатория қызметкерлері, физиктер Том Бернс-Ли және Роберт Кайо. Бұл ғалымдар физикалық зерттеу нәтижелерін талдау мақсатында бүкіл дүние жүзі ғалымдары арасында байланыс орнатуды жүзеге асыру үшін жүйе жасауды қолға алған. Мұнда ақпарат гипермәтінді формат (бір-бірімен байланысқан ақпараттар жиыны) арқылы таратылады. Гипермәтін мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен екіншісіне оңай көшуді жеңілдетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық