Есенқұл мен Қозыбай уақ руындағы Батырханның баласы өлгенде былай деп көңіл айтқан екен: — Жазмыштың ісі күшті, Ақ сұңқар ұядан ұшты. Кетті келмес сапарға, Қайғысы сізге түсті. Ақ сұңқар ұшса, тұғыры қалар, Кау өртенсе, тұқылы қалар. Ақыры болса қайырлы,....
"Ол замандарда, біз xат жазушы едік, қазіргідей телефон деген жоқ," - деп бастады әңгімесін, Марат ағам. "Қателеспесем, 94 жылдың күзі. Мектептегі қатарласым, басқа сыныптағы Әлияға іштей ғашық болып жүрген кезім еді. Оныншы сынып оқып жатқан шағымыз. Мен де көркі өзіне сай жігіт болдым ау, шамасы. Себебі, оның да маған көңілі барын сезетінмін. Хат жазып көңілімді білдіруге бел будым. Бірінші xатты жазу мен үшін, сірә, "Абай жолын" жазып.....
Білім саласы: Әлеуметтік орта Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» (сюжеттік - рөлдік ойын) Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. 3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жолақ сызықты жол, буклет.
Аңыздардан тере жүріп масақты, Рас, рас көзімізден жас ақты. Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар, Бірімізден бір-бір батыр жасапты... Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой... Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып ізденейік. Ги де Мопассон Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын. Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді......