Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі казакша Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі на казахском языке

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 7
АНЫҚТАМАЛАР 8
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 9
КІРІСПЕ 10
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 12
1.1. Қой эшерихиозының таралуы. 12
1.2. Вакциналар және вакцинопрофилактика 16
2. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР 21
2.1. Зерттеу нысандары мен тәсілдері. 21
2.2 Шаруашылыққа сипаттама 21
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 23
3.1 Қой эшерихиозының этиологиясы. 23
3.2 Эшерихия штамдарының биологиялық қасиеттері. 25
3.3 Эшерихия штамдарының зардаптылығы 29
3.4 Эшерихия штамдарының антибиотиктерге сезімталдығы. 32
3.4 Қой эшерихиозының тірі вакцинаны қолдану арқылы арнайы алдын алу. 33
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК 37
5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 40
6 ҚОРЫТЫНДЫ 43
7 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 44
8. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша.
Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті.
Қой эшерихиозы– әлемнің көп елдерінде таралған инфекциялық ауру, көбіне энзоотия түрінде өтіп, туғаннан кейінгі сепсистен кейінгі саулықтардың, жаңа туылған қозылардың өлуімен сипатталады, осылайша қой шаруашылығына үлкен экономикалық шығын әкеледі.
Аурудың таралуына себеп: арнайы вакцина профилактиканың дамымауы. Қой эшерихиозына қарсы өлтірілген вакцинаның бірнеше түрі ұсынылады.
Соның ішінде ашудас формол вакцинасы (Н.И. Николаенко және А.И. Нефедьев, 1950; Нефедьев, 1954; Николаенко, 1956), концентрленген ашудас формол вакцинасы (А.Г. Малявин және басқа авторлар, 1964) және поливалентті формол-тиомерсалды вакцина (ВГНКИ) қазіргі күнге дейін қолданылады [3].
Эшерихиялардың уыттылығының айтарлықтай факторларының бірі, ол оның аздгезивтілігі - адгезивті антигендердің синтезі. Эшерихиялардың адгезиндері инфекциялық процессті іске қосатын механизм рөлін атқарады, ол микроорганизімнің эпителийдің бетіне жабысу және оны отарлауға, алдағы уақытта организімге энтеротоксиндермен әсер етуге мүмкіндік жасайды. Уытты эшерихиялардың ішекті отарлауы, эшерезиоздың патогенезінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты , көптеген отандық және шет елдік зерттеушілер, энтеротоксигендік фимбрилі аздгезиндері бар Е.соlі-ді әр түрлі түлік малдарының төлдері арасында таралу дәрежесін зерттеген. Сондықтанда жануарларда эшерихиоздың алдын алу үшін ең жетілген әдістерді әзірлеуде, осы патогенді факторды есепке алу керек, ол алдын алудың тиімді әдістерін жасауға мүмкіндік береді [5].
Біздің елімізде және шет елде жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, жануарлардың эшерихиозының алдын алуда ең перспективті болып, фимбрилік аздгезиндерден тазартылған вакциналар және тірі аттенуацияланған адгезинпозитивті эшерихия штаммдарынан алынған вакциналар болып табылады. Эшерихиоздың патогенезі кезіндегі аздгезивті антигендердің рөлін анықтағаннан соң және Е.соli уыттылық факторларын іргелі зерттей келе, жануарлардың эшерихиозының алдын алудың арнайы әдістерін іздестіруге алып келді.
Эшерихиоздың энтеротоксигендік штамдарының таралу дәрежесін зерттеу өзекті мәселе болып отыр. Соңғы он жылдықта эшерихиоздың дерттенуі және қоздырушының патогенді қасиеттері айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Егер бұрын аурудың дамуында жетекші ретінде, қоздырушының ыдырау өнімдері (эндотоксин) деп санаса, қазіргі кезде мынандай патогенді факторлардың әсері мойындалды, ол макроорганизіммен өзара әрекеттесу процессі кезіндегі энтеротоксигенді және адгезивті әсер етуі [11].
Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сай, тірі вакцина дайындауға қолданылатын, вакцина штаммдары, кем дегенде екі сипатталған мутациясы болуы керек, ол оның биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, әлсіз қалдық вируленттілік, оны басқа уытты түптұлғадан ажырататын иммуногендік және генетикалық маркерлердің болуы. Анықталғандай, аттенуацияланған вакцина штаммдары инактивтелген антигендерге қарағанда, иммундық жүйеде күрт өзгерістер тудырады, ол қан жасаушы дің торшалардың миграциясы мен пролиферациясына стимуляциялық әсер етеді және антидене түзілуін тездетеді.
Осыған байланысты, аттенуацияланған эшерихия штамдарының селекциясының генетикалық әдістерін әзірлеу, эшерихияның адгезивті штаммдарынан тірі вакцина жасау, қой эшерихиозының алдыңғы уақытта өзіндік алдын алуды жақсарту, өзекті мәселе болып табылады.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – шаруашылықтағы қой төлі арасындағы асқазан-ішек ауруларының этиологиясын анықтау және тірі вакцинаны қолдана отырып қой эшерихиозының алдын алу.
Осы мақсаттарға жету жолында келесі тапсырмаларды жүзеге асыру міндеті тұрды:
1. Табиғи эшерихия штамдарын бөліп алу
2. Табиғи эшерихия штамдарының биологиялық қасиеттері.
3. Эшерихия штамдарының уыттылығы және улылығы.
4. Эшерихия штамдарының антибиотиктерге сезімталдығы.
5. Тірі вакцинаны қолдану арқылы қой эшерихиозының арнайы алдын алу.






1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қой эшерихиозының таралуы
Қой эшерихиозы (колибактериоз) қоздырғыштары.Эшерихиоз (Esherichiosis) - тоқтаусыз іш өтіп, дененің уланып, сусыздануымен ерекшеленетін, төлдің жіті өтетін жұқпалы ауры.
Escherichia- туыстығының бакиериялары жануарлардың, адамдардың тоқ ішегінде және құстар мен балықтардың, жәндіктердің, сонымен қатар жарақат бөліндісінде, сілекейде қалыпты жағдайда кездеседі. Бөлінділерден және сілекейлерден бөлініп шыққан E.coli сыртқы ортаға (топырақ, су, тамақ) бөлініп шығып, сол ортаға өмір сүру шарттарына бейімделеді [1].
Морфологиясы. Escherichia coli- грамтеріс, қозғалмалы, спора түзбейтін, тұрқы қысқа, жуынтық, ұштары жұмырланып біткен таяқша. Денесінде соматикалық О-, жіпшесінде Н-, қауашақ түзетіндерінде сыртқы К- антигендері болады. К- антигендері ыстыққа төзімсіз, термолабильді, L және B антигендерге, ыстыққа төзімді, термостабильді А- антигенге бөлінеді. L- антигенге жататын К-88, К-99, 987 Р, Ғ-41, А-20 антигендері бар сероварларының колибактериоздың этиологиясында маңызы аса зор.
Антигендік құрамы бойынша эшерихиялар 200-ге жуық сероварға бөлінеді. Қауашақты штаммдарында негізгі уыттылық факторы болып есептелетін адгезиялық антигендері бар. Микроб қарапайым қоректік орталарда, арнайы Эндо ортасында және адгезиялық антигендері түзілу үшін Минк ортасында өсіріледі [16].
Зардаптылығы нашар білінеді. Қойға энтеральді және интраназальді жұқтырғанда қой көбіне ауруға шалдықпайды. Бұлшық ет арасына еккенде қозы өледі, қой ауырып сауығады. Вена қан тамырына және құрсаққа жұқтырғанда қозы мен қой жіті токсикозға, септицемияға ұшырап, бұлар 3 – 7 аптада өледі.
Зертханалық жануарлардан ақ тышқан өте сезімтал (энтеральді жұқтырудан басқасында) келеді [3].
Патогенезі. Алиментарлық жолмен денеге енген эшерихиялар адгезиялық қасиеті арқасында ішектің эпителийіне жабысады. Бұл қасиеті негізінен фибрилалар немесе фимбриялар деп аталатын жгутиктен (жіпшеден) де жіңішке құрылымдар арқылы іске асады. Бұл құрлымдардың қызметі әр алуан. Пили, немесе секс- пили аталатын қысқа фимбриялар микробтардың конъюгациясын іске асырады. Конъюгация кезінде генетикалық материал- ДНҚ тізбегі (коньюгациялық, плазмид) Ғ+ аталық микробтан Ғ- аналық микробқа өтеді. Сонымен қатар пили фаг үшін рецептор болады және бактерияның адгезиялық қасиетін іске асырады. Микробтың адгезиялығы арнаулы фимбрияларда орналасқан адгезиялық антигендер арқылы қамтамасыз етіледі. Адгезиялық антигеннің көмегімен эшерихияларға ішек эпителийіне жабысып, орын тебеді. Бұл құбылыстың дерттену процесіндегі маңызы өте зор.
Ішекке жабысқан эшерихиялар тез өсіп-өніп, әртүрлі улы заттар бөліп шығарады. Бұл заттар ішекті тітркендіріп, оның сіңіру қасиетін тежеп, секрет бөлуін күшейтеді (гиперсекреция). Ішектің ішіндегі сұйық көбейіп, оның осмостық қысымы төмендейді. Бұның нәтижесінде электролиттер кілегейлі қабықтардан ішек қуысына өтеді. Одан рецепторлар тітіркеніп, ішектің моторикасы күшейеді. Сұйық масса ішек бойымен тоқтаусыз жылжып, толассыз іш өтеді. Нәтижесінде төл организмдегі су мен минералды тұздар азаяды. Микробтар және олардың токсиндері қанға өтіп, организмде септицемия, токсикоз процестерін тудырады [4].
Иммунитеті. Колибактериозбен ауырып жазылған төлде иммунитет қалыптасып, қайтадан ауырмайды. Жас төлді бұл ауруға қарсы егу нәтиже бермейді, өткені оның иммунологиялық икемділігі жеткіліксіз және туа саласымен шалдығатын болғандықтан иммунитет қалыптасып үлгермейді. Сондықтан колибактериозға қарсы формолтиомерсал вакцинамен буаз мал егіледі. Сиырды туарынан 6 апта және 2 апта бұрын екі рет егеді, мегежінді туарынан 1,5 ай және 7-10 күн бұрын екі рет егеді. Қажеттілігіне қарай 10 күннен асқан торайды, бір айлық қозыны егеді [22].
Ауырып сауыққан қозы да эшерихиозға иммунитетті болады, бірақ оның қандай мерзімге екендігі белгісіз.
Қой эшерихиозында қорғанудың клеткалық реакциясы – лейкоцитоздық реакция, РЭС элементтерінің плоферациясы – айқын білінеді. Сонымен қатар қорғанудың гуморальдық факторы – титрде айтарлықтай антиденелердің жиналуы байқалады. Антитоксиндік тұрақтылығы кенет артады [14].
Диагностикасы. Тірі кездегі диагностика. Агглютинация реакциясын қолданады. Саулықтан қанды төлдегеннен кейін (антиденелер титрі жоғары) 8 – 12 тәуліктен кейін алады. Қан сарысуы типі 1:100 және одан да жоғары болғанда оң реакция болып есептеледі. Бұл әдісті қозы (2 – 7 айлық) эшерихиозына диагностика қою үшін де пайдалануға болады.
Гемокультура әдісінің маңызы үлкен. Алғашқы культураны алу үшін сұйықтау қоректік орта (ПЖА), сол сияқты жануар қаны сарысуы қосылған қоректік орта (сұйық және тығыз) пайдаланылады. 24 – 48 сағаттан кейін алғашқы культураны тығыз ортаға Петри тостағаншасына себеді. Қажетті колониялар бөлініп алынады, алынған культураны мақсатқа сәйкес зерттейді [8].
Өлгеннен кейінгі балануы. Зертханаға өлген қой органдары, лимфа түйіндері және өлген қозы өлексесі жіберіледі.
Жалбыршақ қарын ішіндегі заттардан, қаннан (жүрек), паренхиматоздық органдардан, лимфа түйіндерінен және іш тасталған төл жілік майынан Е. соli себіледі. Культура мидан да жиі бөлініп алынады. Алғашқы культураны алғанда кәдімгі (нәзік өсінді) не сұйықтау қоректік ортаны (күштірек өскен) пайдалануға болады. Бұдан әрі морфологиялық (Грам әдісімен бояу керек) культураның биохимиялық қасиеттері және монорецепторлы қан сарысуымен агглютинабильдігі зерттеледі. Уыттылығын ақ тышқандарда анықтайды, ол үшін сұйықтау агарда 0,1 не 0,3 мл мөлшерінде қан сарысуы сорпасында өсірілген 20 сағаттық культураны құрсаққа жұқтыру арқылы тексереді.
Өлген қой мен қозыдан алынған материалдар да (қарыннан алынғаннан басқасы) осылай зерттеледі [5].
Биологиялық препараттары. 1950 жылы Н.И. Николаенко мен А.Н. Нефедьев қозы мен саулық сальмонеллезіне қарсы анатоксинвакцина(онда анатоксин және микроб денесі бар), содан кейін жетілдірілген концентрациялы формолашудас вакцинаны тапты және іс жүзінде қолдануға ұсынды. Бұл вакциналарды саулыққа үш рет егеді: қашырар алдында (5 мл), екінші рет қоздаудан 30 – 35 тәулік бұрын (8 – 10 мл). Қозыларды туғаннан 2-күннен бастап, арасына 5 – 7 тәулік салып егеді (2 – 3 мл және 4 – 5 мл).
Бұл вакцина әсері жеткіліксіз, ал саулыққа үш рет, оның ішінде буаздығының екінші жартысында (төлдеуден 30 және 15 тәулік бұрын) вакцина егу қажетсіз. Осыған байланысты бұдан да жетілген вакциналық препараттар, мысалы формол тиомерсалашудас вакцинасын алу, табу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Тиомерсал бактериалды протеиндерге зақым келтірмейді, препарат қасиеттерін тұрақтандырады және реактивтілігін төмендетеді. Бұл вакцина әсері формол вакцинаға салыстырғанда күштірек және сальмонеллалар этиологиясынан іш тастауын кемітеді [11].
Құрама антигенмен (формол тиомерсалашудастан вакцина және эндотоксин) гиппериммунизациялау арқылы саулықтан біршама активті қан сарысуы алған. Бұл қан сарысуының антибактериалды және антитоксиндік қасиеті бар, тышқандардың 90%-ын уытты культура және эндотоксиннің өлімге ұшырататын мөлшері тәжірибелік тышқандардың 100%-ын ауру жұғудан сақтайды. Бұл вакцина қозыға тәжірибе жасағанда да жақсы нәтиже береді [10].
Антибиотикті терапия кең қолданылады. Қозы мен қой эшерихиозына тиімді препараттар-тетрациклиндер (5 – 30 мг/кг), неомициндер (10 – 20 мың бірлік/кг), левомицетин (10 – 40 мг/кг), антибиотиктермен бірге қолданылатын нитрофурандар. Гама-глобулин мен неомицинді бұлшық ет арасына бірге қосып егу жақсы нәтиже береді. Пролингирлаушы препараттарды – дибиомицин мен дитетрациклинді (30 – 50 мың бірлік өлшемі/кг) қолданғанда жақсы нәтиже алынады, бұлар бірнеше тәулікте емдік қан концентрациясын қалыптастырады және бұл ересек қозыларды емдеуге өте тиімді. Зерттеушілердің көпшілігі іш тастауды антибиотиктер қолдану арқылы тоқтатуға болмайды деп есептейді [23].
1950 ж. алғаш рет Е. соli изоляттарынан талшықсыз филаменттерді тапқан, ол бактерия торшасының бетінде жіп тәрізді жұқа өсіндінің пайда болуымен сипатталады. Олардың болжамы бойынша, осы өсінділер бактерияның организм торшаларында «аздгезия мүшесінің рөлін» атқаруы мүмкін екенін көрсеткен. Кейін талшықсыз филаменттерді азгезивті фимбриялар, немесе пиля деп атай бастаған, олар көптеген Enterobacteriaceal тұқымдастығының бактерияларынан табылған [12].
Кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша қазіргі уақытта адгезивті антигендердің бірнеше түрі белгілі: К88, К99, 987Р, Att25, бұл эшерихиялар жануарлардан бөлініп алынған, CFA/1 және CFA/11- адамнан бөлініп алынған. Бактерияның адгезивті антигені типі мен өндірілетін энтеротоксин типі арасында белгілі бір өзара байланыс бар. Жаңа туған бұзау мен қозыда көбінесе Е. соli К88, К99, Att25 адгезивті антигендері табылған, олар термостабильді энтеротоксин өндіреді. Жаңа туған торайларда - Е. соli К99, 987Р адгезивті антигендері табылған, оларда негізінен термостабильді энтеротоксин өндіреді. Енесінен бөлінген торайларда колиэнтеротоксимияның қоздырушысы К88 аздгезивті антигені бар Е. соli штаммдары болып табылады, олар термостабильді немесе термолабильді токсин немесе бір уақытта екі токсинді де өндіреді [13].
Қазіргі уақытта Д- манноза полисахаридінің бар немесе жоқ болуымен жүретін адгезивті гемагглютинация реакциясының негізінде, эшерихиялардың аздгезивті фимбрияларының екі түрі бөлінген. Кейбір адгезивті фимбрилердің агглютинациялау қабілеті Д-маннозаға байланысты. Оларға маннозасезімтал фимбрийлер немесе 1-ші типтегі фимбрилер деген атау алған (J.P. Duguid, D.C.Old, 1980). Маннозасезімтал эшерихиялармен қатар, адгезивті фимбрийлер табылған, олармен иммуноадгезивті геммаглютинация реакциясы Д- маннозамен тежелмейді. Олар маннозатөзімді фимбриялар немесе ерекше адгезия антигендері деп аталады. Маннозарезистентті гемагглютинация реакциясы, адгезивті антигені бар бактерияның, адам мен жануарлардың эриттроциттерінде адсорбцияланып, суық Д-манноза ингибиторының қатысуымен гемагглютинация тудыру қабілетіне негізделген. Реакция тәнді емес болып табылады. Ол адгезивті қабілеті бар барлық бактерияларды анықтауға көмектеседі. Болжам бойынша, маннозарезистентті гемагглютинин және К99 антигенін кодтайтын ген, бір плазмидада орналасқан [14].
Көптеген ішек-қарын аурулары патологиясындағы эшерихиялардың рөлін зерттеумен айналысатын зерттеушілердің жұмыстарында анықталғандай (Ю.В.Езепчук, 1985; H.Marcus, 1985, В.В.Овод және А.У.Вершигора,1982; В.Г.Зароза, 1985, 1991), эшерихияның энтеротоксинді штаммдары ашы ішектің бүрлерінің эпителийіне жабысып оны отарлайды. Отарлау қоздырушы популяциясының тез көбеюімен жүреді, бұл қажетті энтеротоксиннің, жеткілікті мөлшерде өндіріліп, іш өтудің клиникалық белгісінің пайда болуына жауапты. Кілегейлі қабатты отарлаған кезде, энтеротоксигенді ішек таяқшалары эпителий ұлпасының өзіне енбейді. Энтеротоксигенді белсенділігінде айырмашылығы бар, екі топ штаммдарын салыстырғанда, диарея тудыратын штаммдар, бүрлердің бүкіл бетінде, төбеден бастап, шеткі қылшықтарға дейін орналасатыны анықталған.Олар крипталарда кездеспейді. Энтеротоксигенді емес штаммдар, әдетте ішектің арнасында, бүрлердің төбесіне жақындап қана орналасады [19].
C.C.Briton (1965) және J.P. Duguid (1968) айтқандай, адгезия инфекциялық порцесстің дамуындағы бастапқы және қажетті этап болып қарастырылады. Адгезиялық антигені бар, энтеротоксигенді Е. соli сирек жануарлардың эпителий ұлпасына өтеді, әдетте олар микробүрлердің төбесіне жабысады, кейде бүкіл бойымен бүрлердің негізіне дейін, сонымен қатар сыдырылған эпителий торшаларында орналасады (H.W. Moon et.el, 1983). Ішек-қарын жолдары бетіндегі аумақтарға бекінген микроорганизімдердің кейбір түрлері, егер ішек арнасындағы мазмұн және кілегейдің қозғалуы қарқыны жылдам болса, онда оған арнайы құрылымдар қажет, ондай құрылымдардың көмегімен олар гликокаликс компоненттері немесе эпителий торшаларының мембранасымен байланысады. Мұндай микроорганизімдер үшін бекіну- көбею және популяция санының ұлғайту үшін қажет жағдай болып табылады (H.W. Moon et.el, 1977) [37].
Brinton C.C. мәліметті бойынша, эшерехия бактериясының энтеропатогенді штаммдарының зақымдағыш әсерінің механизмі, оның ішектің эпителий қабатында колониялар түзіп,бірақ торша ішіне енбеуі болып табылады. Ішектің мукозды торшалары мен эриттроциттерде бактерия торшаларының адгезивті қасиеттерін анықтай отырып, адгезивті антигендер ауруға шалдыққан адам мен жануарлардың ашы ішегіндегі эшерихиялардың профлерациясына көмектеседі. Авторлардың болжамы бойынша, адгезивті антигендер, соматикалық торшалардың арнайы рецепторларымен байланысуы мүмкін. К88 антигені үшін рецептор гликолипид, ал К99 және CFA1 антигендері үшін-гликолипидтер және гликопротеиндер болып табылады [38].

1.2 Қой эшерихиозының вакцинопрофилактикасы
Жануарлар эшерихиозының алдын алу және онымен күресуде, маңызды орында арнайы вакцинопрофилактика алады. Әдебиеттердегі мәліметтерде, эшерихиялық инфекциялардың алдын алу сұрағында, жаңа туған қозылардың эшерихиозының алдын алу мақсатында, буаз қойларды вакцинациялау мақсатын күәландырады.
Алғаш қозы эшерихиозына қарсы вакциналарды 1960 жылдары қолдана бастаған. Бұл вакциналар, жергілікті ішек таяқшаларының штаммдарынан даярланған, иннактивтелген бактериялық суспензия түрінде ұсынылған (W.Stellmacher, 1965; Я.Е.Коляков және т.б.,1970; М.А.Сидоров және Т.К.Курашвили,1981; С.Я.Любашенко авт.бірлесе., 1984) [39].
Кейінірек антигендік құрамы сипатталмаған вакциналардың, осы немесе басқа өңірде эшерихиоз қоздыруышысының ең жиі «Жергілікті» штаммдарының белгілі серотоптары және сероварлары болып табылады. Мұндай вакциналарға, қойылатын ең негізгі талаптардың бірі, ол осы аймақтағы айналымда жүрген, вакциналық және індеттік штаммдарының антигендік құрылымының сәйкестігі. Ол үшін эшерихиоздың антигендік құрылымын тұрақты бақылау қажет және алынған нәтижелерді ескере отырып, вакцинаның құрамына жаңа антигендерді енгізу керек (М.А.Сидоров және В.Н. Гущин, 1984; В.Г.Зароза, 1985, 1991; Ю.Ф. Малахов авт.бірлесе ., 1993) [40].
Қойдың төлдеуіне төрт және екі апта қалғанда, әр түрлі әдістермен(тері астына, желін ішіне, пероральды), 078, 086, 0117 серотипті Е. соli культураларынан тұратын вакцинамен иммунизация жасаған. Ол вакцинаны мал ауласындағы белгілі, жергілікті ішек таяқшаларының штаммдарынан жасаған, одан ол арнайы «қоралық вакцина» алған. Тері асты арқылы вакцинацияланған қойларда, төлдеу күнінде, қан сарысуындағы О-аглютинин титрі 1:80-нен 1:640-қа дейін көтерілген. Уызда О-антиген титрі 1:640, ал ОК-антиденеде-1:1280 болған. Қойдың қан сарысуындағы антидененің ең жоғарғы титрі, оны желін ішілік Е. соli 078 вакцина жасау нәтижесінде алынған .
Егер вакцинацияға дейін О-антидененің қан сарысуындағы титрі 1:40 болса, ал ОК-антидененің титрі 1:80 болса, онда мал төлдейтін күні О-антидененің титрі 1:1280, ал ОК-антидененің титрі 1:2560 жеткен. Уыздағы арнайы аглютининдердің титрі О- және ОК антигендері бойынша 1:1280 тең [20].
С.Я.Любашенко, А.Г. Малявин және т.б. (1964) эшерихиоз және сальмонеллезден сау емес шаруашылықтарда бірнеше поливалентті вакцинанның нұсқасын сынап көрген: оларға формол-тиомерсендік, спирттік, формалиндік, фенол-греттік және сулемалық түрлер жатады. Авторлар вакцина дайындау үшін Е. соli, Saimonella dublin, S.cholera-suis, S.typhimurium культураларын қолданған [12]
Қойларды буаздықтың соңғы кезеңінде иммундеген. Вакцинацияланған қойлардың қозылары эшерихиоз және сальмонеллезге шалдықпайды.
Бельгиялық ғалымдар F.Schoenaers, A.Kaeckenbeeck (1963, Я.Е.Коляков және т.б. цит. бойынша., 1970) буаз қойларды иммундеу үшін, вакцинаның үш түрін пайдаланған: оларға моновалентті формолвакцина, Фреунд белсендіргіші бар моновалентті және поливалентті формолвакциналар. Авторлар моновалентті формолвакцинаны 24 сағаттық Е.соli (1млрд.м.к. 1мл мөлшерінде) культурасының 0,5% формалин қосылған шайындысынан дайындаған. Тәжірибелік қойларды мойын аумағының тері астына, 11-16 күн интервалмен, көбеймелі мөлшерде (2,5, 10, 20 және 20мл) буаздықтың соңғы айларында вакцинациялаған. Авторлар Фреунд белсендіргіші бар поливалентті вакцинаны 48 сағаттық агар культурасындағы Е.соli 4 серотипі шайындысынан, әр ішек таяқшасы серотипінің шайындысына 2,5% формалин қоса отырып даярлаған. Иммундеудің нәтижесінде, қойлардың қан сарысуында арнайы агглютининдердің титрі 1:160-1:640 жеткен, ал уызда -1:1200-1:12800 жеткен. Авторлар өздерінің зертеулерінің негізінде, қойлардың буаздығының бастапқы кезеңінде вакцинациялағанда антиденнің көп мөлшерде пайда болмауы, сол себепті қойларды буаздықтың соңғы кезеңінде иммундеу керек деген қорытынды жасаған. Авторлардың тәжірибиеде алынған оң нәтижелерінің арқасында, көптеген Бельгия шаруашылықтарында вакцинаны кең өндірістік сынақ жасауға мүмкіндік берді [21].
P.A.Bachmann (1980, 1983), W.Kunz (1982), S.D.Acres et al (1982), В.Г.Зароза (1985), B.Nagy et al (1990), R.E.Jsaacson (1983) зерттеушілері, E.coli штаммдарының әртүрлі О-антигендерін іріктеуге негізделген, ауыл шаруашылығы малдарының төлдерінің эшерихиозына қарсы вакциналарды жеткілікті тиімді емес екендігін анықтаған. Жоғарыда аталған авторлар E.coli уыттылық факторларына негізделген, вакцинанның әртүрлі түрлерін өңдеп, ұсынған [41, 33, 3].
Эшерихиоз патогенезінде адгезивті антигендер және энтеротоксиндердің рөлі анықталғаннан кейін, вакцинанның құрамына осы антигендер мен токсин өндіретін штаммдарды енгізе бастаған. Көптеген ғалымдардың мәліметтері бойынша ( P.A.Bachmann, 1980,1983; Н.А.Соколова және т.б., 1993; Ю.А.Малахов және т.б., 1993; К.К.Муканов және т.б., 1995; Э.А.Светоч және В.В.Гусев,1995 ) адгезивті антигендер жоғары иммуногенділікке ие және адгезивті антиген мен анатоксин негізіндегі вакциналар, әртүрлі аймақта және әртүрлі мал түріне әмбебап қолданылады [15, 6, 39].
В.Т.Петровская, В.М.Бондаренко (1990); В.В.Филлипов (1993); В.И. Моргунова және Н.М. Алтухов (1995) антигеннің жоғары өзгешелігі және адгезивті антигендердің жоғары иммуногендігін көрсеткен. Сондықтан да мұндай қасиеттер жануарлар эшерихиозына қарсы өте тиімді вакцина дайындауға мінсіз негіз болып табылады (В.М.Бондаренко, Ю.М.Романова,1988; Ю.А.Белая,1988; Э.А. Светоч және В.В.Гусев,1995; Н.В. Воложанцев, 1995) [42].
Коляков Я.Е. (1982) хабарламасы бойынша, эшеризиоздың энтеротоксиндік түріне қарсы ең тиімдісі, ол буаз қойларды К99 адгезивті антигендердің биопрепараттарымен вакцина жасау болып табылады. Автордың пікірі бойынша, К99 қарсы антиденелер, энтеротоксигенді штаммдардың, қозылардың ішегінің кілегейлі қабығына жабысуына кедергі жасап, соның....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Ветеринария дипломдық жұмыстар, Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі, дипломдык Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жум, Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін