Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Это важно!

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Өлеңдер
Толық

Өлеңдермен өмірін өлшеген ақындар кімдер?

Ақын қай кезде де болмысы бөлек, тау төбе тұлға.Бір қызығы,тіпті таңқаларлығы,қазақ ақындарының басым көпшілігі:Көрегенділігі мен болашақты көре білуі қасиетімен ерекшеленеді. Ең құрығанда өз өмірлерінің бұралаң жолдарын,бұлыңғыр шақтарын көре біледі.Оған дәлел:Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлеңі:”Өзімнің есебімше”деген.
Мен биыл,
Қырықтың бесеуінде.
Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде.Расында ақын 45 жасында төсегінде емес, сайып даланың төсінде мәңгі ұйқыға кетті.
Мұқағали туралы айтқанда,ауыздары көпіріп,ішімдікке....
Шығармалар
Толық

Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)

Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Ақындарға арнау)

Алатаудан, Арқадан
Ақындарым келіпсің.
Тілдерінен бал тамған
Жақындарым келіпсің.
Ертіс, Еділ, Іле, Сыр
Бас қосқалы келіпсің.
Жүрген жері думан жыр —
Сендер елге көріксің.
Шаршы топта төгілген....
Өлеңдер
Толық

Әдебиет | Жаяу Мұса әнші ақындар тобының көрнекті өкілі

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.
Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
Ғылыми жобалар
Толық

"Кешірімнің орнына айқайлады": Қызын оқушы қағып өлтірген ана жанайқайын айтты

Қызылордада анасының көлігін ұрлап мініп кеткен 10-шы сынып оқушысы "Лексус" автокөлігімен қыз баланы қағып, бойжеткен көз жұмған еді. Енді марқұмның туыстары жеткіншек жазадан "құтылып кете ме" деп қорқып отыр. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Мұхтар Әуезов | Зар заман ақындары

Зар заман деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына "зар заман" ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады.

Біз тарихи өлеңдерді қарастырған уақытта, осы жүз жыл қазақ тіршілігіне қандай жаңалық әкеліп, қандай күйге түсіргенін айтқанбыз. Бұрын өз бетімен еркін жүрген елдің тіршілігі осы дәуірде қайғыны да, қазаны да, толып жатқан өзгерісті де көрген. Сол ауыр күндері ел ортасынан екі алуан адамды шығарды дегенбіз. Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһармандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. Қазіргі қарастырғалы отырған зар заман ақындары – сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарихи көлемінде қарастыру керек. Бұларды ұғу үшін соларды туғызған ел мен шартты тарих бетінен ұғыну керек. Бірақ біз сол заманның жалпы тарихтағы нобай суретін тарихи әңгімелердің тұсында айтқандықтан, бұл бөлімде тарихи мағлұматтың дәл өзіне тоқтамаймыз. Оның орнына сол дәуірдегі өлең, жырға тарих суреті қандайлық болып түсті, зар заман деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Онан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? Мінеки, бұл бөлімде әрбір ақынның өлең, мысалдарын көбірек көрсетіп отырып, анықтамақ болған түйінді мәселелер осылар. .....
Әңгімелер
Толық