Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар Сабақ тақырыбы: «Мұртты обалардың» ерекшелігі неде? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме: 5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді салыстыру; Сабақ мақсаттары: Ерте темір дәуіріне қатысты сақтардың мұртты обаларын өзара салыстыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, заңдылықтарын көрсету.
Соғыс... Бұл сөзде қаншама қатігездік пен қорқыныш бар десеңші! Осы сөзді естігінде бүкіл жан дүниең дүрлігіп кететін тәрізді. Неге десеңіз, қаншама жан қырылып, қан судай аққан кезең бұл. Қанша бала жетім, қанша ана жесір қалды десеңізші! Бұлқан төгіс төрт жылға созылды. Осы жалмауыз соғыстан өз отбасыларымен қауышып оралғандар да бар, өз жанын Отан үшін қиып қан майданда, жат жерде қалғандар да бар. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің ұлы атам да , атамның әкесі, болды. Есімі - Үзікбайұлы Оразбай. Ол кісі 1898 жылы дүниеге келген. Ол кісі жалындаған жастық шағында елмен бірге Отаның қорғауға 1941 жылы қан майданға аттанады. Артында адал жары, балалары қалады. Ұлы атам Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Өзінің ерлігі үшін ордендармен марапатталды. Жеңіс күнін ұлы атам Кенисбург қаласында қарсы алды. Соғыс жылдары әйелдер мен балаларға да оңай тиген жоқ. Ер адам атқаратын жұмысты яғни, жер жырту, мал бағу, егін егу сияқты ауыр жұмыс нәзік жандардың мойнында болды. Шиіттей балаларын арқаларына байлап, еңбек ететін жаппай әйелдер. Күндіз жер жыртып, ауыл қамы қамтылса, түнде әйелдер жиналып майданға жіберу үшін қой жүнінен жылы шұлық тоқитын. Шаршау дегенді білмейтінбіз дейтін әжем. Күлкісіз, уайымға толы қараңғы ауылда қалған біз үшін, суық жерді окопта құшақтап жатқан жауынгер үшін бір нәрсе ғана керек еді... Ол – Жеңіс. Жеңіс - қуаныш, ер - азаматтардың аман-есен соғыстан оралуы. Менің атамның осы күнде еске алып отыратын бір оқиғасы бар. 1946 жылдың көктем айы еді . Соғыс аяқталғанына бір жыл. Ауыл аздап болсын есін жиған кез. Күннің жадырап шығуы жақсы жаңалық келетінін сездіреді. Ауыл адамдары күнделікті тірліктерін атқарып жүр. Ауылдан кеткен ер азаматтардың көбі соғыстан оралған жоқ. Атамның әкесінен де еш хабар болған жоқ........
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын Бауыржан Момышұлы Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Тарих беті үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмей қалмайтын тарихи оқиғалар айтарлықтай көп.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыстың қасіреті мен ұлы жеңістің қасіретін арқалаған қадірлі,қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Ұлы Отан соғысы халыққа көптеген қасірет әкелді.Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтардан 1млн 200 мың адам қатысты.Соғыста олардың 600 мыңы қайтыс болды. Гитлер КСРО-ны «Барбаросса» жоспарымен 3-4 айда басып аламыз деп есептеді. Бірақ,соғыс 1418 күнге созылды. Гитлер бастаған фашистер 1941 жылы 22 маусымда КСРО аумағына баса көктеп кірді.1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волоколомск бағытында ұрысқа шықты. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075-ұлан атқыштар полкы жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Взвод жауынгерлері бар жоғы 28-панфиловшылардың ерлігі ешқашан естен кетпейді. Олар 4 сағат бойы жауға тойтарыс берді. Жаудың 14 танкісінің көзін жойып, 28 панфиловшылар алапат батылдық танытып, теңдессіз жау күшіне едәуір қарсылық көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. Солардың 22-сі қазақстандықтар еді. Москва облысының Бородина селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңес одағының батыры атағы берілді. Автоматшылар тобын басқарған Мәлік Ғабдуллин ерекше ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын зор марапатпен алды. Бородина селосының түбінде Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды. Кеңес Одағы батыры алғандардың қатарында Маңғыстаулық Мәди Бөгенов, Жұмағали Қалдықадыров, Біләл Қалиев пен жауынгерлік «Даңқ»орденінің иегері Кемел Оңғарбаев бар. Хиуаз Доспанова қазақстандықтардың тұңғыш әскери ұшқышы......
Тайынба, жолдас жауынгер, Ел тағдыры қолыңда! Тайынбасаң оқ пен от Бөгет болмас жолыңда! – Жұбан Молдағалиевтың рухты өлең жолдарын тілге иек ете отырып, жарқын болашақ көзімен майдангер-баба ерлігіне алғыс! Егемендік пен еркіндіктің, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің тәтті дәмін тату Алланың берген ең асқақ сыйы. Осынша құдіретті атауды абыроймен көтеру үшін бабам не көрмеді десеңші?! Сонау ХV ғасырдағы тарих беттеріне сапар шегер болсақ, қуғын-сүргін де, аштық пен тоқырау да, сұм соғыс та қазақ бастан кешірген қасірет. Осындай сұрапыл боран секілді, барша адамзат баласын шарпыған «Ұлы Отан соғысы» да қазақ халқының азалы тағдырына жазылды. Алапат соғыстың ащы дәмін татқан баба қасіретін сөзбен айтып жеткізу емес. Жанқиярлықпен күрескен жаужүрек батырлар ерлігі азаттық туын тіктірді. Ерлік пен батырлық – бұл ата-баба қаны мен тердің арқасында азаттық пен егемендіктің таңын атырған асыл адами қасиет. Бұл ұғым әрбір Отан қорғаған ұлы баба есіміне теңеу секілді. Осынау сұм оғыс 1,5 миллионнан аса қазақ жауынгерінің өмірін қиып түсірді. Қаншама ана жарсыз, қаншама бала әкесіз, қаншама боздақтарымыз қыршыннан кетті. Осынша қасіретті күрең күздің соңынан, көктем шуағын шашатыны айқын еді. Қуаныш жасы мен қайғы жасы қатар ағатын айтулы мерекені, міне тағы да тойламақпыз. Өкініш пен қасіретке толы сол сәттерді енді есімізге алғымыз келмесе де, ағаапаларымыздың жанқияр ерлігі еріксіз еске алдырады. Биыл 2016-шы жыл. Қасіреті мол қилы заман шеруінің артта қалғанына 71 жыл толып отыр. Қаһарлы соғыс жылдары ұлт еңсесін есеңгіретсе де, бүгінгі күні жаңа жеңістерге, жаңа толағай табыстарға жетуге жігерлендіреді.......
Түні бойы мені ауыр зіл басып, көз ілмедім. Таң атқасын күшімді жинап, тысқа шықтым... Арайлап атқан таң. Әсем дала. Күлімдеген күн. Оң жағыма қарасам балалық шақтың қызығына түскен балалар. Сол жағыма қарасам, күйбең тіршілікпен айналысып жүрген адамдар. Аспанға қарасам қалықтап ұшқан құстар. Бәрі тамаша. Осының бәрі өмірге мән беріп тұрғандай. «Туған жердің ауасы да шипа» демекші, терең тыныс алдым да, осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырғаныма шүкіршілік еттім! Шүкіршілік еттім де өзімді билеген белгісіз сезімді ақ қағазға түсіруге асықтым. Ойлап отырсам, бізге осы тыныштықты сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз! Азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан батырлардың ерлігінің арқасында ғана қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана Ұлы Отан соғысын айтсақ та жеткілікті. Міне, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жетпіс бір жыл толып отыр. Соғыс оты тұтанған сол бір замандағы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихында алтын әріптермен қалатыны хақ. Ел басына күн туып, шаңырақ шағылған сол сәттерде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дегенді жадына тоқыған атабабаларымыз атқа қонып, жаумен аянбай күресті. «Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашан арзанға түскен емес». Олар Отан үшін өмірлерін қиюға дайын еді. «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма-қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та сарандардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.» ......
Ұшқыр ойды от - қайраққа жаныған, Туған елді өз үйім деп таныған, Жалындаған жастар керек еліме Батыр баба қасиеті дарыған! Сырбай Мәуленов Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, ал Жеңіске 71 жыл уақыт болса да , ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Дегенмен, сол сұрапыл соғыстың куәгерлері мен қатысушыларының күннен-күнге қатары азайып барады. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз құндылық – ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта». Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет. Тақырыбы: «Президент – ел тірегі». Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.