Тарих | Пайдалы қазбалар пайда болуы мен қалыптасуы

Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі.Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне
байланысты.Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады.
Платформалар облыстарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де қатпарлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі. Шөгінді жыныстарда көбнесе рудасыз қазбалар қалыптасады.
1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір бассенінің өнеркәсіптік мүмкіндігі анықталады. Содан бері Қазақстанның геологтары пайдалы кендерді ашып жоспарлы зерттеу жөнінде зор жұмыстар жүргізді.
Қазақстарн қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа
бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.
Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Орал облыстарында шоғызланған. Мұнай фантаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассенніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылады. Кейін олардан аса зор Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ пен Жаңа жол (Ақтөбе облысы), және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық