Курстық жұмыс: Экономика | Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы

Курстық жұмыс: Экономика | Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы

КІРІСПЕ
Берілген курстық жұмыстың тақырыбы болып, «Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы» таңдалды. Жоғары технологиялар мен төңкерістік зерттеулер дәуірінде халықаралық экономикалық қатынастардың бұл саласы өзекті болып табылады. Қызметтің бұл түрі бұрын мемлекетіміздің немқұрайлы көзқарасында болғандықтан, Қазақстанда лицензиялар мен ноу-хаудың шетел елдермен саудасының тиімді құрылған жүйесі жоқ. Соған қарамастан, Қазақстанның лицензиялардың халықаралық экспорты мен импорты бойынша дамыған елдер деңгейіне көтерілу мүмкіндігі бар, өйткені бүгінгі күні мемлекет экономикасының өркенді дамуы үшін бұл өте қажет.
Қазіргі кезде лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасына әлемнің барлық дерлік елдері қатысады. Қатысу белсенділігінің деңгейі, ең алдымен, экономика дамуы мен ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері арқылы анықталады. Сондықтан, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік саудасының 90%-ы өнеркәсіпиік дамыған Батыс елдеріне келеді. Бүгінгі күні өндірістің ғылыми сыйымды салаларында, өнімдері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті барлық белгілі өндірушілер шетелдің жетістіктерін пайдаланады немесе өз жаңалықтарын нарықта лицензиялар ретінде ұсынады. Сондықтан, отандық техника мен ғылым саласының дағдарысы жағдайында елімізде лицензиялық қызметті белсендіру үшін тұрақты база және қуатты негіз құрылуы тиіс.
Осының бәрі есепке алынып, курстық жұмыстың келесі мақсаты анықталды: лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасын қоғамдағы экономикалық қатынастардың саласы ретінде қарастыру.....
Читать в полной версии ➜