Экономика | Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы

 Экономика | Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы

Мазмұны
Кіріспе
1 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының пайда болуы
1.1 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының эволюциясы
1.2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығы
2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспектикалары
2.1 ХХ ғасырдың екінші жартысында лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының өсу динамикасы
2.2 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының жағрафиясы
3 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының операцияларын мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Берілген курстық жұмыстың тақырыбы болып, «Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы» таңдалды. Жоғары технологиялар мен төңкерістік зерттеулер дәуірінде халықаралық экономикалық қатынастардың бұл саласы өзекті болып табылады. Қызметтің бұл түрі бұрын мемлекетіміздің немқұрайлы көзқарасында болғандықтан, Қазақстанда лицензиялар мен ноу-хаудың шетел елдермен саудасының тиімді құрылған жүйесі жоқ. Соған қарамастан, Қазақстанның лицензиялардың халықаралық экспорты мен импорты бойынша дамыған елдер деңгейіне көтерілу мүмкіндігі бар, өйткені бүгінгі күні мемлекет экономикасының өркенді дамуы үшін бұл өте қажет.
Қазіргі кезде лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасына әлемнің барлық дерлік елдері қатысады. Қатысу белсенділігінің деңгейі, ең алдымен, экономика дамуы мен ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері арқылы анықталады. Сондықтан, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік саудасының 90%-ы өнеркәсіпиік дамыған Батыс елдеріне келеді. Бүгінгі күні өндірістің ғылыми сыйымды салаларында, өнімдері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті барлық белгілі өндірушілер шетелдің жетістіктерін пайдаланады немесе өз жаңалықтарын нарықта лицензиялар ретінде ұсынады. Сондықтан, отандық техника мен ғылым саласының дағдарысы жағдайында елімізде лицензиялық қызметті белсендіру үшін тұрақты база және қуатты негіз құрылуы тиіс.
Осының бәрі есепке алынып, курстық жұмыстың келесі мақсаты анықталды: лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасын қоғамдағы экономикалық қатынастардың саласы ретінде қарастыру.
Аталған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер пайда болды:
- бұл сауда саласының пайда болу тарихы мен эволюциясын зерттеу;
- соңғы онжылдық ішінде лицензия мен ноу-хаудың даму динамикасын бағалау;
- берілген саланың қазіргі жағдайын зерттеп, мүмкіншіліктерін анықтау.
1 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының пайда болуы
1.1 Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының эволюциясы
Табиғат заңдылықтарын тану, технологиялар жасау, техникалық білім, тжірибе мен еңбек дағдыларын жинау үрдісінің тамыры адамның саналы қызметінің терең тарихында жатыр. Оның дамуының барлық кезеңдерінде адамның ойлап табу, жасап шығару қызметі техникалық прогресс пен қоғамның өндіргіш күштері дамуының міндетті шарты болып табылады. Бірақ түрлі экономикалық формациялар үшін ғылыми жаңалықтарды, тәжірибені, адам білімін пайдаланудың өзіндік шарттары мен әдістері болады.
Капиталистік кезеңге дейінгі уақытта технологияларды жасау мен тарату үрдісі баяу жүрді. Әрине, бұл кезеңде де дәстүрлі құралдарды ауыстырып, еңбек тәсілдерін жаңартуы үшін өндірушілерді қосымша өнім беру арқылы ынталандырды. Бірақ, қоғамның еңбек бөлінісінің әлсіз дамуы, ойлап шығару деңгейінің төмендігі және пайдаланудың шектеулілігі есебінен жаңалықтар ел экономикасында маңызды орын ала алмады.
Өндірістің капиталистік тәсіліне өткеннен кейін ғылыми-техникалық жетістіктердің қоғам дамуында ролі түпкілікті өзгеріп, нарықтарда шиеленіскен бәсекелестік күресте олар шешуші роль атқара бастады. Құндылықтар теориясы бойынша, өзінің жеке құны нарықтағыдан төмен тауарлар қосымша құн немесе қосымша пайда құра алады, ал жеке құны нарықтағыдан жоғары тауарлар оларда болатын қосымша құн ала алмайды. Нарықты экономикаға көшкен елдердің кәсіпорындарында ойлап шығару қызметінің негізгі ынтасы болып, қосымша пайданы алу табылды. Олар үшін жаңалықтар, жетістіктер, техникалық білім мен тәжірибелер, ең алдымен, қосымша пайданың тасушысына айналды және бұл жергілікті және халықаралық нарықтарда тауар өндірушілердің ерекше орнын айқындады.
Өндірістік дағдарысқа дейінгі кезеңде кәсіпкерлер үшін жасап шығарғандарын өз кәсіпорындарда пайдаланып, нарықта оның көмегімен шығарылған өнімдерді сату тиімдірек болып табылды. Бірақ, XVIII-XIX ғасырлар шекарасында жаңа жетістіктер иелері қалыптасқан қаржылық, өндірістік және нарықтық жағдайларға байланысты өз жаңалықтарын кәсіпкерлерге лицензия келісімдері негізінде сатуды қалады.
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының бұл кезеңі эволюциялық болып саналады, өйткені бұл уақыт аралығында ол жеке лицензиялық келісімдерден валюталық ағымының көлемі жылына 400млн.долларға дейін жететін сауда шарттарына жетті.
Қазіргі патенттік жүйенің құрылуынсыз лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының тұрақтылуы мүмкін болмау еді. Жаңалықтар немесе жетістіктердің ерекше қасиеті – қосымша пайда әкелуі, бірақ бұған лицензия сатушы немесе сатып алушылары сол меншікке монопольді құқыққа ие болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, жаңалық иесінің өз интеллектуалды меншігін нарыққа тауар ретінде шығарудың бір міндетті шарты бар: бұл меншікке монополистік күшін қорғауын қамтамасыз ететін кепілдіктердің жеткілікті болуы. Мұндай қорғаудың құқықтық құралы – жаңалықтарды патенттеу, оның дамуы ХІХ ғасырда патенттік жүйенің құрылуына әкеліп соқты.
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының қуатты түрткі күші – ХХ ғасырдың екінші жартысында болған ғылыми-техникалық төңкеріс. Ғылыми-техникалық төңкеріс және лицензия мен ноу-хаудың халықаралық қозғалысының арасындағы байланыс мына факт арқылы дәлелденеді: лицензия мен ноу-хаудың сауда дамуының жедел қарқыны мен жоғары көлемдері ірі ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері және терең ғылыми сыйымды өндірістері бар мемлекеттерге (АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония т.б.) тән.
Соғыстан кейінгі кезеңде патенттер мен лицензиялардың саудасы үшін материалдық базаның құрылуымен қатар, әлемдік экономикада сатушылар үшін да, сатып алушылар үшін да оларды пайдаланудың тиімді жағдайлары қалыптасты. Лицензия сатушылар қызметін тудырған себептер: шетелдік нарықтарда өз позицияларын нығайту және қосымша пацда алуға ұмтылу; ал лицензия сатып алушылары үшін басқа елдердің ғылыми-техникалық жетістіктерін алу және ол арқылы өндірісте уақыт пен құралдарды үнемдеу.
Лицензия мен ноу-хау саудасының жедел дамуына келесі үрдістер маңызды әсер етті: ғылым, техника мен өндіріс саласында мамандану және кооперативтендіру; әлемдік экономикада интеграциялық үрдістердің тереңдеуі мен құрылымдық қайта құрулар; трансұлттық корпорациялардың фирманың ішкі каналдары бойынша технологиялық айырбастың дамуы.
1990 жылға қарай лицензия мен ноу-хау саудасынан түсетін халықаралық валюта ағымының көлемі 50-ші жылдармен салыстырғанда 60 есе өсіп, жылына 30млрд.долл. сомасын құрады.
1.2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығы
ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан лицензиялардың әлемдік нарығы масштабы бойынша да, қазіргі қоғамның шаруашылық байланысындағы өзінің ролі бойынша да дәстүрлі тауар нарықтарына ұқсас. Өз спецификасына қарамастан, лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығы тауар нарығына тән барлық критерияларға жауап береді.
Нарықтың негізгі шарты – оның тауарларының біркелкілігі болып табылады. Бұл технологияларға тән емес, өйткені олар өз қасиеттеріне, мінездемелер айырмашылықтарына, іске асыру принциптері мен қолдану салаларына байланысты әртүрлі және өте ерекше болып келеді. Алайда, өзінің сыртқы айырмашылықтарына қарамастан, ғылыми жетістіктер тауарлары тұтынушылық құнының ортақ қасиеттерін иемдейді: жаңашылдық, ойлап шығару деңгейі, өнеркәсіпте қолданыла алуы. Бұл қасиеттер оларға техникалық еңбек үрдісін өзгертуге, гылыми-техникалық прогресстің тасушысы болуғажәне иелерін қосымша пайдамен қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.
Лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық нарығы тауарлы нарығының басқа қасиеттеріне иемдей алады: салалық пен жағрафиялық құрылым, ұлттық нарықтарды, ацналым сферасында сатушылар мен саиып алушылар қарым-қатынастарды анықтайтын өзіндік ережелер мен дәстүрлер. Сондай-ақ, лицензиялар мен ноу-хау нарығында өзіндік жарнама жасау ұйымдары мен формалары, баға есептеу әдістері, құқықтық нормалары мен лицензиялардың базистік түрлері бар. Ал даму қарқынына тоқталатын болсақ, қазіргі кезде патенттелген технологиялардың саудасы дәстүрлі тауарлар саудасының даму қарқынынан, орта есеппен алғанда, 3-4 есе артық болады.
Лицензиялар нарығының тауарлы массасы – бұл жаңа технологиялардың жеке иесінде ірі және шағын фирмалармен, мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар бойынша таратылған өнепкәсіптік меншік объектілерінің саны. Есептеуіш техника негізінде жасалған қазіргі халықаралық ақпараттық жүйелер әлемдегі бар ғылыми-техникалық жетістіктердің ұсынысы мен оларға түсетін сұранысы туралы кең көлемді ақпаратты бір орталықта өңдеуге мүмкіншілік береді. Лицензия мен ноу-хаудың қызмет көрсету саласында делдал ұйымдардың, агенттік фирмалар мен брокерлердің көп қырлы жүйесі пайда болды. Лицензиялық сауда бойынша статистикалық мәліметтер жеке мемлекеттер шекарасында және әлемдік масштабта лицензия мен ноу-хау нарығының сыйымдылығын бағалауға және дамуының заңдылықтар мен тенденцияларын анықтауға мүмкіншілік береді.
Лицензиялық айырбастың заңдылықтары мен қозғаушы күштеріне жүргізілген талдау көрсеткендей, халықаралық лицензиялар нарығында нарықтық механизм қалыптасып, жүзеге асырылады, ал оның негізгі элементтері – сұраныс, ұсыныс және баға болып табылады.
Лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы сұраныс – бұл жеке лицензиялар мен ноу-хауға сұраныстың сомаланған мөлшері. Ол бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерге және лицензиялар сатып алушылардың оның пайдалануынан тапқысы келетін пайданың қажеттілік деңгейі арқылы анықталады.
Лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы ұсыныс – бұл нарыққа келіп түсетін ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңалықтардың жиынтығы. Ол өндірістің белгілі бір саласында техникалық прогресстің динамикасын сипаттайды.
Белгілі бір технологияға сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы лицензиялар мен ноу-хауға орналасатын баға деңгейіне елеулі әсер етеді. Баға, оның жасауына жіберілген шығындары арқылы емес, ұқсас технологиялар ұсынатын бәсекелестердің көлемдері арқылы анықталады.
Лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік нарығының құрылымына жеке мемлекеттердің ұлттық нарықтары кіреді, мұнда жаңалық иелері мен қызығушылығы бар кәсіпкерлері арасында ішкі лицензиялық операциялар жүзеге асырылады. Ұлттық нарықтар лицензиялардың халықаралық нарығымен үнемі байланыста болып, өтетін үрдістердің сипаттамасын көрсетіп отырады.
Дәстүрлі тауарлы нарық анықтамасына сәйкес, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік нарығы – бұл өндіріс саласында құралдар мен еңбек үрдістерін өзгертудің ортақ қасиеттері және айналым саласында қозғалысының ортақ лицензиялық формасы бар ғылыми-техникалық жетістіктердің сатушылары мен сатып алушылары арасында халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.
2 Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары
2.1 ХХ ғасырдың екінші жартысында лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының өсу динамикасы
1950-60 жылдарында лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық нарығының мәселесі құқықтық және экономикалық әдебиеттерде жазылған пікір-таластар шеңберінен шыққан жоқ. Лицензиялар саудасының кіші көлемдері, жалпы орталықтың болмауы, лицензияларға сұраныс пен ұсыныстың төмендігі нарықтың құрылуына кедергі жасады.
Бірте-бірте ғылыми-техникалық төңкеріс әлемдік экономикада болған интеграциялық үрдістер мен құрылымдық жылжулар әсерінен лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық айырбасы дамуының ұзақ кезеңі төңкерістік кезеңге ауысты.
Осы процесстер арқылы лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы жаңа бағыт алды: онда болып жатқан үрдістер мен оның мүмкіншіліктерін әлемнің барлық елдеріндегі экономикалық дамуында пайдалануды талдау өзекті мәселеге айнала бастады. Түрлі елдердің лицензиялық қызметтері туралы деректерді халықаралық және ұлттық басылымдарда жариялау мен информатиканың жетістіктерін пайдалану көмегімен әлемдік және ұлттық нарығының көлемдерін, олардың географиялық және салалық құрылымын бағалау, жағдайын, динамикасын, дамуын, сұраныс пен ұсыныс мөлшерін талдау, маркетингілік және коньюнктуралық зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін заңдық актілер мен мемлекеттік лицензиялық саясатты жасаудан лицензиялар нарығында жеке коммерциялық операцияларды жүргізуге дейін кең диапозонында пайдалану мүмкіншілігі пайда болды.
Ғылыми-техникалық төңкеріс пен өндірістік күштердің дамуыхалықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне әкеліп жатыр. Мұндай жағдайда, елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар ғылыми-техникалық және технологиялық айырбастың жедел кеңеюімен сипатталады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі