Музыка және қиял

Бір құлағымда «музыканың» жан тербетерлік тәтті әуені. Ал, екінші құлағымда өмрідің ащы шындығын ұқытырып тұрған, өмір тіршілігінің сан –алуан сазды үні.Музыка бір қиялмен шексіз әлемге жетелейді... Бірі жарқын жақсы болашаққа,енді бірі адам жаны төзгісіз жалғыздыққа, жәнеде қатігез жауыздыққа.Сондықтан тыңдар әуеніңізге өте сақ болыңыз.Арман – мақсатқа жетелейтін әуен тыңдап,өз ойларыңызды бір арнаға тоғыстырып, шабыт ала біліңіз..
Құлағымызға құлаққап тағып, « музыканың» әуенімен терең ойға беріліп, бір сәтке өз өмрімізді ұмыта аламыз.Әр адамның өз қиялы және арманы бар. Әр адам, өз қиялында әр түрлі тұлғаның рөлін сомдайды.Бірі мүмкін әлем таныр әнші, бірі керемет биші,енді бірі ең үздік суретші. Ол - адамның өз арманымен қиялына байланысты.Өзіңіз ......
Шығармалар
Толық

Музыка | Бесік жыры

«Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасына
Пікір
Оқушының «Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда өмірде қолданыла бермейтін тың тақырыптардың бірі.
Ол бұл ғылыми жұмысында тәлім - тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне байланысты екендігін түсіндіре алған. Сәбиіне баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі, бесік жырының тәрбиелік мәнін және қазіргі таңдағы бесік жырын айта алмайтын аналар туралы айтылған. Бесік жырының басты қызметі мен тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен.
Жұмысында ауыл әжелерінің айтқан бесік жырлары енгізілген. Бір - біріне сазы да, сөздері де ұқсай бермейтін, бірінен - бірі асып түсетін осы бір «әлди әндерді» жазып алып, жинақ етіп шығару қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді – деп қорытындылаған. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Музыка | Домбыра

Домбыра туралы ұғым алу
Аталар мұрасы - халық қазынасын сақтау
Домбыра құрылымын білу
Домбыра тәрбиесінің маңызы
Ата - бабамыздан қалған дәстүрді жалғастыру
Домбыра аспабын бүкіл әлемге таныту

Жобаның өзектілігі:
Ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.

Жобаның болжамы:
*Қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақ жастарының ақыл - ойы, санасы өзгерер еді.

*Егер де әр қазақтың үйінде төрінде домбыра болса және оны балаға
жастайынан үйретсе, «Домбыра тартқан бала ешқашан жамандыққа бармайды»,
«Домбыра тартқан бала адаспайды» деп ертеде ата - бабамыз текке айтпаған......
Ғылыми жобалар
Толық

Музыка | Бастауыш сынып окушыларын аспаптық музыкаға қызықтыру

Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұған негіз ретінде Р.Жәрдемәлиеваның, М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың, Ш.Құлманованың бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік бағдарламасын атап өтуге болады. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсатында пайдалану жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен ғалымдарымыз- С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева және т.б.
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген қайраткерлері - Н.К.Крупская, В.Сухамлинский, К.Д.Ушинский ж.б. аса мән берген. Осы аспаптық музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен академик А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Музыка | Сыныптан тыс музыкалық білім беру

Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жџгі мол. Әрине, бұл жолда оқу–тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа оқу тәрбие бағдарламалары, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дџниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мџғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізга аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сџйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс тџсініп, қабылдауға жәрдемдеседі. Музыкалық білім беру мәселесінің танымдық тџрі – сыныптан тыс тәрбие жұмыстары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Музыка | Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік – педагогикалық
мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім - тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Музыка | Оқушылардың ой өрісінің дамуына музыканың ықпалы

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру керек екендігі атап көрсетілген.
Жаңа ғасырда жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі, білім беру саласындағы жаңа талаптар айтарлықтай өзгерістер жасау тенденциясының үдеуіне қажеттілік туғызып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға себептігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін әдістері мен нысандарын іздестіру, сайып келгенде ақыл – ой әрекетін қалыптастыруға өзекті сипат береді.
Былғы оқу жылындағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақставн Республикасының президенті – ұлт басшысы Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында (30.01.2012ж) білім беру жүйесі туралы былай деген еді:
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс – шараларды іске асырудың маңызы зор. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Музыка | Музыка тыңдаудың маңызы мен мақсаты

Қазақстан Ресаубликасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өрке-ниетке кіргізуі заңды құбылыс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндама-сында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдение-тімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қо-ғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрын-ғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан Республикасын-да гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжат-тарда айырықша көңіл бөлінген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Музыка | Музыка сабағының тәрбиелік мәні

Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кіруге заңды құбылыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестиің мәжілісінде жасаған баяндамасында (2003) «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту иісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды ттүгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету-«Мәдени мұра» бағдарламасы ның басты мақсаты болуы тиіс»-деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі таңда өнер пәндерін оқытудың білімдік, өнерге деген тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Олар «Білім туралы заң», «Қазақстан Республикасында білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан ....
Дипломдық жұмыстар
Толық