Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін жоғары оқу орындарының оқу жоспарына өзгерістер енгізілді . «Еңбек қорғау» және «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәндер жеке пән ретінде оқытылатын болды . «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің типтік бағдарламасы 1993 жылғы қыркүйекте тұрғындарды және мамандарды төтенше жағдайда әрекет жасауға арналған, оқыту жүйесін ұйымдастыру мәселелері атты Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің №969 қаулысының негізінде Оқу министрлігімен Азаматтық қорғаныс бас штабының 1994 жылғы 10 ақпанындағы № 46 / 27 бірлескен бұйрығына негізделіп жасалған . Бұл пәннің негізгі қарастыратын мәселесі - адам өмірі , себебі , ол қоғамның д ....
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар». «Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады. Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді ....
1995 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдылық қағидасы белгіленіп, оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының алдында тұрған мәселелерді шешудегі ең басты мақсаты болып табылады. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" - деп аталған, осыған сәйкес, барлық лауазымды тұлғалар мен азаматтар өзінің лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша заң және сот алдында тең. Заңдылық қағидасын орындамау, қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдардың қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасында дүние жүзіндегі қылмыстылықпен күрес ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес соңғы бес жылдың ішінде Республикамызда қылмыс саны екі-үш есеге өскен. Осы көрсеткіштерге сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың жасаган қылмыстарының саны үш-төрт есеге өскені ең басты мәселеге айналып отыр. Бұрын тек ересектерге ғана тән болған қылмыстар, айта кетсек қару-жарақ және наркотик сату, ұрланған заттарады сату, өз ортасында рэкет болу, қылмыс құрбандарымен қатыгез болу сияқты қылмыстар кәмелетке толмағандар арасында кең етек жая бастады. Сол себепті де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстылықпен және өзге де құқ бұзушылықтармен шешімді түрде күрес жүргізу, олардың алдын-алу, қазіргі кездегі шешуші, әрі негізгі мәселелердің біріне айналып отыр....
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді. Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.....
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн. Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс. Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді....
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ жэне олар айырбасталады. Ұрлық әуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне колы жетіп, ақшалай қаражатгы күзетуге рүқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функңияларды орындауы тиіс: • ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу; • қолма-кол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу; • касса тек қажетті қалдықты сақтау; • кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу; • ақшалай қаражатты физикалық бақылау. Түсімді бақылау; • Ақшалай шығындарды бақылау; • Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау; • Кассалық калдықты салыстыру; • Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау; • Кассалық қалдықты салыстыру....
Қазіргі нарықтық заманға сай, әрбір ұйым бәсекеге қабілетті, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім шығаруға ұмтылады. Өнімге арналған нормативті техникалық құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді жақсартып, оған өзіндік өзгерістер енгізіп, кәсіпорын өзінің ұйым стандартын әзірлейді. Өнімге ұйым стандартын әзірлеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне шығарылатын өнімнің тікелей әсерін ескеру болып табылады. Стандартты дұрыс жасау, орнатылған талаптар бойынша қателік жібермеу аса маңызды, себебі талаптардан ауытқу байқалған жағдайда өнім өндірушіге де, оны тұтынушыға да зиян келуі мүмкін, сондай – ақ шығынға ұшыратады. Яғни, стандарт талаптарын толық меңгеру – біздің денсаулығымыздың да, табысымыздың да көзі болмақ. Курстық жобаның мақсаты – кез келген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу үшін оның жасалуының нормативтік құжатта орнатылған талаптарын меңгеру болып табыла ....
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазіргі қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда Иран Ислам Республикасының алатын орны ерекше. Иран өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешеді. Диплом жұмысының өзектілігі жаңа әлемдік тәртіппен және Иран Ислам Республикасының (ИИР) қалыптасқан жағдайдағы алатын орнымен ерекшеленеді. Иран – Оңтүстік Батыс Азиядағы аса ірі елдердің бірі. Ауданы бойынша ( 1648 мың шаршы шақырым) онымен шекаралас Түркия (солт батыс ), Ауғаныстан мен Пәкістан (шығысында), Ирак (батысында) елдерінен анағұрлым басым болып келеді. Егер Иранды Еуропа елдерімен салыстырсақ, онда оның аумағы Англия, Швецария, Италия, Флоренция, Испания территорияларын бірге алғандағымен тең болады.Солтүстігінде Иранды Каспий теңізі жуып өтеді, ал оңтүтігінде Парсы және Оман шығанағы жатыр.Азияда бұл көрсеткіш Қытай және Индонезия аумағымен тең. Шекара ұзындығы ,шамамен, 80000 шаршы....
Кіріспе Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесіне тестік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр. Қазіргі кездегі бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының шет тілін игерудегі нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді (В.С.Аванесов мәліметі бойынша, 1994) Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды: - ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды; - АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы; - Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC); - Кембридж университетінің емтихандық синдикаты; Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан (Лаврова, 1999). Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тестілер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті. Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді. Қазіргі кездегі тестілер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік біліктілік – лингвистикалық біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.....
Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады: 1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы. 2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы. 3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.....