Абайкөк (бірінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын,
Сыр болмайды, жақсыда айтылмайтын.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.

Бәрі бірдей сыртынан алтынмын дер,
Отсыз, ойсыз жел сөзбен сарқылмайтын.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.....
Өлеңдер
Толық

Абай, күнім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қалам алдым қолыма, ей, өрнекпенен,
Бір ғанибет жақсыны көрмек деген.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.

Бір белгісі өнердің, ей, көрінеді,
Жіп тартатын мәшине көлмекпенен.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.....
Өлеңдер
Толық

Елім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.....
Өлеңдер
Толық

Ай-Ай, бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ауылым көшіп барады алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ата-анамның хабарын алмағалы.

[Қайырмасы]
Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!....
Өлеңдер
Толық

Жұмабай Арман (Тәуелсіздік)

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Оны бізге ешкім тегін бермеді.
Желтоқсанның ызарында қиналып
Қазақ елі Тәуелсіз боп өрледі.

Талай боздақ жігіттер де қыздар да
Көз жұмды ғой сол бір....
Өлеңдер
Толық

Жұмабай Арман (Фаризаға)

Батыстың қастерлі ақын қызы
Өлеңі дариға ақиық батыл қызы
Өлеңімен жүрекке нұрын сепкен
Фариза атты қазақтың батыр қызы

Қазағымның намысқойы, ұлтжандысы
Мейірбан, елін сүйген......
Өлеңдер
Толық