Мен туған өлке

Мен туған өлке, мен туған өлке қандай дейсіз ғой, мен жазамын, ал сіз оқыңыз. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен, Туған елдің түтіні де тәтті екен... Неге бұлай бастады деп ойладыңыз ба? Иә, мен де сол кәдуілгі туған жерінен жырақта жүрген жандардың қатарынанмын. Есейіп ер жетсең де, құлпырып бой жетсең де, алып тұлға азамат, ардақты ана болсаң да, туған жердің құдіреті сағынтпай қоймас. Туған жерден жырақта жүрген, жасы жиырмаға жетсе де, әлі күнге бала секілді туған жердің бауырына тығылып, топырағын аңсайтын, сары даласына деген сағынышы таусылмайтын жанның....

Шығармалар
Толық

Туған жер сырыңды ұлың көп біледі

Күн аунап, бара жатыр ғасыр көшіп,
Тарихын тауға дейін асыр десіп.
Алтын құрсақ аман ба?! Асыл бесік
Ер жеттік құмыңда ойнап тасыңда өсіп.

Жер ана ұлың елге үлгілі еді,
Жарқылдап маңдайымнан күн күледі.
Жер жәннәті сенің ыстық құшағың ғой,
Сырын оның мен....

Өлеңдер
Толық

Туған жерім - бақыт мекенім

Туған жер-адамның кіндік қаны тамған,қанаты қатайған,арманы асқақтаған қасиетті мекені. Туған жері жайлы жүрек тебірентер өлең шығармаған ақын,әсем әнін арнамаған әнші,бояумен махаббатын жеткізбеген суретші жоқ. Олар туған өлкелеріне деген ыстық махаббатарын сөзбен немесе суретпен,күймен немесе әнмен жеткізген.Ал мен өз кезегімде еліме деген шексіз махаббатымды осы мақаламмен жеткізгім келеді.Егер бұл мақалам кем дегенде бір адамның жүрегіне жетсе,авторы ретінде менің арманым болмас еді.
Осы мақаланы жазу барысында менің....

Шығармалар
Толық

Туған жер-ұлы ұғым

Туған жер-ұлы ұғым. Туған жер, отан, туған ел -барлығы адамға ыстық, қасиетті де қастерлі ұғымдар болып табылады. Бұл киелі ұғымдардың астарында қаншама мағына жатыр десеңізші?! Туған жер сенің қызыққа толы балалық шағыңды, ауылыңды есіңе түсіретіні анық. Мен өз отанымды «менің туған жерім» деп асқақтап, ерекше сезіммен айта аламын. Туған жер әлемдегі ең ұлы нәрсеге пара-пар. Себебі, оның құдіреттілігі ештеңеге тең келмейді.
Менің туған жерім, Отаным- тәуелсіз Қазақстан. «Отан-оттан да ыстық» деп атам қазақ айтқандай, туған жерім мен үшін ыстық. Қазақстан-қазынаға бай, көркем ел. Оның сұлулығын сөзбен....

Шығармалар
Толық

Мен қазақстандықпын

Мен қазақстандықпын. Яғни, Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлтым – қазақ. Дүниеге Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін келдім. Сондықтан, елімнің қазіргі азаматтарының ішіндегі Совет үкіметін тек тарихтан ғана білетіндердің қатарынанмын. Әрине, атамнан, әжемнен, әкемнен және анамнан естіп білген тұстарым да бар. Ол кісілер үлкен тарихи құбылыстың куәләрі… Ал, біз, Қазақстанның бақытты ұрпағымыз! Біздің дәл осындай бақытты болуымызды бабаларымыз о бастан тілеп келді…
Қанның иісі тарамаған ауаны жұту, қанға....

Шығармалар
Толық

Көзімнің қарашығы атты туған жер туралы шығарма

Туған жер. Бұл жер шарында құмырсқадай қаптаған адамдар қанша болса, соншалықты әрқайсында алуан түрлі болып елестейтін жанға ерекше жылулық сыйлап, кейде күлдіртетін, кейде күйзелтетін ғажайып сөз. Әрине, қарға да баласын аппағым дер, кірпі де баласын жұмсағым дер дегендей, кім-кімге болсын кіндік қаны тамып, туып өскен жерінің ыстық болары сөзсіз. Таң атқаннан кеш батқанға дейін күйбең тірліктің қамымен өз уақытының қалай өтіп жатқанын кейде «үһ» деп күрсінгенде бірақ түсінетін жиырма бірінші ғасырдың тірі робыттарына айналуға аз қалған, өздерін жұмысбасты деп санайтын адамдар, бар әлемді мойындатқан небір ғұлама, ақын, жазушы, жезаяқ пен жезтаңдайлардың тұла бойларын «туған жер» дегенде....

Шығармалар
Толық

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деп тегін айтылмаса керек. Әрбір Отан ұғымының қадірін білетін, туған жер сөзінің терең мағынасын түсінетін азамат үшін кіндік қаны тамған топырақ киелі де қастерлі.Туған жерге деген махаббат ана сүтімен дарыса керек. Бала шақтан бастап топырағына аунап, шаңын жұтқан жер, туған ауыл, асыр салып ойнаған көше адамның есінде мәңгі қалады, жүрегінде жатталады.Туған өлке қадірін білу осы сәттен-ақ бастау алады. Себебі, жазғы демалыста өз ауылыңнан басқа қалаға қыдырып кетсең, туған ауылдың көшелері көз алдыңа келіп, қол бұлғап....

Шығармалар
Толық

Студент

− Студент Алпысбаев, сіз неге мені тыңдамай отырсыз? − дейді профессор:

− Мен сізді тыңдап отырмын профессор − дейді студент.

− Олай болса менің соңғы айтқандарымды қайталаңыз.

− "Студент Алпысбаев, сіз неге мені тыңдамай отырсыз"

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Туған жер – алтын ұям, байтақ мекен

Туған жер – алтын ұям,байтақ мекен
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!,- Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап кеткендей туған жеріміз алтын ұямыз. Кең байтақ сахарамыз бойында қасық қаны қалғанша жан алып жан беріп арпалысып өткен бабаларымыздың батырлығымен бізге жеткен ұлы даламыз. Миллиондаған жылдардың белесінде....

Шығармалар
Толық