Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері (1998 ж.). Домбырамен ең алғаш болып қазақ әндерін дуэтпен орындаған кәсіби әншілер. Құдайбергеновтердің отбасылық ансамблінің құрылу тарихы Құдайбергеновтер жанұялық ансамблінің құрылу тарихы Қанат пенен Айткүлдің тұзының жарасып, шаңырақ көтеруінен басталды. Екеуі Алматыдағы "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы жастар эстрада-цирк студиясын (қазіргі Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі) бірге оқыды (1975-1977 ж.ж.). Қанат профессор, күйші Құбыш Мұхитовтың класынан дәріс алған. Айткүл Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің класынан халық әндерін, жырларын орындаушы әншілікті меңгерді. 1977 жылы Мәдениет Министрлігінің жолдамасымен, қос әнші өнер жолын Қарағанды облыстық филармониясының жанынан құрылған "Гәкку" ансамблінде бастады. 1983 жылы Республикамыздың мемлекеттік "Гүлдер" ансамбліне шақырылып әнші, күйші ретінде өздерін кәсіби тұрғыда жоғары дәрежеде көрсете білді. Бірнеше республикалық және халықаралық фестивалдардың жүлдегері болды. Бүкілодақтық жастар творчествосы конкурсының лауреаты атағын алды.....
Тұрсын Байтайұлы Құралиев (6.01.1950 жыл, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекеті - 01.10.2018, Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2010). Тұрсын Байтайұлы 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген. Әкесі - Құралиев Байтай (1898-1966), теміржолшы болған. Анасы - Құралиева Рақыш (1928-1996), ұжымшарда жұмыс жасаған. 1968 - 1972 жылдары М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады. 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1975 - 1977 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті. 1977 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Шығырмашылығы....
Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1975 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент[1]. Атбай Ботпайұлы 1992 жылы Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебін бітірген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі (1995-1999). Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастайды(1999-2000), Кейін Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университетінде оқытушы болып қызмет атқарған (2000-2001). 2001 жылдан бері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынан бастап университет доценті. Аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде білім алған (2002-2005). 2007 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінде жетекшілік етіп қызмет атқарады.....
Айнұр Тұрсынбаева 1977 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты ауылдардың бірі) дүниеге келген. 1994 жылы қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы 10 жылдық мектепті бітірген. Ақын қазақстандық БАҚ-қа берген сұқбатында балалық шағында қиындық көргенін айтады. "Мектепте оқып жүрген кезімде жағдайы төмен отбасыларға берілетін киіммен өстім. Ол кездері мемлекет киім беретін. Сабақта отырасың, сосын "қандай киімге мұқтажсың?" деген сауалға жазбаша....
Өз пәктігін саудаға қойған 18 жастағы модель магнаттардың бірінен 2 млн долларға ұсыныс түскенін айтып мақтанды. Бұл туралы nur.kz порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Берік Айтжанов (1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). "Құлагер" Ұлттық киносыйлығының иегері (2009).
Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әкесі Алматы ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін, Қызылорда облысына аттанған соң, Берік Айтжанов дүниеге келді. Бірақ болашақ актердің жанұясы Беріктің үш жасында Алматыға қайтып оралды. Негізі Беріктің актёрлық мамандықты таңдауы, Сатыбалды Нарымбетовтың «Лейланың мінажаты» фильміне жолы түспегенімен байланысты болды. 2004 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық факултетін бітірген. 2004 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. 2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай» және «Махамбет» картиналарында дебютке шығуына қарамастан, театр көрермені оны, кино және теледидар көрерменіне қарағанда жақсы білетін. Алайда, экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалының шығуымен барлығы өзгереді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер. 2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады.....
Марфуға Ғалиқызы Айтхожина (25 тамыз 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қаласында туған) – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).
Өмірбаяны Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді.....