Егер етеккір келген кезде сіз жыныстық қатынастан бас тартсаңыз, сіз дәл солай істейтін 60% әйелдердің қатарындасыз. Қалған әйелдер үшін "қызыл" күндер жыныстық қатынасқа түсуге кедергі емес. Себебі...
Ертеде Күнше дейтін бір жесір әйел болыпты. Ол күндердің бір күні өзінің құрым лашығынан жалғыз баласын ұрлатып алып, зар илепті. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын көрген ел-жұрты қатты налыпты. «Бейшараға қалай жәрдемдесеміз?» – деп өзара кеңеседі. Арада төрт жыл өтеді. Қанша іздегенмен бала табылмады. «Толыбай деген сыншы бар, соған барып арыз айт», – деп, ауыл адамдары Күншеге ақыл айтты.......
Суға құлаған кекілікті ұстап алған Ораз оның ұйпалақтанған мамығын сипап біраз тұрды. Қорғасын бытыраның екі-үшеуі оң қанаттың түбін ала топшыдан тиіпті. Ала қанат жануар ешбір жазығы жоқ, енді міне, адам тамағынан өткелі тұр. Семіз екен, бөтекесі томпайып, жансыз денесі былқ-сылқ етеді. Жаңағы екеуі де қоразы еді, мынау да солай. Нысанадан шыққан екен. Ораз: «Апыр-ау, атарын атып алып, енді мұным не?»— деп ойлады да, алғашқы екі кекіліктің жанына байлай берді де, жалма-жан оларды да шешіп жерге тастай салды. «Сенің жазығың жоқ, біздің азығымыз жоқ», демеуші ме еді, мал сойғанда қазақтар. Иә, солай!
Ол кекілікті ұстаймын деп тізесінен су болды. Отыра қалып етігін шешіп, ішіндегі суын текті. Шұлғауын сықты. Сонан соң аз да болса дегдісін деп көген бойындай жерде тырбиып аласа өскен тобылғының үстіне екі шұлғауын да жайып қойды. Балтырын түріп суға барып аяғын жуды. Су сүйектеніп қалыпты. Қоңыр күз түгіл жазда да шекеңнен шығатын тастай су етін қарып кетті. Ауа сирек болғаннан ба екен, тауда күн тым өткір болатыны несі екен. Ол күнге қарады. Сәске түс болыпты. Қайтса да жарар. Жайулап ауылға жеткенше де түс болады. Он бесінші жылдың күзі де келді. Қарды қара, Айғайдың басын шалып қалыпты. Ол әлде не ойына түскендей қалтасын сипалады. Одан газет алып, бір қой тасқа отырып оған үңіліп қалды. .....
Төменгі Сарытауқұмды мекен етіп келген Балташтың кәсібі — киіз үйдің үй ағашын жону еді. Оның колхозға барғысы келмей, кежегесі кейін тартты да тұрды. Тіпті жанында туған-туысқандарынан да ешкім қалмай, тегіс колхозға көшіп кетсе де, оның барғысы келмеді. Осылай жалғыз үй жүріп-ақ күнелтемін ғой деп топшылады ол. Бірақ Балташ пен оның зайыбы Ұмтылғанның ойы бір жерден шықпады.
Таңертең Балташ белін буынып, жеңін сыбанып асыға басып тағы да ешкіталдан үйағаш кесуге тоғайға кетіп қалды. Үйде жалғыз қалған Ұмтылған бірер сағат үй ішіндегі күйбең-күйбең жұмысты аяқтаған соң, іші пысып отыра алмады. Ара-тұра әңгімелесіп, сыр шертісетін абысын-ажынның бәрі колхозға кетті. Істеуге жұмысы жоқ, сап-сау адамға күннің батуы қандай қиын болады десеңізші. .....