Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту. Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге – мемлекет келбеті», жаңа сөздер. Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Жас отауда бақыт таңы атқан күн (Жас жұбайларға тілек)
Құрметті Жас жұбайлар!
Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!
Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл төрлеріңіздің кеңдігіндей керегелеріңіз керілсін, мақсаттарыңыздың нық көрінісіндей болып уықтарыңыз шаншылсын, сол отаудың үзігі бір-бірлеріңізге деген жан жылуындай жылы да берекелі болсын, түңліктеріңізден құйылған нұр риясыз күлкілеріңіздің көрінісіндей сәулесін төксін! .....
Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады. Кей жағдайларда адамдар өздеріміз қолымыз жетпейтін айға ұмтылып, басымыздағы бағымыздан айырылып, қолымыздағы барымызды бағаламай жатамыз. Әрине, бұның барлығы өмір. Біреу бақытты отбасым, жұмысым, елім, халқым, дос – туысқандарым деп есептесе, енді біреулер басқаша, өз өмірінің мәні санайтын заттармен елестетіп, соларды бақыт санап жатады. Бақыт – бұл әрбір қуанышты сәттердің қосындысы, жинақталуынан тұрады.
Өмір – бұл адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес сыйлық. Енді осы жерде талай заманнан бері адамдарды ойландырып келе жатқан Мен кіммін? Қайда барамын? Қайдан келдім? Не мақсатпен жүрмін? Түбінде не істеуім керек? деген сұрақтар тууы хақ. Менің ойымша, бұл сұрақтардың жауабын әр адам өз ішінен табады. .....
28 маусым,яғни бүгінгі мереке жайлы ауыз толтырып айтарлықтай əңгіме, тілектер жазылды. Əлі де жалғасын тауып, толастар емес. Қол тигенге қарай, асығыстық болса да, бір-екі ауыз сөз дат етейін...
Аузын айға білеген əрқайсымыз журналистика, баспасөздің төртінші билік екендігін жерден жеті қоян тапқандай сөз етеміз. Себебі, жүгі ауыр кəсіп иелері үшін бұл - біріншіден, мақтаныш; екіншіден, өзін-өзі жеңіл жұбатудың сиқы(артыңда қаншама сенім, соған сай болмақ мақсат жатыр). Заманына сай уақыты озған сылдыр сөзді емес, уытты сөздің ұтқыры болу бұрнағыдан тəн қабілет те, қасиет те Журналист ауыздан шыққан "Аһ!" дегенді ақиқат санап, жол-жөнекей хабардың шындығына жетпестен жарияланымға арқау етпес. Ұйымдасқан сайын оң-солға қисая, өзгенің өмірін өсекке айналдырып, жердегі "жұлдыздарың" тіршілігін тілге тиек етуді мақсат тұтпас! (ол жағын аталмыш "сары басылымдар"-ақ қатырар).
Бүгінде жоқ жерден сенсация тудырушы қарабайыр əнші-тілшілер, ел өмірін жұтаңдыққа апарушылар саны лек-легімен артқаны талас тудырмайтын ақиқат.Осы жолға еліктеп, табан тоздырып жүгіру нəтиже бермейді❗. Бəлкім, олар да келешекте тағдыр тəлкегімен тілшілік тіршілігіне жолдан қосылса да (барлығы емес), талап арқылы мамандық махаббатының жемісті жеңісін көрер⁉ Іс тетігін қашан да маман шешеді, яғни "қой сойса да, қасапшы сойсынның" ниеті бұл...
Аталған қысқа да толық мəтінге арқау болған, əрлі-əріптестер!
Ұлт сенімін арқалаған, ұлы жүректер! Əр топ (101, 102, 103) - ақпарат майданындағы армия десек, əрқайсымыз сол майданның қаруы - қалам (телевизиядағылар үшін - микрофон), қалқаны - дəптер, жазары мол жауынгеріміз. Санаға сақ болып, халыққа бақ қондырайық. Журналист қорек етер түйе жантақты - сүбелі жаңғаққа, жамылар "қар" көрпені - төр көрпеге, жастанар "мұз" жастықты - құс жастыққа айналдыруларыңызға тілектеспін! Ауызбен орақ орған емес, аузымен құс тістегендердің санатынан табылып, Ахаңдар ашқан "арна" тізгінін қолдан бермейік...
P.S: Біз, журналистер, қоғамға "мысықтың" қай бағытқа бет алғандығын көрсетеміз...ары қарай қоғамның өзі-ақ "мысықпен" айналысып кетеді...(сана сапасы мен ой ұшқырлығына сай)
Жаздық демалыстан кейін мектеппен қауышуға дайындық көбіне қиынға соғады. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалар үшін әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің жаңа қадамына аяқ басуға, сыныптастарына және де сабақтағы парталастарына үйренісуге тура келеді.
Bilim-all.kz жазғы демалыстан кейін оқушыларды мектепке дайындауға көмекші құрал ретіндегі ұтымды тәсілдерді ұсынады.
1. Балаңызды тек баға үшін оқуға үйретпеңіз
Ата‑аналар балаларын: мектепке барғанда тек бестік бағамен оқуың керек деп айтумен қателік жасайды. Қағаз жүзіндегі баға мектепке неліктен бару қажеттілігін көрсететін айғақ емес. Әр нәрсені білгісі келетін ізденімпаз ақыл иесі үшін білімнің маңыздылығы неғұрлым қызықтырақ. Балаға оның қаншалықты нәреселерді білетінін айтып беріңіз. Жаңалықтармен бөлісіңіз, жорамалдар құрыңыз, балаңыздың әлемнің қалай құрылғаны жөніндегі дүниетанымына деген болжамын құрметпен қабылдаңыз. Оны мазалайтын әрбір сұрақтың жауабын мектеп пәндерінен таба алатындығын айтыңыз.
«Адам қандай да бір қателік жасамайынша немесе өзі қалаған нәтижеге қол жеткізуде өзінің әрекетін өзгертпейінше одан сабақ алмайды. Қателік жасай білген адам, көбірек сабақ алып үйренеді. Қателіктің бағасын мойындамау, көп нәрсені білуге кедергі келтіреді. Егер жіберілген қателіктеріңізге дұрыс мән берсеңіз, ол сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі».
Бақыт деген... Бақыттың нақты теориясы жоқ. Болғанда емес, болмайды да! Себебі бақытты әркім өзінше бағалайды. Біреулерге бақыт - денсаулық, біреулерге - мансап, біреулерге - ақша, біреулерге - отбасы. Ал кейбіреулер үшін өмірдің өзі бақыт. Әйтеуір әркімнің өз түсінігі бар. Менің ойымша мансап, ақша, материялдық байлық ешқашан бақыт бола алмайды. Мүмкін біреулер үшін бақыт шығар. Бірақ бұл тәннің қалауы. Ал шын бақыт жанның қалауын қанағаттандырса керек! Бақыттың бағасы байлықпен өлшенбесе екен! Себебі ақшаның артынан қуып адасқандар қаншама. Яғни ақша бақытқа бастар жол емес, керісінше қайғыға әкеп соқтыратын қара жол! Біздің жанымыз мейірімділік пен махаббатты қалайды. Ал біз мейірімділік пен махаббатты ата - анамыздың сүйіспеншілігімен отбасымыздағы жылулық арқылы сезінеміз. Демек, шын бақыт ол біздің ата - анамыз, отбасымыз. Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт! Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз. Айта берсек бақытқа барлығын сыйдыруға болады. Бірақ бір сөйлеммен қорытындыласам бақыт Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай бақытсыз - ақ бақытты боп жүргеніміз!!!