Туған жерім - бақыт мекенім


Туған жер-адамның кіндік қаны тамған,қанаты қатайған,арманы асқақтаған қасиетті мекені. Туған жері жайлы жүрек тебірентер өлең шығармаған ақын,әсем әнін арнамаған әнші,бояумен махаббатын жеткізбеген суретші жоқ. Олар туған өлкелеріне деген ыстық махаббатарын сөзбен немесе суретпен,күймен немесе әнмен жеткізген.Ал мен өз кезегімде еліме деген шексіз махаббатымды осы мақаламмен жеткізгім келеді.Егер бұл мақалам кем дегенде бір адамның жүрегіне жетсе,авторы ретінде менің арманым болмас еді.
Осы мақаланы жазу барысында менің көкейімде «мен үшін туған жер деген не?» деген сұрақ туындады.Аса қатты қиын сұрақ болмағанымен,біраз ойланып,толғануға тура келді.
Мен үшін туған жер-менің бақыт мекенім.Неге?Бұл тұжырымымның себебін білу үшін алдымен бақыттың мен үшін не екеніне тоқталуды жөн көрдім.Бір қызығы бақыт сөзін ести қалсам,ойыма бірден ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген» өлеңі түседі.Бақыт деген-сенің бала күндерің демекші,менің уайымсыз балалық шағым туған жерімде өтті емес пе?Ал бақыт мекені дегенім мен үшін- жаным жай тауып,көңілім тынышталатын, ерекше күш пен таусылмас шабыт сыйлайтын мекен.Міне,сондықтан болар шет елде жүріп,туған жерді сағынатынымыз.
Демек,әр адамның бақыт деп аталатын мекені бар.Менің бақытым деп таныған мекенім-Қорғалжын ауылы.Ауылым көз жауын алар әсем табиғаты,шұрайлы жері мен шүйгін шөбімен ерекше.Туған ауылымда өткізген бала күндерім есімде қалмаса да,ауылыма барған сайын ерекше бір сезім бойымды жаулап алады.Құдды бір тұсаулы атты өз еркіне,жайлауына жібергендей бала жаным қуанып қалады.
Әркімге өз туған өлкесі ерекше болатыны сөзсіз.Менің бақыт мекенім тек әсем табиғатымен ғана емес,қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың құт мекені ретінде де өзгеше.Осындай жануарлар әлемі,тамаша табиғаты бар мекенді барлығы көргісі келетіні анық. Бұл сөзіме жыл сайын саны артып келе жатқан туристер дәлел бола алады.
Ауылымның жануарлар әлеміне тоқталсам,Қорғалжынның көлдеріне мен атап өткен сирек кездесетін қоқиқаздар ғана емес,қаздар мен үйректер,бірқазандар және тағы көп құс қонып,сол көлдің көркін келтіріп тұрады.Оған қоса,ауылымның көркін жүздерінен күлкі кетпейтін тұрғындары да келтіріп тұрдеп нық сеніммен айта аламын.Себебі,бұл өлкенің адамдары сондай көңілді,мейірбан,ақкөңіл жандар.Кез-келген жолаушыны немесе күліп қарсы алып,күліп шығарып салатын тамаша халқымен мен мақтанамын.
Менің сүйікті ақыным Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңінде адамды демеп жүрер,жебеп жүрер өз анасына басқа болу керек құдіретті төрт ана деп жазған еді.Төрт ананың бірі-туған жер.Туған жерді ақын адамның түп қазығы,айбыны деп атап өткен.Шынымен де туған жер біздің екінші анамыз тәрізді.Содан болар,бала кезден бастап-ақ біз туған жерді жақсы көріп үйренеміз.Ана баласын аялайды,мәпелейді,күнде де түнде де ойында,өмір бойы жүрегінде сақтайды.Ал екінші анамыз туған жер әр тұрғынына ана махаббатындай ұлы махаббат сыйлайды,әр баласын тірісінде алақанында,мәңгілік ұйқыға кеткенде бауырына алып,мәңгілік қойынында сақтайды.
Бізге махаббатын аямай төгетін туған жерімізге біз де махаббатымызды сыйлауымыз керек деп ойлаймын.Бірақ, адамдар тек сөздерімен ғана емес,істерімен де дәлелдесе екен деймін.Мені қашан да туған жеріме қандай үлес қоса аламын деген сұрақ мазалайтын.Бір тамшыдай қосқан үлесім болсын деп,таңертең ерте атар күнмен таласып,ел тәтті ұйқыда жатқанда қоқыс жинайтынмын.Бұл жайлы көбісі білмейтін,бұл менің бір кішкентай сырым болатын.Ал мен өскенде ауылым Қорғалжында көптеген мектептер,балабақшалар ашар едім.Себебі,ауылдық жерлерде мектептердің тапшылығынан кейбір балаларға басқа бір ауылдарға барып оқуға тура келетінін жақсы білеміз.Әркім тамшыдай болса туған өлкесінің дамуына үлес қосса,нұр үстіне нұр болар еді.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйімді тербетіп,тулатып қозғауыма мүмкіндік берген осы мақаламды мен бір ғана мақалмен қорытындылаймын деп шештім.Әркімнің өз жері-Мысыр шаһары екенін ұмытпау керек!

Риза Данияр


Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу