Абылай хан – аңызға айналған тұлға

Биыл Абылай ханның туғанына - 300 жыл! Қанша уақыт өйтсе де, қазақ халқының жадына Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі Тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі -беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».......
Шығармалар
Толық

Драма сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы

Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан - жақты жетілген, ұлттық сана - сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған ертеңгі еліміздің болашағы, бүгінгі бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу — мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті болып табылады. Еліміздің айқын мақсатының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан - жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт - дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашан да жарық болары сөзсіз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек?

Сыныбы 6 «Ә»
Пән мұғалімі : У. Сатжанова

Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек.
Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж
Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.

2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Тәрбие сағаттар
Толық

Ораз Жандосов – қайраткер тұлға

Сүйер ұлың болса, сен сүй
Сүйінерге жарар ол.
Абай
Адамзат баласының тарихымен тағдырында ХХ ғасырдың алатын орны айрықша . ХХ ғасыр қазақ даласына қуаныш пен қайғыны өсу мен өшуді, үміт пен күдікті аз әкелген жоқ. Социалистік идеяның құдіретіне қалтқысыз сенген туған халқы мен елінің игілігіне адал қызмет еткен абзал азамат, тұғыры биік тұлғалардың бірі Ораз Қиқымұлы Жандосов.
Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат - Азамат.......
Шығармалар
Толық

Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу

КІРІСПЕ
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын,салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп,экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді. Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті. Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын,салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп,экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негіэі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылар дың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгіендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды. Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Курстық жұмыс тақырыбы: «Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі» Курстық жұмыстың мақсаты: Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту мен қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Тұлғаның танымдық қызығушылығын айқындау; танымдық белсенділік көріністерін белгілеп көрсету мен олардың дамуы мен қалыптасу жолдарын анықтап көрсету.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні

І.Кіріспе.
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Құдай қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның жаны да тәні де айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайларында ғана адам кісілік мән-мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуіне оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам жоқ. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни, оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білім мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білім бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды-көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп ес білетін кісінің өмір жолын, ұстанған бағытын білдіретін мотивтер (түрткі, себеп) көп.
Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлға теориялары

Кіріспе
З. Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері. Зигмунт Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австраианың Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейттің «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. «Психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар: 1)Тұлға және психопаталогия теориясы; 2)Тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3)Индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезілмейтін әдісі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар : психикалық қуат, ояту және инстингтер. Инстингтердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинг, өлімге ұмтылу. 20 – жылдардың басында З.Фрейд өзінің консентуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі 3 компонентке бөлді: ид, эго,жоғарғы эго.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық