Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) жэне сенімді операциялар. Пассие операциялары - олар өз қарауына эр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінін бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын кү_ру және оны үлғайту операциялары". Олар банк балансының пассивінде корсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив -операциялзрын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.....
Тақырыптың өзектілігі: Зерттеліп отырған тауаралық Зайсан ойпаңы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ойпаң солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 260 км-ге созылып жатыр, орташа ені 110-120 км, ауданы 32000 км2. Зайсан ойпаңы солтүстігінде оңтүстік Алтайдың таулы сілемдерімен, оңтүстігінде Саур-Тарбағатай таулы жүйелермен, батысында Шар-Көкпекті ұсақ шоқысымен шектеседі. Ойпаңның териториясында аймақтық және жергілікті жарылымдар таралған. Зайсан ойпаңында әртүрлі аккумуляциялық, аккумуляциялық-денудациялық бедер пішіндері тән. Жұмыстың өзектілігі тауаралық Зайсан ойпаңының территориясында жаңатектоникалық қозғалыстар әсерінен жер қыртысы деформацияға ұшырап әртүрлі бедер пішіндері қалыптасуына әсер етіп, жер сілкіністері болып тұрады. Қазіргі геоморфологиялық процестер бедердің морфологиясын, денудацияның даму деңгейін анықтайды және территорияның топырақ түзілуіне, табиғи су ағынына, экологиясына әсер етеді. Территорияны жан-жақты зерттеу маңызды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан-жақты зерттеу, жер сілкінуді қадағалап зерттеу, соның нәтижесінде оларды алдын-ала болжаудың халық шаруашылығына маңызды мәселе екендігін көрсету. Жұмыс негізінен жинап алынған ғылыми әдебиеттерге, Қазақстан республикасының геологиялық қорындағы құжаттарға сүйене отырып, картографиялық материалдар зерттеу нәтижесінде жазылған. ....
Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша. Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды. Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті. ....
1.1 Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңыздылығы Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді [1,2]. ....
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы -мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қойдың басын және өнімін көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, аурудың алдын алудың маңызы зор. Саулықтарға буаздықтың соңғы кезінде іш тастататын, осы іш тастаудан кейін сепсистен саулықтарды өлтіретін, сонымен қатар әлсіз , тіршілікке қабілеті төмен төлдер туатын, ересек қозыларда пневмония , артрит тудыратын және саулықтарды қысыр қалдыратын хламидиоз ауруы үлкен экономикалық зиян кетіреді. Хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарауына ауруға диагноз қою мен алдын алу шараларының әлде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр. Сонымен қатар аурудың кең таралуына хламидиоз ауруынан кейін көп малдардың хламиди тасымалдаушы болып қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды. Қой хламидиозына диагноз қою мен тәндік алдын алу осы күнге дейін зерттелуде. Осы ауруды зерттеуде ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының еңбектері зор (И.И.Носов, А.А. Волкова, 1965; А.Актаев,1970; Ю.Д. Караваев және басқалар 1971; Н.З. Хазипов және басқалар 1984 ; Х.З.Гафаров 1984; ) .....
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы Бүгінгі тaңда біздің еліміздің хaлқының әлауқaты мен әлеуметтік жағдай-лaрын жақсарту үшін ауылшаруaшылық сапалы өнімдерімен жеткілікті және тұрақты қaмтамасыз етіп отыру өмір талaбы. Ол үшін жеңіл әрі тез өндірілетін өнімдер салaлaрын тез арада және қуатты түрде жандандыру керектігі белгілі жағдай. Мұндaй өндірістік өнім салалaрының бірі құс шаруaшылығы. Ғалымдaр мен мамандардың пікіріне қарағaнда, өте тез дaмитын сала - құс шаруaшылығын бірінші кезекте көтеру қажет, себебі жaқын арaда халықты са-палы дa, дәмді тағaмдармен тек құс шаруaшылығы, ғана қамтамасыз ете алaды. Құс өндірісінің ерекшелігі сол, бұл құрамында өндіріс, қайта өңдеу, сау-да, қызмет көрсетуі бар, яғни барлық жүйе «бір жерге» топтастырылғaн. На-рықтық жағдайдың негізгі принциптерін тез арада бағдарлай алмау, елімізге импорттық тауарлaрдың көптеп әкелінуіне, оның ішінде құс шаруашылығы өнімдері, себеп болды, сөйтіп бұл осы саланың қaрқынды дамуынa кері әсерін ....
Сүт - малдың желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында жүзден астам заты бар физиологиялық ерітінді. Оның құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минералды заттар (оның ішінде микроэлементтер) витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар, микроорганизмдер, т.б. болады. Сүт осы айтылған заттардың кездейсоқ қосындысы емес, бір бірімен тығыз байланысты коллоидты құрылым. Сондықтан да сүтті- полидисперсиялық система деп те атайды. Себебі оның кейбір қосындылары ионды немесе молекулалық (тұздар, сүт қанты) түрде кездессе, басқалары (майлар) ірі дисперсия түзеді. Жұмыстың мақсаты: Қой сүтінің құрамы мен қасиеттерін зерттеу. Жұмыстың міндеті: -Қой сүтінің физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің жыл мезгіліне байланысты физико-химиялық құрамын зерттеу; - Қой сүтінің физико- химиялық құрамын сиыр сүтінің физико-химиялық құрамымен салыстыру Ерте кезден бастап адамдар сүттің емдік қасиеті барын анықтаған болатын, сол себептен медициналық емдік зат ретінде қолданған. Авиценна өзінің «Канон врачебной науки» еңбегінде: сүт- балалар мен қарт адамдарға ең жақсы тағам деп жазған болатын. Мыңдаған жылдардан бері сүт пен оның емдік қасиеттері туралы белгілі. Алайда, қазіргі күннің өзінде сүт туралы барлығын білеміз деп нақты айта алмаймыз. ....
КІРІСПЕ Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center] Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады? Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады: 1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады. 2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді. Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді. Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс. Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды. Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады. Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді. Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б.. Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
КІРІСПЕ Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа әйгілі керемет талант иесі, кемеңгер жазушы ғана емес еді; ол энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым, өте көрнекті қайраткер ретінде де әйгілі. Оның осындай әр жақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған ірі монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетіне әр жылдары жарияланған ірілі-ұсақ мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның үстінде. М.О.Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби мұрасына зер салсақ, оның екі үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар зерттеуші Ә.Молдаханов атап айтқандай: Біріншісі – абайтанушылығы, екіншісі – фольклортанушылығы жазушының әдеби-ғылыми мұрасының екі алтын діңгегі де осыла (7). Дүниежүзіне әйгілі «Абай жолы» эпопеясы авторының әдеби мұрасы тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келді (30). Ал енді, фольклортанушы ғалымның еңбектері әлі де өз дәрежесіне зерттеліп, көпшілікке таныла қойған жоқ. Дегенмен, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми шығармашылықтарындағы фольклортанушылық мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалды деуге болмайды. Ғұламаның фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым, белгілі сыншы: Ғ.Тоқжанов. Ол 1927 ж. «Әдебиет тарихына бір жақты бағамен сын айтқан. Бұрын жазба әдебиет дамымай тұрған кезде, қазақ-кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жазба әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М.Әуезовтің орынды пікірін Ғ.Тоқжанов: «Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді» - деп өрескел бұрмалайды (29). Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келе етіп, мін тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған «пролеткульттік» әдеби сынның бір белгісі осындай еді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М.Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін 50 жылдары «Абай жолы» эпопеясы арқылы аты дүние жүзіне әйгілі болған кезде ғана М.Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып, фольклортанушылығы «тиіп-қашты» ғана айтылды. Әуезұлы Мұхтардың 1932 жылғы 10 маусымда «Социалистік Қазақстан» газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның 20-шы жылдардағы еңбегі мүлде айтылмай, жабылып қалған болатын. Бұл жағдай М.О.Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа дейін жете зерттелмей, көпшілік танылмай келуінің басты себебі еді. Солай болғанымен де «асыл тас су түбінде жатпайды» дегендей М.Әуезовтің фольклорды зерттеген еңбектері оның тұтас шығармашылығына арналған жинақтарда әдебиетші – ғалымдар З.Кедринанның (31), А.Нұрқатовтың (32), Е.Лизунова мен Ы.Дүйсенбаевтің (33), М.С.Сильченко мен М.Смирнованың еңбектерінде сол секілді ұлы жазушы ғұламаның творчествосына арналған газеттік журналдың мақалаларында көрініс тауып отырды (34). Дегенмен де, ғалымдар М.Әуезовтің фольклортанушылығы туралы мәселені оның жалпы ғылыми педагогтік қызметімен байланысты көріп, фольклор туралы ішінара ғана тоқталып елуінші, алпысыншы, жылдардағы еңбектері ішінен, әсіресе, «Манас» туралы зерттеулерінің ғылыми мәнін ашып береді.....